26.08.2021, 17:33 6979

ҚР эпидемиологиялық жағдай: COVID-19 оқиғаларының ең көп саны Алматы мен Қарағанды облысында тіркелген

НҰР-СҰЛТАН. 26 ТАМЫЗ - 2021 жылғы 25 тамызға 23:59-дағы эпидемиологиялық жағдай бойынша Қазақстанда коронавирустық инфекцияның 761 249 жағдайы расталды, деп хабарлайды KAZAKHSTAN TODAY. 
 
Қазақстанда өткен тәулікте 6 358 адамда коронавирус індеті ПТР арқылы расталып ауырғаны белгілі болды. Аймақтар бойынша: 
 
Нұр-Cұлтан қаласында – 601; 
 
Алматы қаласында – 1 605; 
 
Шымкент қаласында – 260; 
 
Ақмола облысында – 263; 
 
Ақтөбе облысында – 420; 
 
Алматы облысында – 376; 
 
Атырау облысында – 316; 
 
ШҚО-да – 211; 
 
Жамбыл облысында – 193; 
 
БҚО-да – 161; 
 
Қарағанды облысында – 821; 
 
Қостанай облысында – 265; 
 
Қызылорда облысында – 151; 
 
Маңғыстау облысында – 190; 
 
Павлодар облысында – 338; 
 
СҚО-да – 110; 
 
Түркістан облысында – 77.
 
Қазақстанда бір тәулік ішінде 9 748 адам коронавирустық инфекциядан сауығып кетті. Жалпы, елде CОVID-19-дан 641 249 адам жазылып кетті, деп хабарлайды CОVID-19 таратпау жөніндегі ВАК. 
 
26 тамызға КВИ-ден 117 566 адам (111 242 КВИ+ және 6 324 КВИ -) ем алуды жалғастыруда, оның ішінде: 
 
- стационарларда 27 244 пациент бар; 
 
- амбулаториялық деңгейде - 90 322 пациент. 
 
КВИ+ және КВИ- науқастарының ішінде: 
 
- ауыр халде – 1 857 пациент, 
 
- аса ауыр халде – 516 пациент, 
 
- ӨЖЖ аппаратында – 208 пациент бар. 
 
Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, Қазақстанда 2020 жылдың 13 наурызынан 2021 жылдың 25 тамызына дейін коронавирустық инфекцияға оң ПТР-тесті бар коронавирустан 8 758 өлім жағдайы тіркелген. 24 тамыз күні КВИ-ден 115 адам қайтыс болды. 
 
24 тамыз күні коронавирустық инфекция белгілері бар пневмонияның 377 жағдайы тіркелді, 26 адам қайтыс болды және 144 адам сауығып кетті. 2020 жылғы 13 наурыздан бастап барлығы тіркелді: ауру – 68 675, өлім – 4 315, сауыққандар – 58 036. 
 
Қазақстанда 2021 жылғы 25 тамызға I компонентпен 6 466 823 адам вакцинацияланды, II компонентпен 5 152 752 адам вакцинацияланды. 
 
Қазақстан өңірлерінің эпидемиологиялық жағдайын бағалау матрицасына сәйкес "қызыл" аймақта: Нұр-Сұлтан қ., Алматы қ., Шымкент қ., Алматы, Ақмола, Ақтөбе, Атырау, Шығыс Қазақстан, Жамбыл, Батыс Қазақстан, Қарағанды, Қостанай, Қызылорда, Маңғыстау, Павлодар және Солтүстік Қазақстан облыстары орналасқан. 
 
"Жасыл" аймақта: Түркістан облысы. 
 
Бұрын хабарланғандай, ВАК карантинді жеңілдету туралы шешім қабылдады. 2021 жылғы 28 тамыздан бастап: "Ashyq" жобасына қатысатын барлық бизнес объектілеріне демалыс күндері сағат 24:00-ге дейін, "Ashyq" жобасының көшбасшыларына – "Ashyq" қосымшасы арқылы расталған қызметкерлер мен келушілердің "жасыл мәртебесі" (вакцина алғандар немесе 7 күннен кем емес теріс нәтижесі бар ПТР тестінің болуы) болған жағдайда сағат 02:00-ге дейін жұмыс істеуіне рұқсат; сенбі күні – қоғамдық көлік қызметіне рұқсат беріледі. Осы жылғы 30 тамыздан бастап жұмыс күндері: "Ashyq" жобасына қатысатын барлық бизнес объектілерінің жұмыс уақыты 22:00-ден 24:00-ге дейін, "Ashyq" жобасы көшбасшыларының жұмыс уақыты 24:00-ден 02:00-ге дейін ұзартылды. Бұл ретте эпидемиологиялық жағдайды ескере отырып, Алматы қаласында карантиндік шаралардың жеңілдетілуін демалыс күндеріне биылғы 4 қыркүйектен бастап, ал жұмыс күндеріне биылғы 6 қыркүйектен бастап енгізу жоспарлануда. 
 
 Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны