28.06.2024, 16:40 42901

Уақыт белдеуіне қатысты жұмыс тобының екінші отырысы петиция авторының өтініші бойынша кейінге қалдырылды

Келесі отырыстың күні кейінірек хабарланады
2024 жылғы 28 маусымға жоспарланған уақыт белдеуіне қатысты петицияны қарау жөніндегі жұмыс тобының екінші отырысы автордың өтініші бойынша кейінге қалдырылды, деп хабарлайды ҚР Сауда және интеграция министрлігінің баспасөз қызметінен.

Келесі отырыстың өтетін күні мен уақыты туралы хабарлама петиция авторына осы жылғы 25 маусымда, белгіленген күннен үш жұмыс күні бұрын электрондық пошта арқылы және WhatsApp мессенджері арқылы жіберілді. 26 маусымда өтініш иелері жұмыс тобының отырысын кейінге қалдыру туралы хат жіберді. Осыған байланысты 28 маусымға жоспарланған отырыс кейінге қалдырылды. Келесі отырыстың күні кейінірек хабарланады.

Жұмыс тобының бірінші отырысы 21 маусымда өтті, онда петицияның бастамашы топ өкілдерінің пікірлері тыңдалды. Бірінші отырыстың толық бейнежазбасы Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігінің YouTube арнасында қолжетімді. Барлық кейінгі отырыстардың бейнежазбалары да осы арнада жарияланатын болады.
 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны