18.08.2021, 17:34 5951

"Қызыл" аймақта орналасқан өңірлерде демалыс күндері локдаун сақталады

НҰР-СҰЛТАН. 18 ТАМЫЗ - "Қою қызыл" және "қызыл" аймақта орналасқан өңірлерде демалыс күндеріне енгізілген локдаун сақталады, деп хабарлайды KAZAKHSTAN TODAY ҚР Премьер-Министрінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
 

Барлық өңірлер мен мемлекеттік органдарға - вакцинациялау қажеттілігі туралы ақпараттық жұмысты кеңейту. "Қызыл" аймақта орналасқан өңірлерде демалыс күндеріне енгізілген локдаун сақталады", - деп хабарлады ҚР Премьер-министрі Асқар Мамин Үкімет отырысы барысында.

 
Премьер-Министр жалпы эпидемиологиялық жағдай тұрақтанғанын атап өтті. Вирустың репродуктивтік индексі 0,97 құрайды, инфекциялық төсек орындар 53%, реанимациялық төсектер 47% толы. Бүгінгі таңда 6,1 млн-нан астам адам вакцинаның бірінші компонентін, 4,8 млн-нан астам адам екінші компонентін алды.
 

Жаңа оқу жылына дайындық аясында 25 тамызға дейін мұғалімдерді вакциналауды аяқтап, оқу орындарының дайындығына бақылауды күшейту қажет", - деп тапсырды Премьер-Министр.

 
ҚР Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой хабарлағандай, Қазақстанда апталық өсім 2%-ға төмендеді. 18 тамыздағы мәлімет бойынша, республикада COVID-19-ның оң нәтижесі бар 708 379 науқас және КВИ- нәтижесі бар 66 381 науқас тіркелді. Түркістан облысынан басқа барлық аймақтар қызыл аймақта. 
 
 Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

Тегтер:Локдаун

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны