10.02.2025, 09:20 3936

Қазақстан құрамасы фристайл-акробатикадан Азия ойындарында күміс жүлдеге қол жеткізді

Қазақстан құрамасы фристайл-акробатикадан Азия ойындарында күміс жүлдеге қол жеткізді
Қазақстан құрамасы фристайл-акробатикадан Қытайдың Харбин қаласында өтіп жатқан 2025 жылғы Азия ойындарында күміс жүлдеге қол жеткізді, деп хабарлайды ҰОК баспасөз қызметінен.

Біздің спортшылар аралас командалар арасындағы сайыста екінші орынға ие болды. Бұл бағдарламада ел намысын Аяна Жолдас, Шерзод Хаширбаев және Асан Асылхан қорғады.

Қорытынды есепте қазақстандық спортшылар 235,39 ұпай жинап, осы көрсеткіш оларға күміс медаль алып келді. Бірінші орынды Қытай иеленсе, Жапония үшінші орынға тұрақтады.

Айта кетейік, бұған дейін Аяна Жолдас жеке жарыста үшінші орын алған болатын.
 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны