17.03.2023, 08:20 32961

Қазақстандық теннисші Рыбакина Индиан-Уэллстегі "Мастерс" жартылай финалына шықты

Елена Рыбакина финалға шығу үшін әлемнің 1-ракеткасы, Польша өкілі Ига Швентекпен кездеседі
Қазақстандық теннисші Рыбакина Индиан-Уэллстегі "Мастерс" жартылай финалына шықты
Сурет: ktf.kz
Астана. 17 наурыз. KAZAKHSTAN TODAY - Қазақстанның бірінші, әлемнің 10-ракеткасы Елена Рыбакина АҚШ-та өтіп жатқан Индиан-Уэллс WTA 1000 турнирінің жартылай финалына шықты, деп хабарлады Қазақстан теннис федерациясының баспасөз қызметі.

Қазақстандық теннисші ширек финалда әлемнің 76-ракеткасы, чехиялық Каролина Муховамен ойнады.

Қарсыластар осыған дейін 2019 жылы АҚШ ашық чемпионатында кездесіп, онда чехиялық спортшы 6:4, 6:4 есебімен басым түскен еді. Бұл жолы бірінші партияда Мухова брейк жасап, 4:2 есебімен алға кетті. Бірақ ол сетке доп бергенде, Елена таразы басын теңестірді - 5:5. Сосын тай-брейкте сәтті өнер көрсетті - 7:6 (7:4).

Екінші сетті Мухова брейкпен бастады - 2:0. Содан кейін тағы бір брейкпен бітірді - 6:2.

Үшінші, шешуші партияда Рыбакина брейкпен алға кетті - 3:1. Есеп 5:3 болған мезетте Елена екі матчболды пайдалана алмады. Дегенмен өзі доп бергенде, есесін жіберген жоқ - 6:4.

Елена Рыбакина финалға шығу үшін әлемнің 1-ракеткасы, Польша өкілі Ига Швентекпен кездеседі.

Еске сала кетейік, бұған дейін Елена Рыбакина Australian Open финалынан кейін WTA рейтингінде оныншы орын алғаны хабарланған болатын.
 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны