11.02.2025, 15:11 1801
Хоккейден Қазақстан ерлер құрамасы Азиаданың жартылай финалына шықты
Достарға айту
Хоккейден Қазақстан ерлер құрамасы Азиаданың жартылай финалына шықты, деп хабарлайды ҚР Туризм және спорт министрлігінің баспасөз қызметінен.
Бүгін Қытайдың Харбин қаласында өтіп жатқан IX қысқы Азия ойындарында хоккейден еліміздің ерлер құрамасы ширек финалда Гонконгтан басым түсті.
Олег Болякин шәкірттері қарсылас қақпасына жауапсыз 24 шайба тоғытты.
Есеп: 24-0. Бұл осы ойындардағы ең ірі есеп.
Енді жартылай финалда біздің хоккейшілер Оңтүстік Корея/Қырғызстан арасындағы жеңімпазбен ойнайды.
Еске сала кетейік, Қазақстан топтық кезеңде Қытай, Жапония, Қытайдың Тайпей және Оңтүстік Корея командасын ұтып, ұпайдан шашау шығармаған.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
тақырып бойынша жаңалықтар
11.02.2025, 10:36 1851
Владислав Киреев - Харбиндегі Азия ойындарының жеңімпазы атанды
Достарға айту
Владислав Киреев - Харбиндегі Азия ойындарының жеңімпазы атанды, деп хабарлайды ҚР Туризм және спорт министрлігінің баспасөз қызметінен.
Отандасымыз Владислав Киреев IX қысқы Азия ойындарында биатлоннан 10 шақырым спринтте чемпион атанды.
Бұл Қазақстан делегациясының қоржынында түскен 3-алтын медаль.
Ол жарыс жолын 29 минут, 47.4 секундта жүріп өтті. Тағы бір отандасымыз Вадим Куралес күміс жүлдеге ие болды.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
10.02.2025, 11:19 7056
Олжас Климин Харбиндегі Азиаданың қола жүлдегері атанды
Достарға айту
Олжас Климин - Харбиндегі Азиаданың қола жүлдегері, деп хабарлайды ҚР Туризм және спорт министрлігінің баспасөз қызметінен.
Санаулы сəттер бұрын IX қысқы Азия ойындарында ерлер арасында 10 шақырымға еркін стильде шаңғы жарысынан бәсеке аяқталды.
Ұлттық құрама спортшысы Олжас Климин 21 минут, 20,3 секундта мәреге жетіп, үздік үштікті түйіндеді. Алтын мен күміс Жапония өкілдерінде.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
10.02.2025, 09:50 7546
Харбиндегі кездесуде Қазақстанда биатлонды дамыту мәселелері талқыланды
Достарға айту
Қазақстан Ұлттық Олимпиадалық комитетінің президенті Геннадий Головкин, ҚР Туризм және спорт министрі Ербол Мырзабосынов, Қазақстан ҰОК бас хатшысы Әлімжан Ақаев және Қазақстан биатлоншылар одағының бас хатшысы Манас Усенов Халықаралық биатлоншылар одағының (IBU) президенті Олли Даллинмен кездесу өткізді, деп хабарлайды комитеттің баспасөз қызметінен.
Ресми іс-шара Харбиндегі Қысқы Азия ойындары аясында өтті. Кездесу барысында негізгі талқыланған мәселелер - спорттық ғылым саласындағы ынтымақтастықтың болашағы, бапкерлерге арналған білім беру бағдарламаларын кеңейту және Қазақстанда IBU аясында Әлем кубогы кезеңдерін өткізу мүмкіндігі.
Олли Даллиннің айтуынша, IBU әртүрлі бағыттар бойынша ынтымақтастыққа ашық. Оның ішінде, скандинавиялық елдер мен басқа мемлекеттер арасындағы дайындық деңгейіндегі алшақтықты азайту, сондай-ақ әлемде биатлонды дамыту үшін тең мүмкіндіктер жасау бар. Ол Қазақстан тарапына Азия биатлон конфедерациясын құрып, өңірлік жарыстар өткізгені үшін алғыс білдірді.
Өз кезегінде, ҚР Туризм және спорт министрі Ербол Мырзабосынов Қазақстанда биатлонды дамыту үшін IBU-дың қолдауы аса маңызды екенін атап өтті. Әсіресе, спорт әдістемесі, ғылыми және практикалық білімдер бойынша тәжірибе алмасу бағытында. Айта кетейік, Қазақстанда IBU академиясы жұмыс істейді, онда бапкерлер мен мамандарға арналған курстар ұйымдастырылған.
Сонымен қатар Қазақстан биатлонды кеңінен насихаттау мақсатында әлемдік деңгейдегі жарыстарды өткізуге қызығушылық танытып отыр. Бұл додалар елдегі инфрақұрылымы дамыған өңірлерде IBU аясында ұйымдастырылуы мүмкін.
Қазақстан ҰОК президенті Геннадий Головкин спортты жан-жақты дамытуда халықаралық ынтымақтастықтың маңыздылығына тоқталды.
Біз Қазақстан биатлоншылар одағы мен IBU арасында бірлескен ауқымды жұмыстар атқарылғанын көріп отырмыз. Бұл жұмыстар өз нәтижесін бере бастады. Өз тарапымыздан, қазақстандық спортты сапалы дамыту мақсатында әртүрлі салалардағы ынтымақтастық мүмкіндіктерін кеңейтуге, қолдау көрсетуге дайынбыз", - деп түйіндеді Геннадий Головкин.
Кездесу соңында тараптар өзара ынтымақтастықты одан әрі нығайтуға ниетті екенін білдірді.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
10.02.2025, 09:28 7771
Кёрлингтен әйелдер құрамасы айқын басымдықпен жеңіске жетті
Достарға айту
Кёрлингтен әйелдер құрамасы айқын басымдықпен жеңіске жетті, деп хабарлайды ҚР Туризм және спорт министрлігінің баспасөз қызметінен.
Кёрлингтен Қазақстан әйелдер құрамасы Харбиндегі қысқы Азия ойындарында Қытайдың Тайпейінен басым түсті. Есеп: 14-0.
Команда сапында Тылсымай Аллиярова, Мерей Тастемір, Ангелина Эбауер, Екатерина Колыхалова, Регина Эбауер өнер көрсетті.
Айта кетейік, әйелдер құрамасы осыған дейін Бейжің Олимпиадасының күміс жүлдегері Жапонияға жол берген.
Енді бүгін Астана уақытымен 16:00-де еліміздің әйелдер құрамасы мен жарыс қожайыны Қытай 7-сессияда кездеседі. Ал ертең Филиппин және Қатар құрамасы қарсылас болады.
Қатар өткен матчта Қытай Қатардан, ал Жапония Филиппиннен басым түсті.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
10.02.2025, 09:20 7986
Қазақстан құрамасы фристайл-акробатикадан Азия ойындарында күміс жүлдеге қол жеткізді
Достарға айту
Қазақстан құрамасы фристайл-акробатикадан Қытайдың Харбин қаласында өтіп жатқан 2025 жылғы Азия ойындарында күміс жүлдеге қол жеткізді, деп хабарлайды ҰОК баспасөз қызметінен.
Біздің спортшылар аралас командалар арасындағы сайыста екінші орынға ие болды. Бұл бағдарламада ел намысын Аяна Жолдас, Шерзод Хаширбаев және Асан Асылхан қорғады.
Қорытынды есепте қазақстандық спортшылар 235,39 ұпай жинап, осы көрсеткіш оларға күміс медаль алып келді. Бірінші орынды Қытай иеленсе, Жапония үшінші орынға тұрақтады.
Айта кетейік, бұған дейін Аяна Жолдас жеке жарыста үшінші орын алған болатын.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
03.02.2025, 19:49 15206
Шайбалы хоккейден әйелдер құрамасы Қытайдағы қысқы Азия ойындарын жеңіспен бастады
Достарға айту
Шайбалы хоккейден әйелдер құрамасы Қытайдағы қысқы Азия ойындарын жеңіспен бастады. Аруларымыз топтық кезеңдегі алғашқы ойынында Гонконгпен кездесіп, 12:0 есебімен жеңіске жетті, деп хабарлайды Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігінің баспасөз қызметінен.
Келесі ойын ертең Астана уақытымен 16:30-да Таиландқа қарсы өтеді.
Шайбалы хоккейден бәсеке 14 ақпан күні мәресіне жетеді.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
27.01.2025, 09:23 21831
Жеңіл атлетикадан әлемдік турнирде Қазақстан құрамасы екі медаль жеңіп алды
Достарға айту
Астанада World Athletics Indoor Tour Gold сериясының кезеңі аяқталды. Жеңіл атлетикадан әлемдік турнирде Қазақстан құрамасы екі медаль жеңіп алды, деп хабарлайды ҚР Ұлттық Олимпиада комитетінің баспасөз қызметінен.
Бұл жетістіктің авторлары - Елизавета Матвеева мен Игорь Косолапов. Екі спортшы да биіктікке секіруде үшінші нәтиже көрсетті.
Ал Давид Ефремов (60 метрге кедергілермен жүгіру), Дэйзи Джепкемей (3000 метр) және Надежда Дубовицкая (биіктікке секіру) жүлдеге бір қадам жетпей қалды.
Өз елімізде өнер көрсетуді өте жақсы көремін, себебі бізде жанкүйерлердің ерекше ықыласы бар. Мұндай жарыстарда бұл қатты сезіледі. Әрине, адамдарға әлем жұлдыздарын көру қызық. Бірақ сонымен бірге біздің спортшыларымызға жанкүйер болып жатқанын сезесің. Бұл өте жағымды. Барлық жанкүйерлерімізге алғыс айтқым келеді. Алаңда болғандарға, теледидар алдында отырғандарға да рақмет айтамын.
Жүлдегерлер қатарына енбегеніме қарамастан, нәтижеме ризамын. Себебі бұл - маусымдағы алғашқы жарыс, дайындық қиын болды. Бірақ жақсы өнер көрсеттім деп айта аламын. Әрине, бұл менің ең жақсы нәтижем емес, бірақ жарақаттан кейін жүктелген міндеттерге дайындалуға мүмкіндігім болмады. Дегенмен, 184 сантиметрге секірдім. Өзімді мақтан тұтамын (күледі).
Осылайша, қысқы турнирлерде өнер көрсетуімді аяқтаймын. Дәрігерлермен, бапкерлермен кеңесе отырып, толық емделіп, жазғы маусымға дейін денсаулығымды жақсартуға және дайындалуға шешім қабылдадық. Жүктемелерді ағзам көтере алатындай етіп қабылдауға тырысамыз, әрі бұрынғыдай жарыстарды өткізіп алмауға жұмыс жасаймыз", - деді жабық алаңдағы әлем чемпионатының қола жүлдегері Надежда Дубовицкая.
Айта кетсек, Astana Indoor Meet for Amin Tuyakov Prizes жарысында барлық фавориттер жеңіс тұғырына көтеріле алмады. Мысалы, екі дүркін Олимпиада чемпионы Андре Де Грасс (Канада) және Олимпиада ойындарының күміс жүлдегері, үш дүркін әлем чемпионы Ниа Али (АҚШ) жүлдесіз қалды. Танымал кедергімен жүгіруші Али жарақатына байланысты іріктеу кезеңін сәтті аяқтай алмады.
Өзімді керемет сезінемін. Қысқа қашықтықтағы спринт менің бағытым емес. Алайда нәтижеме ризамын. Өткен жылы да алтыншы орын алған едім (күледі). Мұнда болғаныма қуаныштымын. Жанкүйерлер өте керемет, көптеген адамдар суретке түсуімді сұрады… Азияда қаншалықты көп жанкүйер бар екенін білдім. Фантастикалық атмосфера. Ал өнер көрсетуге келсек, бәрі тамаша. Бұл тек бастамасы. Алда көптеген жарыс бар. Соның ішінде Токиода өтетін әлем чемпионаты. 100 және 200 метрге жүгіру жоспарымда бар. Барлығы енді басталды (күледі)", - деді Андре Де Грасс.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
15.01.2025, 13:57 36551
Әлібек Хасенов "Қазспортинвест" АҚ президенті болып тағайындалды
Достарға айту
Әлібек Хасенов "Қазспортинвест" АҚ президенті болып тағайындалды, деп хабарлайды ҚР Туризм және спорт министрлігінің баспасөз қызметінен.
Әлібек Хасенов 1986 жылы 3 қазанда Қарағанды облысының Саран қаласында дүниеге келген.
Академик Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды университетін (маркетинг), Қазақстан-Ресей университетін (құқық) тәмәмдаған.
Еңбек жолын 2016 жылы ҚР Президенті Іс Басқармасының "Қараөткел" РМК ресми іс-шаралар бөлімінің бастығы болып бастаған;
2018 жылдан бастап - мемлекеттік және ірі іс-шараларды ұйымдастырумен айналысады;
2019-2024 ж.ж. - каноэ федерациясының ескек есу спортын дамыту жөніндегі атқарушы директор;
2024 жылдан бастап - Астанада "Болашақтың ойындарын" өткізуге өтінім әзірлеу жөніндегі жұмыс тобының мүшесі.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
ИНТЕРНЕТ ТЕЛЕВИДЕНИЕ
KAZAKHSTAN TODAY LIVE
Ең көп оқылғаны
11.02.2025, 10:41Қазақстанда фермерлер үшін дизель отынының бағасы өседі 11.02.2025, 14:51 7586Мемлекет басшысы күштік құрылым қызметкерлерін марапаттады11.02.2025, 14:56 7336Дүйсенова Coventry University Group басқарма басшысымен кездесті11.02.2025, 14:59 69719 мыңға жуық адам өз еркімен қоныс аудару мүмкіндігін пайдаланды11.02.2025, 15:02 6721Халықаралық азаматтық авиация ұйымы (ИКАО) Қазақстанның азаматтық авиация саласын 2050 жылға дейін дамытудың стратегиялық бас жоспарын әзірлейді
06.02.2025, 17:46 114106Түркістан облысында "Ауыл аманаты" және "Ауыл - Ел бесігі" жобаларын біріктіру мәселесі талқыланды06.02.2025, 17:43 113041Алматы облысының әкімі Балқаш ауданына жұмыс сапарымен барды07.02.2025, 16:37 112376Ұлы Жеңістің 80 жылдығы аясында ауқымды іс-шаралар жоспарлануда07.02.2025, 16:26 112311Мемлекет басшысы отандық бизнес өкілдерімен кездесуде Үкіметке қосымша құн салығы мәселесін тағы да пысықтауды тапсырды07.02.2025, 16:23 112151Астанада қауіпті жарнамалар жойылып жатыр
24.01.2025, 16:38 134746Қазақстанда генерациялау объектілерін, жылу және электрмен жабдықтау желілерін кешенді жаңғырту жоспарлануда24.01.2025, 16:24 131986Бектенов сыртқы факторлардың ел экономикасына әсері мәселелері бойынша жұмыс кеңесін өткізді24.01.2025, 16:20 131681Астанада жеке кәсібін ашқан ерекше баласы бар аналарға арналған форум өтті23.01.2025, 19:50 129026Алматыда заңсыз салынған сауда нысандары жаппай бұзылуда30.01.2025, 18:56 121536Мемлекет басшысы АҚШ Президенті Дональд Трампқа көңіл айту жеделхатын жолдады