11.02.2025, 10:41 7281
Қазақстанда фермерлер үшін дизель отынының бағасы өседі
Достарға айту
Энергетика министрі Алмасадам Сәтқалиев Үкімет отырысында Ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерге дизель отынын қандай бағамен сататынын айтты.
Энергетика және ауыл шаруашылығы министрліктері көктемгі егіс жұмыстары үшін 401 мың тонна дизель отынын жеткізу кестесін бекітті. Жеткізу мерзімі - осы жылдың 1 ақпаны мен 30 маусымы аралығы.
Энергетика министрлігі басшысының ақпараты бойынша, соңғы екі жылда дизель отынының бағасы литріне 228 теңге деңгейінде ұсталды, ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілердің ҚҚС есебімен ол литріне 250 теңгеге дейін жетті. Бұл ретте жеткізу операторларының маржасы литріне 22 теңгеге жетті, бұл операциялық шығындары аз автожанармай құю стансаларына қарағанда едәуір жоғары.
2025 жылғы 30 қаңтарда АИ-92 және дизель отынының бағасын мемлекеттік реттеу күшінен алынды. Энергетика министрлігі ұсынатын дизель отынының қазіргі бағасы тағайындалған станцияға дейін литріне 232 теңгені құрайды. Түпкі бағаны операторлар белгілейді және литріне 254 теңге құрауы мүмкін, бұл литріне 45 теңгеге арзан немесе АЖҚС бөлшек сауда бағасынан 15 % төмен",- деді Алмасадам Сатқалиев.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
тақырып бойынша жаңалықтар
11.02.2025, 15:16 5646
Мемлекет басшысы Иран Президентіне құттықтау жеделхатын жолдады
Достарға айту
Қасым-Жомарт Тоқаев Масуд Пезешкиан мен Иран халқын Ислам Революциясы күнімен құттықтады, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметінен.
Жеделхатта Қазақстан Президенті Иранның Таяу Шығыс өңірі мен ислам әлеміндегі іргесі берік, беделді мемлекет екенін атап өтті.
Сонымен қатар Мемлекет басшысы екі ел арасындағы ынтымақтастықтың жылдан жылға нығайып келе жатқанына ризашылық білдірді.
Қасым-Жомарт Тоқаев Масуд Пезешкианның жауапты қызметіне табыс, ал Иран халқына өркендеу мен құт-береке тіледі.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
11.02.2025, 15:02 6121
Халықаралық азаматтық авиация ұйымы (ИКАО) Қазақстанның азаматтық авиация саласын 2050 жылға дейін дамытудың стратегиялық бас жоспарын әзірлейді
Достарға айту
Халықаралық азаматтық авиация ұйымы (ИКАО) Қазақстанның азаматтық авиация саласын 2050 жылға дейін дамытудың стратегиялық бас жоспарын әзірлейді, деп хабарлайды ҚР Көлік министрлігінің баспасөз қызметінен.
Қазақстан Республикасы Көлік министрлігі мен Халықаралық азаматтық авиация ұйымы (ИКАО) 2025 жылғы 10-12 ақпанда Абу-Даби қаласында (БАӘ) өтіп жатқан ИКАО-ның 2025 ж. енгізуді жаһандық қолдау жөніндегі Жаһандық Симпозиум шеңберінде (GISS-2025, Global Implementation Support Symposium) Қазақстанның азаматтық авиация саласын дамытудың 2050 жылға дейінгі стратегиялық Мастер-жоспарын әзірлеу жөніндегі тиісті құжатқа қол қойды.
Қазақстан Республикасының азаматтық авиация саласын дамытудың бас жоспары Қазақстанның азаматтық авиация саласын одан әрі жоспарлаудың кешенді стратегиясы мен алгоритмін әзірлеуге мүмкіндік береді, онда әуежайларды, аэронавигацияны, әуекомпанияларды дамыту, ұшу қауіпсіздігі мен авиациялық қауіпсіздік деңгейін арттыру, әуе көлігінің қолжетімділігі мен ырықтандыруы және т.б. қарастырылған.
Айта кету керек, ИКАО ең білікті сарапшыларға ие және ИКАО-ға мүше мемлекеттердің даму стратегияларын әзірлеуде мойындалған көшбасшы болып табылады.
Қазақстан Орталық Азия мен ТМД кеңістігінде транзиттік-көліктік әлеуетті дамыту және Қазақстанды ірі байланыстырушы өңірлік авиациялық хабқа айналдыру жөніндегі ұлттық міндеттерге сәйкес Қазақстанның авиациялық секторын тұрақты дамыту, жаңғырту және тиімді пайдалану көзқарасын және ИКАО-мен стратегиялық ынтымақтастық орнатқан бірінші мемлекет болғанын ерекше атап өткен жөн.
Қазақстандық тараптың атынан келісімге ҚР Көлік вице-министрі Талғат Ластаев, ал ИКАО атынан Ұйымның Бас хатшысы Хуан Карлос Салазар қол қойды.
Қол қою рәсіміне сондай-ақ ИКАО Кеңесінің Президенті Сальваторе Шаккитано мырза және Қазақстан Республикасының ИКАО жанындағы Тұрақты өкілі Тимур Тілегенов мырза қатысты.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
11.02.2025, 14:59 6371
9 мыңға жуық адам өз еркімен қоныс аудару мүмкіндігін пайдаланды
Достарға айту
2024 жылдың қорытындысы бойынша ерікті қоныс аудару аясында жұмыс күшінің ұтқырлығын арттыру үшін жұмыс күші артық өңірлерден жұмыс күші тапшы өңірлерге 8 950 адам, оның ішінде 3 000 қандас және 5 950 қоныс аударушы көшіп келді. Барлық қоныс аударушыларға мемлекеттік қолдау шаралары көрсетілді, деп хабарлайды Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің баспасөз қызметінен.
Қоныстандыру өңірлері бөлінісінде Павлодар облысына - 3 422 адам, Солтүстік Қазақстан облысына - 2 547 адам, Қостанай облысына - 1 020 адам, Шығыс Қазақстан облысына - 781 адам, Ақмола облысына - 537 адам, Абай облысына - 530 адам, Ұлытау облысына - 70 адам, Қарағанды облысына - 43 адам қоныс аударды.
Қоныстану аймақтарына көшкен қандастарымыз негізінен Моңғолиядан - 1 072 адам, Өзбекстаннан - 908 адам, ҚХР - 762 адам, Ресейден - 164 адам, басқа елдерден - 94 адам келген.
Келушілер қатарынан еңбекке қабілетті жастағы 4 279 адамның (қоныс аударушылар мен қандастар) 2 721-сі тұрақты жұмыс орындарына орналастырылды, 207 адам кәсіпкерлік қызметпен айналысуда, бизнес ашу үшін 25 адам грант алды.
Қоныс аударушылар мен қандастар денсаулық сақтау, ауыл шаруашылығы, білім беру, өнеркәсіп және т.б. салаларыға жұмысқа орналасты.
Қоныс аударған кейіпкерлеріміздің бірі - Сүлейменовтер отбасы, олар қоныс аударғаннан кейінгі өмірлеріндегі оң өзгерістерімен бөлісті.
2023 жылы облыстық қоныс аудару квотасына енгізілгеннен кейін олар Маңғыстау облысынан Солтүстік Қазақстан облысының Тайынша қаласына қоныс аударған. Отбасының әрбір мүшесіне қоныс аударуға 1 690 500 теңге көлемінде материалдық көмек түрінде мемлекеттік қолдау көрсетілді, сонымен қатар экономикалық ұтқырлық сертификаты бойынша тұрғын үй сатып алдық. Біз көшуге шешім қабылдағанымызға және қоныс аударушыларға жұмыс іздеуге көмектесетін, алғашқы материалдық көмек көрсететін мемлекет тарапынан осындай бағдарлама бар екеніне өте қуаныштымыз", - деді отағасы Жанболат Сүлейменов.
Жанболат Ақтау қаласының №1 кәсіптік лицейін "Есептеу техникасына қызмет көрсету жөніндегі техник оператор" мамандығы бойынша бітірген, жұбайы Жадырдың "Педагогика және психология" мамандығы бойынша жоғары білімі бар.
Тайынша ауданының мансап орталығы жұмысқа орналасуға көмек көрсетті. Жанболат "Көкше Техстрой" ЖШС-де жұмыс істейді. Жұбайы "Қарлығаш" балабақшасына тәрбиеші болып жұмысқа орналасты.
Естеріңізге сала кетейік, ерікті қоныс аудару аясында қоныс аударушыларға мемлекеттік қолдаудың мынадай шаралары ұсынылады:
- отағасына және отбасының әрбір мүшесіне 70 АЕК мөлшерінде көшуге арналған бір реттік субсидия;
- отбасы мүшелері саны мен елді мекенге байланысты 15-тен 30 АЕК-ке дейінгі мөлшерде 12 ай ішінде тұрғын үй жалдауға және коммуналдық қызметтерге ақы төлеуге ай сайынғы субсидиялау;
- қысқа мерзімді кәсіптік оқытуға жолдама;
- жұмысқа орналасуға немесе кәсіпкерлік бастаманы дамытуға жәрдемдесу;
- экономикалық ұтқырлық сертификаттарын беру.
Бұдан басқа, өңіраралық қоныс аударуға жәрдем көрсететін жұмыс берушілерге тұрғын үймен қамтамасыз етілген және кемінде 2 жыл мерзімге тұрақты жұмысқа қабылданған әрбір қызметкер үшін 400 АЕК мөлшерінде жұмысқа орналасуға біржолғы субсидия беріледі.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
11.02.2025, 14:56 6736
Дүйсенова Coventry University Group басқарма басшысымен кездесті
Достарға айту
ҚР Премьер-министрінің орынбасары Тамара Дүйсенова Coventry University Group ректоры және басқарма басшысы Джон Лейтеммен кездесті. Оның барысында еңбек нарығы сұранысына сай жоғары білікті кадрларды дайындау мәселелері талқыланды, деп хабарлайды Үкіметтің баспасөз қызметінен.
Вице-премьер орнатылған әріптестік қарым-қатынасқа оң баға бере отырып, елімізде жоғары білім саласын интернационализациялау бағытында атқарылып жатқан жұмыстарға тоқталды. Тамара Дүйсенова бүгінде Қазақстан әлемнің алдыңғы қатарлы 23 университетімен тығыз байланыс орнатқанын атап өтті.
Ұлыбританиядағы беделді университет филиалы биылғы оқу жылы Астанада ашылған еді. Қазір онда 100-ден аса студент білім алып жатыр. Оны тәмамдаған азаматтар елден шықпай-ақ британдық үлгідегі дипломға ие болады. Оқу орны кәсіпкерлік, дизайн, экономика және қаржы бағыттары бойынша бакалавриат бағдарламаларын ұсынып келеді.
Премьер-министрдің орынбасары университет әлеуетін пайдалана отырып, елге қажетті мамандар әзірлеуде бағыттарды кеңейтуге болатынына мән берді. Сондай-ақ ол бұл жұмыс барысында Жаңа кәсіптер атласын негізге алу қажеттігіне назар аударды. Тамара Дүйсенова оқу орнының басшылығын машина жасау, өңдеу өнеркәсібі, атом энергетикасы, білім беру, денсаулық сақтау, креативті индустрия салаларына керекті кадрларды дайындауға ат салысуға шақырды.
Кадр әзірлеу бағыттарын кеңейтуге Британ университеті әзір әрі мүдделі. Бұл туралы Coventry University Group ректоры және басқарма басшысы Джон Лейтем атап өтті. Сондықтан университет басшылығы салалық министрліктермен бірлесе жаңа бағыттар бойынша оқу бағдарламаларын әзірлеуге дайын екендіктерін жеткізді. Жоғары оқу орнының филиалдары бірнеше мемлекетте ашылған. Ондағы оқу бағдарламалары негізінен жергілікті сұранысқа сай құрылатынын алға тартты.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
11.02.2025, 14:51 6986
Мемлекет басшысы күштік құрылым қызметкерлерін марапаттады
Достарға айту
Мемлекет басшысы күштік құрылым қызметкерлерін марапаттады, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметінен.
Президент UAE SWAT Challenge сайысында топ жарған күштік құрылымдардың бір топ офицерін марапаттау рәсімінде сөз сөйледі.
Биыл Дубайда өткен дүбірлі додаға Қазақстан атынан 12 команда қатысқан. Ішкі істер министрлігінің "Сұңқар" және "Томирис" командалары халықаралық жарыстың күміс жүлдегері атанды. Ал Ұлттық қауіпсіздік комитетінің "Арыстан" командасы төртінші орынға ие болды. Мемлекеттік күзет қызметі мен Қорғаныс министрлігінің командалары да шеберліктің үздік үлгісін көрсетті.
Мемлекет басшысы жеңімпаздарды құттықтап, бұл табыс тиянақты дайындық пен қажырлы еңбектің нәтижесі екенін атап өтті.
Елдің атын ер шығарар" деген. Сайыпқыран сарбаздарымыз көк туымызды асқақ желбіретті. Төрткүл дүние жауынгерлеріміздің мықтылығына куә болды. Біз сіздерді мақтан тұтамыз. Осындай жеңісті сәттер барша халқымыздың, әсіресе, өскелең ұрпақтың рухын көтереді. Ел қорғаны мықты болса, Қазақстанның еңсесі әрдайым биік болмақ", - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.
Мемлекет басшысы халқымыздың ерлік дәстүрі тереңде жатқанына назар аударды.
Биыл Ұлы Жеңістің 80 жылдығын атап өтеміз. Бұл - бостандық пен әділдік ұғымдарын ту етіп, майданда жанқиярлықпен шайқасқан, тылда еңбек еткен барша қазақстандықтарға көрсетілген құрмет. Батырларымыздың теңдессіз ерлігін ұрпақ жадында сақтау - парызымыз. Бүгінде сіздер жауынгер халықтың ұрпағы ретінде Отан алдындағы қасиетті парызды терең түсініп, адал қызмет етіп жүрсіздер. Бәріңіз де еліміздегі бейбіт өмірді сақтау үшін табанды еңбек етіп келесіздер. Сіздерді заң мен тәртіп сақшысы деуге толық негіз бар. Заң мен тәртіп - әділетті әрі қауіпсіз мемлекеттің өзегі", - деді Президент.
Қасым-Жомарт Тоқаев ел тыныштығын күзеткен арнаулы қызметтер мен күштік құрылымдардың атқарған істеріне тоқталды.
Былтыр Ұлттық қауіпсіздік комитеті заңсыз әрекеттердің алдын алу үшін жиырмадан астам жедел жауынгерлік іс-шара өткізді. Екі террорлық актінің жолын кесіп, қаскөйлерге тосқауыл қойды. Ұлттық ұлан жасақтары төтенше жағдайлардың салдарын жоюға белсене атсалысты. Ішкі істер министрлігінің құрылымдары ауқымды жұмыс атқарып жатыр. Өткен жылы есірткі өндіретін 64 орын жабылды. 22 мың тонна есірткі тәркіленді. Есірткіні жарнамалаған 7,5 мың сайт бұғатталды. Екі миллиард теңгеден астам қаржыны шетелге шығармақ болған алаяқтардың жолы кесілді. Соңғы үш жылда 8 мыңға жуық түрлі қару-жарақ табылды. Мұндай мысалдар өте көп. Арнаулы қызмет қатарындағы мыңдаған сарбаз мемлекеттің егемендігі мен азаматтардың қауіпсіздігін қорғап жүр. Жауынгерлеріміз қашанда Отан алдындағы антына адал", - деді Мемлекет басшысы.
Қасым-Жомарт Тоқаев ел тыныштығын күзеткен арнаулы қызметтер мен күштік құрылымдардың атқарған істеріне тоқталды.
Былтыр Ұлттық қауіпсіздік комитеті заңсыз әрекеттердің алдын алу үшін жиырмадан астам жедел жауынгерлік іс-шара өткізді. Екі террорлық актінің жолын кесіп, қаскөйлерге тосқауыл қойды. Ұлттық ұлан жасақтары төтенше жағдайлардың салдарын жоюға белсене атсалысты. Ішкі істер министрлігінің құрылымдары ауқымды жұмыс атқарып жатыр. Өткен жылы есірткі өндіретін 64 орын жабылды. 22 мың тонна есірткі тәркіленді. Есірткіні жарнамалаған 7,5 мың сайт бұғатталды. Екі миллиард теңгеден астам қаржыны шетелге шығармақ болған алаяқтардың жолы кесілді. Соңғы үш жылда 8 мыңға жуық түрлі қару-жарақ табылды. Мұндай мысалдар өте көп. Арнаулы қызмет қатарындағы мыңдаған сарбаз мемлекеттің егемендігі мен азаматтардың қауіпсіздігін қорғап жүр. Жауынгерлеріміз қашанда Отан алдындағы антына адал", - деді Мемлекет басшысы.
Президент сөзін қорытындылай келе, офицерлердің қызметіне сәттілік тіледі және оларды мемлекеттік наградалармен марапаттады.
Жиында ҚР Ішкі істер министрлігінің "Сұңқар" командасының мүшесі, полиция аға лейтенанты Ермекқали Шоқаев, Ішкі істер министрлігі "Томирис" командасының капитаны, полиция майоры Айнагүл Байжігітова және ҚР Мемлекеттік күзет қызметінің капитаны, "Сардар А" командасының мүшесі Мерлан Ұлтанбаев сөз сөйледі.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
10.02.2025, 11:25 34901
Астанада 11-15 ақпан аралығында "Жұмысшы мамандықтар қаласы" атты бірегей интерактивті көрме өтеді
Достарға айту
Астанада 11-15 ақпан аралығында "Жұмысшы мамандықтар қаласы" атты бірегей интерактивті көрме өтеді, деп хабарлайды "Самұрық-Қазына"-ның баспасөз қызметінен.
Көрменің бірінші күні "Самұрық-Қазына" мен оның ірі портфельдік компанияларының қызметі жайлы толығырақ білуге болады. Ол үшін EXPO орталығында "Самұрық-Қазына" тақырыптық аллеясы ұйымдастырылады.
Жұмысшы мамандықтар жылы аясында өтетін шара барысында интерактивтер, шеберлік сабақтары өтеді және әртүрлі сала қызметкерлері сөз сөйлейді.
Көрме ересектерге ғана емес, мектеп оқушылары үшін де қызықты әрі танымдық болмақ. Осылайша балалар келешектегі жұмысшы мамандықтар туралы көбірек біле алады.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
10.02.2025, 11:23 34926
Қазақстанда ауыр қылмыстар саны айтарлықтай төмендеді - ІІМ
Достарға айту
Ішкі істер министрлігінде Қоғамдық кеңестің отырысы өтті. Онда құқықтық тәртіп пен қауіпсіздікті қамтамасыз ету бойынша жұмыс қорытындысы қаралды, - деп хабарлайды Polisia.kz.
Ведомство басшысы Ержан Саденов қоғамдық кеңес мүшелеріне еліміздегі криминогендік жағдай туралы хабарлады. Ішкі істер министрі соңғы жылдары қабылданған кешенді шаралар нәтижесінде ахуалдың едәуір жақсарғанын атап өтті.
Қылмыс деңгейі 102 мыңға дейін немесе 11%-ға төмендеді. 2023 жылмен салыстырғанда 2024 жылы 12 700 қылмысқа аз тіркелді. 90-шы жылдарды қарайтын болсақ, ол кезде қылмыс саны 200 мыңнан асатын. Бірақ біз мұнымен тоқтамаймыз. Нөлдік межеге жетуді мақсат етіп отырмыз", - деді министр.
Тәуелсіздік жылдары ішінде қылмыс деңгейі айтарлықтай төмендегені байқалады. Статистикалық деректер осы тенденцияны растап, криминогендік жағдайдағы елеулі өзгерістерді көрсетіп отыр. Төмендеу ауыр қылмыстар, оның ішінде тонау, ұрлық, зорлау және адам өлтіру сияқты қылмыстарға да қатысты.
Мысалы, 1997 жылы адам өлтірудің 2594 фактісі тіркелсе, өткен жылы 565 факті болды. Атыс қаруын қолдану арқылы жасалған қылмыстар қоғам қауіпсіздігіне ерекше қауіп тудырады. Егер 30 жыл бұрын бір жыл ішінде тіркелген осындай қылмыс саны 1,5 мыңға жетіп отырса, былтыр бұл көрсеткіш 118-ге дейін төмендеді. Топтасып жасалған қылмыстар бойынша да оң динамика байқалады. 1992 жылы Қазақстанда 18928 осындай қылмыс тіркелсе, 1994 жылы олардың саны 24712-ге жеткен. Бұл кезең құқық қорғау органдары үшін ең қиын уақыттардың бірі болды. Қылмыстық топтар белсенді әрекет етіп, оларға қарсы күрес көп күш талап етті. Алайда соңғы жылдары олардың саны айтарлықтай азайды. 2024 жылы топпен жасалған қылмыстар саны 5588-ді құрап, 4,5 есе төмендеді. Сонымен қатар министр қылмыс түрлерінің өзгергенін және заманауи технологияларға бейімделгенін атап өтті.
Алаяқтық кең таралуда. Бұл барлық қылмыстардың 42%-ын құрайды. Адамдар пайда табуды көздеп, күмәнді инвестициялар мен пирамидаларға ақша салады. Негізгі себептер - халықтың қаржылық сауаттылығының төмендігі және азаматтардың полицияға кеш хабарласуы. Бұл көптеген елдерге тән құбылыс", - деді Ішкі істер министрі.
Ержан Саденов министрлік осы қауіппен белсенді күресіп, алдын алу шараларын жақсарту және халықтың киберқылмыстар бойынша хабардарлығын арттыру бойынша жұмыстар жүргізіп жатқанын жеткізді.
Сондай-ақ отырыста Қоғамдық кеңестің атқарған жұмысы қаралды. Қазіргі құрамдағы кеңес үш жыл бойы жұмыс істеп келеді.
Осы уақыт ішінде ішкі істер органдарының қызметін жақсарту бойынша көптеген маңызды қадамдар жасалды.
Айта кету керек, жалпы құқық қорғау органдары мен азаматтық қоғамның өзара әрекеттесуі елде қауіпсіздікті қамтамасыз ету және құқық тәртібін нығайтуда шешуші рөл атқарады.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
10.02.2025, 10:15 33251
Солтүстік Арал теңізіне 1 миллиард текше метр су жіберілді
Достарға айту
Солтүстік Арал қалпына келуде: Арал теңізін жандандыру үшін 1 миллиард текше метр су жіберіліп, жасыл белдеулер бой көтерді, деп хабарлайды Қазақстан Республикасы Су ресурстары және ирригация Министрлігінің баспасөз қызметінен.
2024 жылдың қазанынан осы жылдың қаңтарына дейін Солтүстік Арал теңізіне 1 миллиард текше метр су жіберілді. Бұл жоспарланған көлемнен 100 миллион текшее метрге артық. Орталық Азия елдерімен қол жеткізген келісімдерінің нәтижесінде 2025 жылғы наурыз айының соңына дейін Солтүстік Аралға жіберілген судың жалпы көлемі 1,6 млрд текше метрге жетеді.
Бүгінгі таңда Солтүстік Арал теңізіндегі судың жалпы көлемі - 22,1 млрд текше метр. 2022 жылдың басында 18,9 млрд текше метр болды. 2025 жылдың соңына қарай теңіздегі су көлемі 23,4 млрд текшее метрге дейін жетеді деп күтілуде.
Солтүстік Арал теңізінің ауданы да ұлғаюда. Бүгінгі таңда ол 3065 шаршы шақырымға жетті. Бұл 2022 жылдың басындағы көрсеткіштен 111 шаршы шақырымға көп.
Солтүстік Арал теңізінің ауданы мен көлемінің ұлғаюы судың минералдануың азайтуға және балықтың 22 түрінің популяциясын қалпына келтіруге мүмкіндік берді. Жыл сайынғы балық аулау көлемі 8 мың тоннаға жетті.
Көкарал бөгетін сақтау және Сырдария өзені сағаларын қалпына келтіру" жобасы аяқталуға жақын. Бүгінгі таңда "Тәуір" қорғаныс бөгетін салу, Қарашаланкөлі мен Сырдария өзені арасындағы екі учаскедегі бөгеттер мен "Қарашалан-1" каналын және оның бас құрылысын реконструкциялау жұмысы аяқталды. Жыл соңына дейін Солтүстік Арал теңізін Үлкен Аралдан бөлетін Көкарал бөгетін қайта жаңарту жұмысын аяқтау жоспарланып отыр. Жобаны іске асыру Солтүстік Аралдың сақталуына және судың тұздылығын төмендетуге ықпал етеді.
Қызылорда облысының күріш алқаптарын лазерлік жоспарлаушымен тегістеу және су үнемдеу технологияларын пайдалану шамамен 200 млн текше метр су үнемдеп, оны Солтүстік Аралға жіберуге мүмкіндік берді. 55 мың гектар күріш алқабы лазерлік жоспарлаушының көмегімен тегістелді, бұл орташа өнімділікті гектарынан 40-55 центнерден 70-80 центнерге дейін арттыруға септігін тигізді.
Су үнемдеу технологияларын енгізуді ынталандыру үшін шаруалардың инфрақұрылым жүргізу, су үнемдеу жүйелерін сатып алу және орнату шығындарын субсидиялау мөлшері 50%-дан 80%-ға дейін ұлғайтылды. Су үнемдеу жүйелерін пайдаланатын дихандар үшін су армалысуға субсидия мөлшері тарифке байланысты 85%-ға дейін ұлғайтылды.
Арал теңізі бассейніндегі аймақты оңалту мақсатында көгалдандыру жұмысы жалғасып жатыр. Бүгінде Үлкен Арал теңізінің тартылған аумағында 4,4 млн көшет отырғызылды.
2021-2024 жылдар аралығында 475 мың гектар жерге тұқым мен көшет отырғызылды. Биыл 428 мың гектарда көгалдандыру жұмыстарын жүргізу жоспарланған. Осының нәтижесінде 2025 жылдың соңына қарай Арал теңізі табанын көгалдандырудың жалпы көлемі 1,1 млн гектарға жетуі тиіс.
Айта кету керек, 2024 жылдың 1 қаңтарынан бастапа Халықаралық Аралды құтқару қорына төрағалық ету кезегі Қазақстан Республикасына өтті. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 2026 жылдың соңына дейін ХАҚҚ Президенті болып сайланды. Қазақстанның 2024-2026 жылдар аралығындағы төрағалығы кезеңінде ХАҚҚ Атқару комитетінің жұмыс жоспары бекітілді. Құжат 10 түрлі бағыт бойынша 40-қа жуық іс-шараны қамтиды.
Президенттің тапсырмаларын іске асыру 2000 мыңға жуық адамды жұмыспен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Солтүстік Арал теңізінің су көлемі мен ауданының ұлғаюы судың минералдануын азайтады, бұл оның биологиялық әралуандығын сақтауға көмектеседі және Қызылорда облысының балық шаруашылығының дамуытуға ықпал етеді.
Су үнемдеу технологияларын енгізу және су инфрақұрылымын дамыту Солтүстік Аралға қосымша су көлемін жіберуге мүмкіндік береді, сондай-ақ өңірдің ауыл шаруашылығын дамытуға көмектеседі.
Арал теңізінің тартылған аумағын көгалдандыру топырақ эрозиясының алдын алады және құмды, тұзды дауылдармен күресуге көмектеседі.Бұл аймақтың экологиялық жағдайын жақсартып, жергілікті тұрғындардың денсаулығын қорғайды.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
ИНТЕРНЕТ ТЕЛЕВИДЕНИЕ
KAZAKHSTAN TODAY LIVE
Ең көп оқылғаны
11.02.2025, 10:41Қазақстанда фермерлер үшін дизель отынының бағасы өседі 11.02.2025, 14:51 6226Мемлекет басшысы күштік құрылым қызметкерлерін марапаттады11.02.2025, 14:56 5976Дүйсенова Coventry University Group басқарма басшысымен кездесті11.02.2025, 14:59 56119 мыңға жуық адам өз еркімен қоныс аудару мүмкіндігін пайдаланды11.02.2025, 15:02 5361Халықаралық азаматтық авиация ұйымы (ИКАО) Қазақстанның азаматтық авиация саласын 2050 жылға дейін дамытудың стратегиялық бас жоспарын әзірлейді
06.02.2025, 17:46 114051Түркістан облысында "Ауыл аманаты" және "Ауыл - Ел бесігі" жобаларын біріктіру мәселесі талқыланды06.02.2025, 17:43 112981Алматы облысының әкімі Балқаш ауданына жұмыс сапарымен барды07.02.2025, 16:37 112316Ұлы Жеңістің 80 жылдығы аясында ауқымды іс-шаралар жоспарлануда07.02.2025, 16:26 112251Мемлекет басшысы отандық бизнес өкілдерімен кездесуде Үкіметке қосымша құн салығы мәселесін тағы да пысықтауды тапсырды07.02.2025, 16:23 112096Астанада қауіпті жарнамалар жойылып жатыр
24.01.2025, 16:38 134731Қазақстанда генерациялау объектілерін, жылу және электрмен жабдықтау желілерін кешенді жаңғырту жоспарлануда24.01.2025, 16:24 131971Бектенов сыртқы факторлардың ел экономикасына әсері мәселелері бойынша жұмыс кеңесін өткізді24.01.2025, 16:20 131666Астанада жеке кәсібін ашқан ерекше баласы бар аналарға арналған форум өтті23.01.2025, 19:50 129011Алматыда заңсыз салынған сауда нысандары жаппай бұзылуда30.01.2025, 18:56 121521Мемлекет басшысы АҚШ Президенті Дональд Трампқа көңіл айту жеделхатын жолдады