28.06.2024, 16:48 4701

Париждегі жазғы Олимпиадада Қазақстан алғаш рет брейкингтен қатысады

Париждегі жазғы Олимпиадада Қазақстан алғаш рет брейкингтен қатысады, деп хабарлайды ҚР Туризм және спорт министрлігінің баспасөз қызметінен.

Брейкинг (қалалық би стилі) алғаш рет Парижде өтетін жазғы Олимпиаданың бағдарламасына енгізілді.

Біз тарихта алғаш рет аталған спорт түрінен Олимпиада ойындарында қатысамыз. Өткен аптада Амир Закиров Будапешттегі жарыста өнер көрсетіп, финалда Франция спортшысымен күш сынасып, екінші орын иеленді. Ол Олимпиада ойындарына жолдама жеңіп алды", - деді туризм және спорт вице-министрі Серік Жарасбаев ОКҚ алаңында өткен баспасөз конференциясында.

 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны