10.02.2022, 18:42 48941

Смайылов ҚР-дағы майнингтік қызметті реттеу бойынша тапсырма берді

Қазіргі уақытта майнинг мәселелері бойынша заңнамаға қажетті түзетулер әзірленіп жатыр.
Смайылов ҚР-дағы майнингтік қызметті реттеу бойынша тапсырма берді
Сурет: pixabay.com
НҰР-СҰЛТАН. 10 АҚПАН - Мемлекет басшысының тапсырмаларын орындау аясында Премьер-Министр Әлихан Смайылов Қазақстандағы "сұр" цифрлық майнингтің мәселесі жөнінде кеңес өткізді, деп хабарлайды KAZAKHSTAN TODAY ҚР Премьер-Министрінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
 
2021 жылға дейін электр энергиясын тұтыну 2%-ға артты. Өткен жылдың қорытындысы бойынша бұл көрсеткіш 6%-дан асты. Мұндай елеулі өсім – көлеңкелі майнингтің салдары, деді Үкіметтің баспасөз қызметінде.
 
Елімізде электр энергиясы тапшылығының өсуіне жол бермеу, сондай-ақ қызметтің аталған түрін көлеңкелі сектордан шығару мақсатында Премьер-Министр тиісті министрліктерге осы қызметті заңнамалық түрде реттеу, оның ішінде лицензиялауды енгізу қажеттігіне байланысты бірқатар нақты тапсырмалар берді. 
 
Қазіргі уақытта майнинг мәселелері бойынша заңнамаға қажетті түзетулер әзірленіп жатыр.
 
Естеріңізге сала кетейік, ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Үкімет отырысы барысында заңсыз жұмыс істеп тұрған барлық майнингтік фермаларды анықтауды тапсырды.
 
 Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны