11.03.2022, 17:17 42231

ҚР білім және ғылым вице-министрі қызметінен босатылды

ҚР Үкіметінің Қаулысымен Бибігүл Асылова берген өтінішіне сәйкес ҚР білім және ғылым вице-министрі қызметінен босатылды.
ҚР білім және ғылым вице-министрі қызметінен босатылды
Сурет: primeminister.kz
НҰР-СҰЛТАН. 11 НАУРЫЗ - Қазақстан Республикасы Үкіметінің Қаулысымен Бибігүл Амангелдіқызы Асылова берген өтінішіне сәйкес Қазақстан Республикасының білім және ғылым вице-министрі қызметінен босатылды. Бұл туралы ҚР Премьер-Министрінің Баспасөз қызметі хабарлайды, деп хабарлайды KAZAKHSTAN TODAY.
 
Бибігүл Асылова 1975 жылы Солтүстік Қазақстан облысында дүниеге келген. 
 
Ақмола қаржы-экономикалық техникумын, Қазақ мемлекеттік басқару академиясын бітірген. 
 
Еңбек жолын 1993 жылы Көкшетау облыстық қаржы басқармасының бюджет бөлімінің жоспарлау, білім беруді және мәдениетті қаржыландыру бөлімінің маманы қызметінен бастады. 
 
1994-1998 жылдары — Көкшетау және Петропавл қалаларының мемлекеттік органдарында маман болып жұмыс істеді. 
 
1998-2016 жылдары — ҚР Қаржы министрлігінің, Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігінің, Мәдениет министрлігінің, Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің құрылымдарында жұмыс істеді. 
 
2016 жылғы маусымнан бастап қазіргі уақытқа дейін ҚР білім және ғылым вице-министрі қызметін атқарды.
 
 Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны