14.10.2022, 13:45 25946

Қазақстанда арандатушылық және манипуляциялық ақпараттың таралуының өсуі байқалады - АҚДМ басшысы

Министрдің айтуынша, Қазақстанда болмаған оқиғаны осы жерде болды деп көрсету, фейк ақпаратты таратудың түпкі мақсаты белгілі.
Қазақстанда арандатушылық және манипуляциялық ақпараттың таралуының өсуі байқалады - АҚДМ басшысы
Сурет: Depositphotos
Астана. 14 қазан. KAZAKHSTAN TODAY - Соңғы кездері ашық арандатушылық бағыттағы, манипуляция ақпараттар көбейіп кетті. Бұл туралы Қазақстанның ақпарат және қоғамдық даму министрі Дархан Қыдырәлі мәлімдеді.
 
Министрдің айтуынша, Қазақстанда болмаған оқиғаны осы жерде болды деп көрсету, фейк ақпаратты таратудың түпкі мақсаты белгілі.
 

Қазір елімізде өтіп жатқан халықаралық іс-шаралар мен көптеген елдің лидерлерінің келуі, халықаралық деңгейдегі түрлі тарихи маңызды шешімдердің қабылдануы Қазақстан имиджіне оң әсер етері белгілі. Ал әлгіндей жалған, әдейі жасалған ақпараттық шабуылдар уыздай ұйып отырған ұлттың берекесін кетіру үшін әдейі жасалатыны анық", - деді Қазақстанның ақпарат және қоғамдық даму министрі.

 
Сондықтан Дархан Қыдырәлі "әсіресе, әріптестеріне әлеуметтік желідегі тексерілмеген ақпараттарға сергек қарап, тек қана дәйекті мәліметтерге сүйенуді сұрайды".
 
Бұған дейін әлеуметтік желілерде Қазақстан қалаларының бірінде жасалған ер адамды ұрып-соғу туралы бейнежазба пайда болған. Видеодағы жәбірленуші - Ресей Федерациясынан келген мигрант, ал шабуыл жасағандар - Қазақстан азаматтары деген болжам. Бұл кадрларға ҚР Ішкі істер министрлігі түсініктеме берді.
 
Ведомствоның хабарлауынша, қазір бейнежазбаның Қазақстанда шынымен түсірілгені туралы ешқандай дәлел жоқ. Осы видео бойынша тексеру шаралары жүргізілуде. Полицияға өтініш түскен жоқ, деп хабарлайды stopfake.kz.
 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны