02.11.2022, 13:52 35531

ҚР Үкіметінде жылыту маусымын өткізу мәселелері талқыланды

ҚР Премьер-Министрінің бірінші орынбасары Роман Скляр 2022-2023 жылғы жылыту маусымын өткізу мәселелері бойынша кеңес өткізді.
ҚР Үкіметінде жылыту маусымын өткізу мәселелері талқыланды
Сурет: Depositphotos
Астана. 2 қараша. KAZAKHSTAN TODAY - ҚР Премьер-Министрінің бірінші орынбасары Роман Скляр 2022-2023 жылғы жылыту маусымын өткізу мәселелері бойынша кеңес барысында Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі "ҚТЖ" ҰК" АҚ-мен бірлесіп, оңтүстік өңірлердегі энергия көздеріне отынды тұрақты жеткізуді қамтамасыз етуді тапсырды, деп хабарлайды ҚР Үкіметінің баспасөз қызметі.
 
Жылыту маусымы барлық өңірлерде басталып, тұрақты өтіп жатыр. Еліміздің электр станцияларында 5 энергоблок, 42 қазандық және 31 турбина жөнделді, 4,3 млн тонна көмір және 88 мың тонна мазут бар, бұл нормативтерге сәйкес келеді. Әлеуметтік инфрақұрылым нысандары мен тұрғын үйлер қыс мезгіліне дайын. Автономды қазандықтарда қажетті отын қоры жиналды.
 
Кеңесті қорытындылай келе, Роман Скляр әкімдіктерге жеткізілген отын үшін коммуналдық қызметтер мен энергия көздері үшін дебиторлық берешекті төмендету бойынша жұмыс жүргізуді тапсырды.
 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны