14.12.2022, 09:35 19106
Смайылов Үкіметтің жұмысы туралы: талап өте жоғары, ал қолымнан келмейді десеңіздер қазірден орынды босатыңыздар
Сурет: primeminister.kz
Достарға айту
Астана. 14 желтоқсан. KAZAKHSTAN TODAY - ҚР Премьер-Министрі Әлихан Смайылов Үкімет мүшелеріне жүгінді. Оның айтуынша, өз қабілеттеріне сенімді емес министрлер отставкаға кету туралы өтініш бере алады, деп хабарлайды ҚР Үкіметінің баспасөз қызметі.
Жақында Президент сайлауы өтті. Оған дейін Конституцияға өзгертулер енгізілді.Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың алдағы 7 жылға арналған сайлауалды бағдарламасы белсенді түрде іске асырылуы тиіс. Қоғам бізден нақты, оң өзгерістер күтіп отыр", - деді Смайылов.
Ол бағыт айқын екенін атап өтті. Өзара байланысты үш қағидатқа, яғни, Әділетті мемлекет - Әділетті экономика - Әділетті қоғамға негізделген жаңа мемлекеттік саясатты қалыптастыру.
Мемлекет басшысы бізден "Жаңа жылға Үкіметтің қазіргі құрамымен аяқ басуға бола ма?" деген сұраққа нақты жауап күтеді. Мен Премьер-Министр ретінде Президент жүктеген міндеттерді орындауға әрі тиімді шешуге бар күшімді саламын. Осында отырған әрбір Үкімет мүшесінен де нақты жұмыс күтілуде. Біздің жұмысымыздың нәтижесін қазақстандықтар сезінуі керек. Талап өте жоғары. Ал қолымнан келмейді, шешім қабылдай алмаймын десеңіздер қазірден орынды босатыңыздар! Халыққа шын жаны ашитын, мойнына жауапкершілік алып, батыл шешім қабылдайтын адамдармен ғана жұмысты жалғастырамыз. Сонда көздеген мақсатқа жетуге болады", - деді Үкімет басшысы.
Отырыс барысында бүгін Мемлекет басшысының Сайлауалды бағдарламасын іске асыру жөніндегі шараларды талқылануда.
Республикалық штаб құрылды. Оның құрамына орталық мемлекеттік органдар мен жергілікті атқарушы органдардың барлық бірінші басшылары кірді. Штаб отырыстарын жүйелі түрде өткізіп тұрамыз. Сайлауалды бағдарламаны іске асыру жөніндегі Іс-қимыл жоспарының әрбір қадамы тұрақты бақылауда болады. Осы Жоспардың барлық тармақтарының орындалуы үшін бірінші басшылар тікелей жауапты. Үкіметтің кеңейтілген отырысында Мемлекет басшысы бірқатар бағыт бойынша қатаң сын айтты. Әр министр Президент тапсырмалары мен іс-қимыл жоспарының тармақтарын орындау жөнінде жұмыс тәсілін ұсынуы тиіс", - деп қорытындылады Смайылов.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
тақырып бойынша жаңалықтар
03.03.2025, 16:32 21291
ШҚО-да су тасқыны кезеңіне дайындық жүргізілуде
Достарға айту
Шығыс Қазақстан облысында көктемгі су тасқынының алдын алу шаралары жүргізілуде. Қауіпті аймақтарда өзендердегі мұзды әлсірету үшін жарылыс жұмыстары ұйымдастырылып, су өткізу жүйелері тазартылып жатыр, деп хабарлайды Шығыс Қазақстан облысының әкімдігінің баспасөз қызметінен.
Шемонаиха ауданындағы Верх-Уба ауылы маңында мұздың қалыңдығы 60 см-ге дейін жеткендіктен, мамандар арнайы жарылыс жұмыстарын жүргізді. Бұл шара өзен арнасында мұз кептелістерін болдырмау үшін қажет болды. Нәтижесінде 10 692 шаршы метр аумақтағы мұз қабаты әлсіретілді. Жұмысқа ТЖД қызметкерлері, құтқарушылар, "KazExploService" ЖШС мамандары және жергілікті билік өкілдері қатысты.
Глубокое ауданында да осындай шаралар жүргізілді. Глубочанка өзенінің сағасында 3 232 шаршы метр аумақта мұз қабаты бұзылды. Сарапшылардың айтуынша, мұзды алдын ала бұзу - судың еркін ағуына мүмкіндік беріп, тасқын қаупін азайтады.
Глубокое кентінде және Белоусовка, Прапорщиково, Уварова, Прогресс, Черемшанка ауылдарында да дайындық жұмыстары жүріп жатыр. Бұл елді мекендерде арық жүйелері тазартылып, жаңа су арналары қазылуда. Сондай-ақ су басу қаупі бар аймақтарға қажетті материалдар жеткізілуде.
Мұндай іс-шаралар су тасқынының салдарын барынша азайтуға бағытталған және төтенше жағдайлар қызметінің тұрақты бақылауында өтеді. Мамандар қажетті шараларды уақтылы қабылдау үшін мұз жағдайын бақылауды жалғастыруда.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
03.03.2025, 16:22 22251
Қазақстанда суық суға тарифтер бір айда шамамен 30% - ға өсті
Достарға айту
2025 жылғы ақпанда тұтыну бағаларының айлық индексі 1,5% құрады (2025 жылғы қаңтарда - 1,1%). Ақылы қызметтер - 2,1%, азық-түлік тауарларының бағасы - 1,5%, азық-түлік емес тауарлар 1% өсті, деп хабарлайды Қазақстанның Ұлттық статистика бюросының баспасөз қызметінен.
Тұрғын үй-коммуналдық қызметтер саласында төлемақы суық суға - 29,2%, орталықтан жылытуға - 6,2%, ыстық суға - 5,3%, домофонға - 4,7%, электр энергиясына 1,8% өсті. Монша қызметтері - 2,1%, дәрігерге алғаш қаралу қызметтері - 1,9%, шаштараздар мен сұлулық салондарының қызметтері 1,3% қымбаттады.
Азық-түлік тауарларынан баға қиярға - 12,7%, қырыққабатқа - 12,3%, картопқа - 16,4%, қызанаққа - 6,1%, қызылшаға - 5,1%, лимонға- 4,9%, сиыр етіне - 3,7%, сарымсаққа - 3,2%, картопқа, жүзімге - 3,1%, күнбағыс майына - 3 %, алмаға - 2,7%, қой етіне 2,3% өсті. Бағаның төмендеуі апельсинге - 2,2%, күрішке - 1,4%, жұмыртқаға - 1,2% қарақұмық жармасына 1% байқалды.
Ағымдағы жылдың ақпан айында тұрмыстық бұйымдарға баға 2,5%, автомобильдерге - 1,3%, құрылыс материалдарына - 1,1%, киім мен аяқ киімге 1% өсті. Баллондағы сұйытылған газ 10,5% қымбаттады.
Өңірлер ішінде ең жоғары айлық инфляция Астана қаласында - 2,9% (орташа республикалық деңгейден 1,4 п.т. жоғары), ең төмені Абай және Қызылорда облыстарында - әрқайсысында 0,7%-дан тіркелді.
Өңірлер бөлінісінде азық-түлік тауарларының ең жоғары бағасы Шымкент қаласында 3%, азық-түлік емес тауарлар - Маңғыстау облысында 2,5%, ақылы қызметтер - Астана қаласында 4% өсті.
2025 жылғы ақпанда жылдық мәнде инфляция деңгейі 9,4% құрады. Ақылы қызметтердің бағасы - 14,1%, азық-түлік емес тауарлардың бағасы - 8,7%, азық-түлік тауарларының бағасы 6,5% жоғарылады.
2024 жылғы ақпанмен салыстырғанда суық суға тарифтер - 70,7%, электр энергиясына - 21%, орталықтан жылытуға - 18,2%, су бұруға - 17,3%, ыстық суға - 14,5%, тарату желілері бойынша тасымалданатын газға - 13,2%, қоқыс шығаруға 11,1% жоғарылады. Теміржол жолаушылар көлігінің қызметтері - 20%, ұялы байланыс қызметтері - 19,5%, медициналық зертханалар мен рентген кабинеттерінің қызметтері - 18,4%, сәлемдемелер жіберу - 17,7%, дәрігерге алғашқы қаралу қызметі 15,5% қымбаттады.
Ноутбуктің бағасы - 67,2%, ас үй пеші - 55,4%, сымсыз құлаққаптар - 47,7%, планшет 46,8% қымбаттаған. Бағаның өсуі корвалолға - 33,2%, канефронға 26,9% байқалды. Азық-түлік ішінде картоп - 62,1%, пияз - 27,3%, қырыққабат - 20,2%, сарымсақ - 18,3%, қызылша 15,2% қымбаттаған. Керісінше, қарақұмық жармасы жылдық мәнде - 20,4%, сәбіз - 6,6%, күріш - 5,7%, жұмыртқа 5,3% арзандаған.
Инфляция деңгейін сипаттайтын тұтыну бағалары индексінің көрсеткіші ай сайын есептеледі. Бақылаулар қызметтер мен тауарлардың тарифтері мен бағалары - барлығы 508 позиция бойынша жүргізіледі. Инфляция бойынша динамикалық өзгерістерді 2018 жылдан бастап көрсеткіштер қамтылған арнайы әзірленген интерактивті дашбордта көруге болады.
2025 жылғы қаңтардан бастап тұтыну бағаларының индексін есептегенде азық-түлік тауарларының үлесі - 40,0%, азық-түлік емес тауарлар - 30,3%, ақылы қызметтер 29,7% құрады.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
03.03.2025, 16:15 22561
Алматыда қорғаныс саласын дамытудың өзекті мәселелері талқыланды
Достарға айту
Алматыда өткен қорғаныс-өнеркәсіп кешені кәсіпорындары қауымдастығының III конференциясында қорғаныс ведомствосының басшысы генерал-полковник Руслан Жақсылықов мемлекеттік қорғаныс тапсырысын қалыптастыру мен орындаудың басымдықтарын айқындады, деп хабарлайды Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметінен.
Конференцияға қатысушылар қорғаныс саласын дамытудың өзекті мәселелерін талқылады. Кәсіпкерлердің пікірінше, келісімшарттың бір жылдық мерзімі күрделі жұмыстарды, жоғары технологиялық тапсырыстарды орындау үшін жеткіліксіз. Іс жүзінде олар көптеген компоненттерді жеткізуді талап етеді, ал қазіргі кезде логистикаға қатысты мәселелер келісімшарт талаптарының бұзылуына әкеледі.
Қорғаныс министрі жасалатын келісімшарттардың мерзімін үш жылға дейін ұлғайтуды қарастыруды ұсынды, сонымен қатар ол мемлекеттік орган мен қорғаныс-өнәркәсіп кешендері кәсіпорындары қауымдастығының отандық өндірісті дамыту және жалған кәсіпкерлік, жасырын импорт пен бағаны негізсіз көтеру фактілерін анықтауға күш-жігерді біріктіруге шақырды.
Бүгінде қорғаныс-өнеркәсіп саласында 120-дан аса компания бар, дегенмен олардың барлығы нақты өндірушілер емес. Олардың біразы өнім шығармай-ақ мемлекеттік қорғаныс тапсырысы аясында қаржы алуды көздейтіндер", - деді ол.
Қорғаныс министрінің пікірінше, бұл мәселені құрамында Қорғаныс министрлігі, Бас прокуратура, ҚР Қаржы мониторингі агенттігі және "Атамекен" ҰКП өкілдері бар комиссия құру арқылы шешуге болады. Бұл комиссия өзін әскери мақсаттағы өнім өндірушілер ретінде көрсететін кәсіпорындарды тексереді. Одан өзге министр, шетелден технологияларды сатып алу кезінде де өндірісті одан әрі оқшаулау Қазақстанда болуы тиіс екенін атап өтті.
Сонымен қатар, қорғаныс ведомствосының басшысы Семей танк жөндеу зауытының базасында кластер құру қажеттігін мәлімдеді.
Өндіріс орны бронды танк техникасын ғана емес, қару-жарақты, артиллериялық жүйелерін, трансмиссиялардың күштік қондырғыларын жөндеуге де мамандануы тиіс. Мұның бәрі орындалуы керек", - деді министр.
Конференция қорытындысы бойынша Қорғаныс министрлігі мен Қорғаныс-өнеркәсіп кешендері кәсіпорындарының қауымдастығы отандық қорғаныс саласын дамытудың бірыңғай стратегиялық тұғырнамасын әзірлеу үшін бірлескен комиссия құруға шешім қабылдады.
Қорғаныс министрі қауымдастық мүшелері көтерген барлық мәселелер өзекті болып табылатынын атап өтіп, бағаны реттеу мен келісімшарттардың мерзімдерін ұзарту жөнінде бірқатар тапсырмалар беретінін алға тартты. Сондай-ақ ол Қорғаныс министрлігі мен Қорғаныс-өнеркәсіп кешендері кәсіпорындары қауымдастығының өкілдері кіретін жұмыс тобы шеңберінде барлық проблемаларды шешуге болатынына сенім білдірді.
Естеріңізге сала кетсек, 2025 жылғы 13 ақпанда "Қазақстан Республикасының мемлекеттік басқару жүйесін одан әрі жетілдіру жөніндегі шаралар туралы" Президент Жарлығының қабылдануымен мемлекеттік қорғаныс тапсырысын қалыптастыру міндеттері Қорғаныс министрлігінің қарамағына берілді.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
03.03.2025, 11:23 23261
Мемлекет басшысы "Түркістан қаласының ерекше мәртебесі туралы" Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды
Достарға айту
Мемлекет басшысы "Түркістан қаласының ерекше мәртебесі туралы" Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметінен.
Заңда еліміздің рухани, тарихи-мәдени, туристік орталығы және сәулет мұрасы ретіндегі Түркістан қаласының ерекше мәртебесі бекітілген.
Құжатта:
- тарихи-мәдени мұраны сақтау - Қожа Ахмет Ясауи кесенесі мен басқа да ескерткіштерді қорғау;
- археологиялық және ғылыми-реставрациялық жұмыстарды реттеу;
- тарихи-мәдени мұраны қайта жаңғырту және ұлттық қолөнерді дәріптеу;
- қорғау аймағында биіктігі мен сәулеті үйлеспейтін ғимараттарды салмау;
- археологиялық ескерткіштердің резерватын құру;
- мүгедектігі бар адамдарға қолжетімді инфрақұрылым және инклюзивті туризм құру арқылы қалада жайлы орта қалыптастыру;
- қаланың бірыңғай келбетін - сәулет ерекшелігін сақтау үшін дизайн код енгізу;
- басқару мен бақылау үшін әкімдік пен мәслихат өкілеттігін кеңейту;
- мемлекет тарапынан қолөнер шеберлерін қолдау мен көлік транзитін реттеу;
- туризмді дамыту және тұрмыс сапасын арттырумен қатар қаланың тарихи ерекшелігін сақтау қарастырылған.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
03.03.2025, 10:19 24031
Алматы-Дананг әуе бағыты ашылады
Достарға айту
Биылғы жылдың 4 маусымынан бастап қазақстандық "Air Astana" әуе компаниясы Алматы-Дананг бағыты бойынша Вьетнамға жаңа бағыт ашуды жоспарлап отыр. Рейстер аптасына екі рет (сәрсенбі және сенбі күндері) Airbus A321LR ұшағымен орындалады, деп хабарлайды Қазақстан Республикасы Көлік министрлігінің баспасөз қызметінен.
Нәтижесінде, Қазақстан мен Вьетнам арасындағы рейстердің жалпы саны аптасына 32-ден 34-ке дейін артады.
Әуе қатынасының ашылуы екі ел арасындағы сауда-экономикалық, іскерлік және туристік ынтымақтастықты одан әрі дамытуға ықпал етеді деп күтілуде.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
01.03.2025, 13:39 80576
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқын Рамазан айының басталуымен құттықтады
Достарға айту
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқын Рамазан айының басталуымен құттықтады, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметінен.
Құрметті отандастар! Баршаңызды қасиетті Рамазан айының басталуымен құттықтаймын!
Бұл - халқымыздың рухани өмірінде айрықша маңызы бар кезең.
Ораза кезінде сабырлылық пен қанағатшылдық, жанашырлық пен қамқорлық секілді ізгі құндылықтар ерекше дәріптеледі. Азаматтарымыз мұқтаж жандарға көмек беріп, қайырымдылық жасауға ұмтылады. Мұның бәрі ислам дінінің гуманистік идеяларынан бастау алады.
Халқымыз үшін дін мен дәстүр - бірін-бірі толықтырып, өзара сабақтасып жатқан егіз ұғым. Асыл дініміз де, ата дәстүріміз де жұртты жақсылық пен жасампаздыққа үндейді.
Биыл Рамазан айы Алғыс айту күнімен тұспа-тұс келіп отыр. Мұның зор символдық мәні бар. Мазмұны терең, мағынасы үндес қос мереке халқымыздың берекелі бірлігін одан әрі нығайта түсуге шақырады.
Оразадан оразаға аман-есен жете берейік!
Баршаңызға бақ-береке тілеймін!
Ниет қабыл болсын!", деген тілек білдірді мемлекет басшысы.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
28.02.2025, 18:30 80831
Ғарыш айлағындағы кездесу: Цифрлық даму министрі мен Роскосмос басшылары бірлескен жобаларды талқылады
Достарға айту
Байқоңыр ғарыш айлағында Министр Жаслан Мәдиев пен "Роскосмос" мемлекеттік корпорациясының бас директоры Дмитрий Бакановтың кездесуі өтті, де хабарлайды Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінен.
Келіссөздер барысында тараптар Қазақстан мен Ресейдің ғарыш саласын дамытудың стратегиялық бағыты болып табылатын бірлескен "Бәйтерек" жобасын жүзеге асырудың маңыздылығын атап өтті. Бұл жоба жаңа зымыран ұшыру инфрақұрылымын құруға бағытталған, ол болашақ зымыран тасымалдағыштарын ұшыруды қамтамасыз етеді. Кездесу барысында қатысушылар жоба жүзеге асырылып жатқан нысандарды аралап, оның іске асу барысымен танысты.
Сондай-ақ, биыл атап өтілетін Байқоңыр ғарыш айлағының 70 жылдығы ерекше назарға алынды. Кездесу барысында мерейтойға арналған негізгі іс-шаралар мен олардың ұйымдастыру мәселелері талқыланды.
Кездесу қорытындысы бойынша тараптар ғарышты зерттеу және ұшыру саласындағы әріптестікті одан әрі нығайтуға, сондай-ақ ғарыш инфрақұрылымын дамытуға және пайдалануға бағытталған бірлескен жобаларды іске асыруға мүдделі екендіктерін растады.
Еске салайық, Дмитрий Баканов 2025 жылдың 6 ақпанында "Роскосмос" мемлекеттік корпорациясының бас директоры болып тағайындалған болатын.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
28.02.2025, 14:15 81141
ОСК аудандық мәслихаттар депутаттығына кандидаттардың шығыстарының мөлшерін бекітті
Достарға айту
2025 жылғы 30 наурыздағы тағайындалған Қазақстан Республикасы мәслихаттарының шығып қалған депутаттарының орнына сайлауда аудандар мәслихаттарының депутаттығына кандидаттың республикалық бюджет қаражатынан жабылатын шығыстарының мөлшерлерін бекітті, деп хабарлайды ОСК баспасөз қызметінен.
1. Аудандар мәслихаттарының депутаттығына кандидаттың республикалық бюджет қаражатынан жабылатын шығыстарының мынадай мөлшерлері белгіленсін:
1) бағдарламаны бұқаралық ақпарат құралдарында баяндау - 240 000 (екі жүз қырық мың) теңге;
2) сайлау алдындағы жария іс-шараларды өткізу және үгіт материалдарын шығару - 120 000 (жүз жиырма мың) теңге;
3) көліктік шығыстар - 65 000 (алпыс бес мың) теңге.
2. Осы қаулы Абай, Ақмола, Ақтөбе, Алматы, Атырау, Шығыс Қазақстан, Жетісу, Батыс Қазақстан, Қарағанды, Қостанай, Қызылорда, Маңғыстау, Солтүстік Қазақстан және Түркістан облыстарының сайлау комиссияларына жіберілсін.
3. Облыстық сайлау комиссиялары осы қаулыны төмен тұрған аумақтық және округтік сайлау комиссияларының, бірмандаттық аумақтық сайлау округтері бойынша аудандар мәслихаттарының депутаттығына тіркелген кандидаттардың назарына жеткізсін.
4. Осы қаулы Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының интернет-ресурсында жариялансын.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
ИНТЕРНЕТ ТЕЛЕВИДЕНИЕ
KAZAKHSTAN TODAY LIVE
Ең көп оқылғаны
27.02.2025, 16:48Жамбыл облысында қуаты 3 млн тонна болат өндіретін металлургия комбинаты салынады 27.02.2025, 16:39 129396LRT вагондарын құрастыру басталды27.02.2025, 16:43 129186Қызылорда облысында су тасқынының алдын алу мақсатында 5,4 шақырым қорғаныс бөгеті қалпына келтірілді28.02.2025, 13:45 104666Жетісу прокуратурасы алимент төлемеген борышкерлерді қылмыстық жауаптылыққа тартуды талап етуде28.02.2025, 10:39 96536Қазақстанда 12 блогер 1,4 млрд теңге көлемінде қосымша табыстарын декларациялады
13.02.2025, 08:03 268801ШҚО бойынша "Қазсушар" филиалы тасқын суын апатсыз өткізуге дайындық бойынша іс-шаралар жоспарын бекітті13.02.2025, 07:57 259906Полиция алаяқтық қоңыраулардың алдын алды: 24 мыңнан астам sim-карта тәркіленді12.02.2025, 14:56 206501Алматыда 2040 жылға дейін жылумен жабдықтауды дамыту жоспары әзірленді17.02.2025, 14:04 167991Су ресурстары және ирригация министрлігі қоршаған ортаны қорғауға 2,5 млрд текше метр су жібереді17.02.2025, 15:01 167726Мемлекет басшысы Литва Президентіне құттықтау жеделхатын жолдады