Мәжіліске үміткерлер қарапайым жұмысшылармен кездесті
Сурет: AMANAT
Павлодар. 2 марта. KAZAKHSTAN TODAY - Бүгін "AMANAT" партиясы атынан ҚР Парламенті Мәжілісіне үміткерлер мен облыстық мәслихат депутаттығына үміткер азаматтар сайлауалды үгіт-насихат бойынша облыс орталығындағы бірнеше мекеме жұмысшыларымен кездесті. ҚР Парламенті Мәжілісіне партиялық тілім бойынша атын ұсынған Анатолий Бойчин және облыстық мәслихат депутаттығына үміткер Раушан Даумова мен Байғабыл Майкотов "12 месяцев" сауда үйіне барып, сатушылармен және тұтынушылармен кездесті.
Кездесу барысында дүкен сатыушылардың және қала тұрғындардың сұрақтарына жауап беріп, "AMANAT" партиясының сайлауалды бағдарламасын түсіндірді. Сонымен қатар, алдағы уақытта атқарылатын жұмыстармен бөлісті.
Партиялық тізім бойынша Мәжіліске үміткер Нұржан Әшімбетов және облыстық мәслихат депутаттығына үміткер Ирина Чидунчи, Света Абдраманова Павлодар қаласының халыққа қызмет көрсету орталығында болды. Орталық мамандарымен және әртүрлі мемлекеттік қызмет алуға келген тұрғындармен әңгімелесіп, олардың сұрақтарына жауап берді. Белсенділер 2023-2027 жылдарға арналған "ХАЛЫҚПЕН БІРГЕ!" сайлауалды бағдарламасы аясында көрсетілген мақсат-міндеттерге тоқталды. Нұржан Әшімбетовтің сөзінше, "AMANAT" партиясының бес жылдық сайлауалды бағдарламасында қарапайым еңбек адамдарының мәртебесін көтеріп, табысын арттыру бағытында нақты міндеттер көрсетілген. Мәселен, мемлекеттік және азаматтық қызметкерлердің еңбекақысын арттыру арқылы жалақы жүйесін қайта қарастыру көзделген.
ҚР Парламенті Мәжілісіне үміткер Анатолий Бойчин, Вера Ким және облыстық мәслихатының депутаттығына үміткер Рамиль Смаилов "ОLYMP" клиникалық-диагностикалық зертханалар орталығының жұмысшыларымен кездесу өткізді.
Алдымен Анатолий Бойчин Павлодар облысы атынан Мәжіліске және мәслихатқа аттарын ұсынған азаматтармен таныстырып, "AMANAT" партиясының сайлауалды бағдарламасына тоқталды.
- Бұл сайлау бұрынғыдан өзгерек. Себебі биыл Парламенті мәжілісі жаңартылған жүйе бойынша құрылатын болады. Атап айтқанда, депутаттардың 70 пайызы партиялық тізіммен және 30 пайызы мажоритарлық негізде сайланады. Ал облыстық мәслихатқа баратын депутаттардың 50 пайызы бір мандаттық жүйе арқылы, 50 пайызы партиялық тізім бойынша өтеді. Биылғы сайлау науқанына жалпы 7 партия қатысып, өз бағдарламаларын ұсынды. Соның ішінде "AMANAT" партиясы ең ауыр кезеңде халықпен бірге болған партиялардың бірі, - деп атап өтті Анатолий Бойчин.
Белсенділер партияның сайлауалды бағдарламасы бойынша алдағы уақытта медицина саласында қандай жаңашылдықтар болатынын атап өтті. Мәселен, жаңғыртылған және жаңа медициналық-әлеуметтік мекемелер базасында Қарттарға күтім қызметі құрылады. Олар медициналық және паллиативтік көмекпен, үйде күтім жасаумен қамтамасыз етеді, белсенді өмір салтын жүргізуге жәрдемдеседі. Бағдарламада медицина саласы сапасын арттыруға бағытталған өзге де өзекті ұсыныстар қамтылған.
Сонымен қатар, "AMANAT" партиясының облыстық сайлауалды штабының мүшелері "Баянтау" спорт кешенінде сайлаушыларымен кездесіп, партияның сайлауалды бағдарламасы арқылы спорт саласындағы атқарылуы тиіс жұмыстармен бөлісті. Спортшылармен және жаттықтырушылармен кездесуге ҚР Парламенті Мәжілісіне үміткер Анатолий Бойчин, Вера Ким, облыстық мәслихатқа үміткер Олег Костенко, Жанбол Жилбаев барды.
- Мен партия тізімі бойынша облыстық мәслихатқа үміткермін. Жалпы, мәслихат депутаты деген қоғамдық жұмыс. Ол үшін ешкімнен ол үшін ақы алмайды. Егер, өтіп жатсақ билік пен халық арасына алтын көпір болуға тырысамыз. Себебі, ел арасында түйіні шешілмеген маңызды мәселе көп. Үгіт-насихат жұмысы басталғалы көп жерге барып, халықпен кездестік. Тұрғындар әртүрлі салада мәселе көтеріп, ұсыныстарын білдірді. Оның барлығын орталық штаб арқылы билікке жеткізіп жатырмыз. Сондықтан, 19 наурыз күні өз сайлау учаскелеріңізге барып, таңдауларыңызы жасауға шақырамын, - деді Жанбол Октябрьұлы.
AMANAT" партиясының сайлауалды бағдарламасында спортты дамытуға қатысты кешенді жоспар құрылған. Яғни, балалар спорт секциясына, шығармашылық студияға немесе техникалық үйірмеге тегін қатысуы үшін "Арт Спорт" бағдарламасын одан әрі жалғастыратын болады. "Сондай-ақ, барлық мектептегі спорт инфрақұрылымын жаңартамыз, ауылдарда тез салынатын спорт ғимараттарының құрылысын қамтамасыз етеміз" - дейді партия мүшелері.
Дайындаған: "AMANAT" партиясы Павлодар облыстық филиалының баспасөз қызметі, Павлодар қаласы, Кривенко көшесі, 25А
Тапсырыс беруші: И.С. Теренченко
Павлодар облыстық мәслихаты депутаттарының сайлауында партиялық тізімді ұсынған "AMANAT" партиясы Сайлау қорының қаражатынан төленді. *Осы ақпаратты кез келген бұқаралық ақпарат құралдарында (сайттарда, БАҚ аккаунттарында, әлеуметтік желілерде және блог-платформаларда, мессенджерлерде) қайта басып шығаруға, қайталауға, көшіруге, қайта жариялауға, репост жасауға және өзге де шығаруға және/немесе таратуға тыйым салынады. Сондай-ақ, осы ақпаратты әлеуметтік желілерде, әлеуметтік желілер мен әлеуметтік платформалардың аккаунттарында, мессенджерлерде таратуға тыйым салынады.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.