29.03.2023, 10:06 18786
Қазақстан Үкіметі отставкаға кетті
Достарға айту
Тоқаев тиісті Жарлыққа қол қойды
Астана. 29 наурыз. KAZAKHSTAN TODAY - Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан Республикасының Үкіметі туралы 2023 жылғы 29 наурыздағы Жарлыққа қол қойды, деп хабарлайды Ақорда.
Қазақстан Республикасы Конституциясының 70-бабының 1-тармағына, "Қазақстан Республикасының Үкіметі туралы" Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 4-бабына сәйкес, жаңадан сайланған Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің алдында Қазақстан Республикасы Үкіметінің өкілеттігін доғаруына байланысты Президент қаулы етеді:
1. Қазақстан Республикасы Үкіметінің жаңа құрамы бекітілгенге дейін Қазақстан Республикасының Үкіметі өз міндеттерін атқаратын болсын.
Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Конституцияға сәйкес, Парламент жаңадан айланғаннан Үкімет өз өкілеттігін тоқтатады. Біз отставкаға кетеміз. Бірақ жаңа үкімет құрылғанға дейін міндетімізді атқара береміз. Жаңа Премьер-Министр кім болатынын Президент пен жаңа Мәжіліс шешеді. Әрине, біз кез келген өзгерістерге және еліміз үшін жұмыс істеуге дайынбыз", - деді Әлихан Смайылов сайлауда дауыс берген соң БАҚ өкілдерінің сауалына бере тұрып.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
тақырып бойынша жаңалықтар
27.12.2024, 17:14 421
Қазақстанда мәдениет қызметкерлеріне арналған алғашқы оңалту орталығы ашылды
Достарға айту
Қазақстанда мәдениет қызметкерлеріне арналған алғашқы оңалту орталығы ашылды, деп хабарлайды "Самұрық-Қазына" АҚ баспасөз қызметінен.
Самұрық-Қазына" қорының қолдауымен ашылған оңалту орталығында "Астана Опера" қызметкерлері ұзақ уақытқа созылатын қажырлы еңбектен кейін денсаулықтарын қалпына келтіре алады.
Бұл - балет әртістерінің, оркестр мүшелерінің, Орталық Азиядағы ең ірі театр қызметкерлерінің шығармашылық мүмкіндіктерін қолдау үшін маңызды қадам. Орталықта кәсіби көмек қолжетімді болып, маңызды мәселе шешіледі", - деді "Самұрық-Қазына" басшысы Нұрлан Жақыпов орталықтың ашылу рәсімінде.
Жыл сайын профилактика және оңалту бағдарламасы бойынша 600 адамға, атап айтқанда, балет әртістері, оркестр мүшелері және "Астана Опера" театрының өндірістік цех қызметкерлеріне қызмет көрсетіледі.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
27.12.2024, 17:10 46
Мас жүргізуші - қылмыскер!
Достарға айту
Батыс Қазақстан облысы Орал қаласы прокуратурасының бастамасымен сотталғандардың қайталанатын қылмыс жасауына жол бермеу мақсатында сотта бұрын көлік жүргізу құқығынан айырылған сотталғандардың қатысуымен үлгі ретінде ашық сот отырысы өтті, деп хабарлайды Батыс Қазақстан облысының прокуратурасының баспасөз қызметінен.
Қазақстан Республикасының заңнамасында әкімшілік жауапкершілікпен қатар мас күйінде көлік жүргізгені үшін қылмыстық жауапкершілік те қарастырылған.
Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 346-бабына сәйкес көлік құралдарын басқару құқығынан айырылған және алкогольдік, есірткілік және (немесе) уытқұмарлық масаң күйдегі адамның көлік құралын басқаруы не көлік құралын басқаруды осындай адамға беру, сол сияқты осындай адамның көлік құралын басқаруына лауазымды адамның немесе көлік құралы меншік иесінің не иеленушісінің жол бергені үшін көлік құралын басқару құқығынан өмір бойына айырумен 10 жылға дейін бас бостандығынан айырумен жазаланады.
Оқиғаларды талдау жүргізушілердің заңсыз әрекеттері қасақана жасалғанын көрсетті.
Алдын алу шаралары мен ескертулерге қарамастан, жүргізушілердің заңсыз әрекеттері толастамай тұр.
Биылғы жылы 163 жүргізуші сотталды, олар көлік құралын басқару құқығынан айыру туралы сот шешіміне қарамастан, масаң күйінде қайтадан көлікті басқарған.
Мысалы, азамат "З" масаң күйінде көлік жүргізгені үшін алынбаған және өтелмеген соттылық кезінде мас күйінде көлікті қайтадан жүргізген.
Айыптау үкіміне мемлекеттік айыптаушының принципиалды ұстанымы және сотталушының кінәсі туралы сотқа ұсынған бұлтартпас дәлелдері ықпал етті.
Сот оны кінәлі деп тауып, басқару құқығынан өмір бойына айыра отырып 4 жылға бас бостандығынан айыру жазасын тағайындап, жазасын қылмыстық-атқару жүйесінің қауіпсіздігі барынша жоғары мекемесінде өтеуді белгіледі.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
27.12.2024, 17:00 316
Үкіметте Алматы қаласының экологиялық бағдарламасы талқыланды
Достарға айту
Үкіметте Премьер-министр Олжас Бектеновтің төрағалығымен "Жасыл экономикаға" көшу жөніндегі кеңестің отырысы өтті. Кеңесте Президенттің экологиялық тепе-теңдікті сақтау және еліміздің тұрақты экономикалық прогресін қамтамасыз ету жөніндегі тапсырмаларының орындалу барысы қаралды. Алматы қаласы, Шығыс Қазақстан және Қарағанды облыстары әкімдерінің "жасыл экономика" индикаторларына қол жеткізу жөніндегі іс-шаралар жоспарын іске асыру туралы баяндамалары тыңдалды, деп хабарлайды Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметінен.
Алматы әкімі Ерболат Досаев Премьер-министрге "жасыл экономикаға" көшу жөніндегі іс-шаралар жоспарын іске асыру барысы туралы баяндады. Қазіргі таңда ауаның ластануын азайту, орман қорын дамыту, су ресурстарын тиімді пайдалану мен қалдықтарды басқару, ESG-қағидаттарын енгізу және "жасыл" облигациялар шығару бойынша жұмыстар басым бағыттар ретінде айқындалған.
Мамандардың есептеуі бойынша, Алматы агломерациясында ауаға шығарылатын зиянды заттардың жалпы көлемі 225,2 мың тоннаға жетеді, оның шамамен 84%-ы мегаполистің өзіне тиесілі. Қалада зиянды қалдықтардың ең көп үлесін, яғни, 60%-ын автокөліктер, ал 27%-ын өнеркәсіп кәсіпорындары шығарады. Әкім Алматыда Атмосфералық ауаны қорғаудың жаңа ережелері әзірленгенін, ол 2025 жылдың бірінші тоқсанында Мәслихаттың қарауына ұсынылатынын атап өтті. Олар жылжымалы және стационарлық көздерді қатаң реттеуге мүмкіндік береді.
Сонымен қатар ЖЭО жаңғырту жұмыстары жалғасуда. Нәтижесінде, ауаға тарайтын зиянды заттар көлемі 93%-ға, яғни 37,3 мың тоннадан 2,7 мың тоннаға дейін төмендейді. 2026 жылы жылу көзі көмірден газға ауысады деп күтілуде. Сондай-ақ жеке тұрғын үй секторын газбен қамтуға ерекше назар аударылуда, бүгінгі таңда үйлердің 99,4%-на тиісті инфрақұрылым тартылды.
Алматы қаласының ауасына автокөліктің теріс әсерін азайту мақсатында 2024 жылдан бастап дизель отынымен жұмыс істейтін қоғамдық көлікті сатып алуға тыйым салынды. 2024 жылдың қорытындысы бойынша троллейбус паркі 100%-ға жаңартылды, автобус паркін жаңғырту 2025 жылы одан әрі жалғасады. Бұл ретте, 2024 жылғы 1 желтоқсандағы жағдай бойынша еліміздегі электромобилдердің 58%-ы немесе 7 875 бірлікті құрайтын ең көп саны Алматыда тіркелген.
Сондай-ақ Ерболат Досаев Мемлекет басшысының "Алматы - бақ-қала" мәртебесін жандандыру жөніндегі тапсырмасын орындау аясында жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы баяндады. 2030 жылға дейін 2,5 млн жасыл желек отырғызу жөніндегі жол картасына сәйкес, 2023-2024 жылдар кезеңінде мегаполисте 643 мың ағаш көшеті отырғызылды. Сонымен қатар Жасыл желектерді қорғау мен күтіп-ұстаудың жаңа ережелеріне сәйкес, суару жүйесін міндетті түрде жүргізу нормасы енгізілді. Осының нәтижесінде 2 жыл ішінде 500 км автосуару және тамшылатып суару желілері орнатылды.
Сапалы сумен жабдықтауды қамтамасыз ету үшін 2024 жылы жалпы қуаты тәулігіне 54,3 мың м3 болатын жаңа су көздері пайдалануға берілді. Сондай-ақ 2025 жылы толығымен аяқтау жоспарланып отырған тұрмыстық қатты қалдықтарды жинау инфрақұрылымын жаңғырту барысы туралы да баяндалды. Алматы әкімі Ерболат Досаев қытайлық Shanghai SUS Environment Co. Ltd компаниясымен бірлесіп қуаты тәулігіне 2 мың тоннаға дейін қалдықтарды энергетикалық кәдеге жарату зауытын салу жоспарланып отырғанын атап өтті.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
27.12.2024, 16:45 766
ҚХР Төрағасы Си Цзиньпин Мемлекет басшысына көңіл айту жеделхатын жолдады
Достарға айту
ҚХР Төрағасы Си Цзиньпин Мемлекет басшысына көңіл айту жеделхатын жолдады, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметінен.
Қытай Халық Республикасының Төрағасы Си Цзиньпин Ақтау маңында Azerbaijan Airlines әуе компаниясының жолаушылар ұшағы апатқа ұшырауы салдарынан көптеген адамның, соның ішінде Қазақстан азаматтарының қайтыс болғаны туралы суыт хабарды терең күйзеліспен қабылдағанын жеткізді.
Сондай-ақ Қытай үкіметі мен халқының атынан қаза тапқандардың туған-туыстарына көңіл айтты.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
27.12.2024, 12:04 6976
Алматыда ШОБ субъектілері арасында жаңа жылдық үздік безендіруге арналған байқау басталады
Достарға айту
Алматы қаласының Кәсіпкерлік және инвестициялар басқармасы шағын және орта бизнес өкілдері арасында қасбеттер мен оларға іргелес аумақтарды үздік жаңа жылдық безендіруге арналған байқаудың басталғанын жариялайды, деп хабарлайды Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметінен.
Қатысуға дүкендердің, қоғамдық тамақтану орындарының, қызмет көрсету саласы нысандарының иелері мен Алматының басқа да шағын және орта бизнес өкілдері шақырылады.
Өткізу мерзімі: 26 желтоқсаннан 13 қаңтарға дейін. Байқау қорытындысы 2025 жылдың 14 қаңтарында шығарылады. Байқаудың комиссия құрамына Алматы қаласы Қоғамдық кеңесінің мүшелері, салалық қауымдастықтардың өкілдері мен сарапшылар кіреді.
Жеңімпаздар төрт номинация бойынша анықталады:
Азық-түлік дүкенін үздік безендіру - 1 млн. теңге көлеміндегі жүлде;
Азық-түлік емес дүкенді үздік безендіру - 1 млн. теңге көлеміндегі жүлде;
Қоғамдық тамақтану саласындағы нысанды үздік безендіру - 1 млн. теңге мөлшерінде жүлде;
Қызмет көрсету саласындағы нысанның үздік безендірілуі - 1 млн. теңге көлеміндегі жүлде.
Бас жүлде иегері 2 млн. теңге көлемінде сыйлық алады.
Бизнес нысандарын үздік жаңа жылдық безендіруге арналған байқау ақшалай сыйлық алу мүмкіндігі ғана емес, бұл жаңа жылдық маусымда қаланы жарқын, жайлы әрі тартымды ету мүмкіндігі. Кәсіпкерлердің атсалысуы Алматы тұрғындары мен қонақтарына мерекелік көңіл-күй сыйлайды.
Байқауға қатысу үшін Алматы қаласының Кәсіпкерлік және инвестициялар басқармасына өтінім беру қажет. Өтінімдер электрондық пошта арқылы қабылданады [email protected] осы жылдың 31 желтоқсанына дейін қабылданады. Өтінімге байқауға қатысушыға және оның байқауға ұсынылатын нысанына мінездеме, байқауға қатысушының "Дербес деректер туралы" ҚР Заңына сәйкес дербес деректерді өңдеуге келісімі қоса беріледі. Толық ақпаратты мына телефон нөмірі арқылы алуға болады: +7 747 671 59 96.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
27.12.2024, 11:45 8721
Қазақстанда 37 халықаралық және 98 өңірлік есірткі арналарының қызметі тоқтатылды
Достарға айту
Бас прокуратура есірткі қылмысымен күрес шараларының тиімділігі мәселелері қаралды, деп хабарлады Қазақстан Республикасының Заңдылықты, құқықтық тәртіпті және қылмысқа қарсы күресті қамтамасыз ету жөніндегі үйлестіру кеңесінде Бас прокуратура басшысы Берік Асылов.
Қазақстан Республикасының Заңдылықты, құқықтық тәртіпті және қылмысқа қарсы күресті қамтамасыз ету жөніндегі үйлестіру кеңесінде есірткі қылмысымен күресудің қосымша шаралары әзірленді.
Іс-шараға Президент Әкімшілігінің өкілдері, мемлекеттік органдардың басшылары және басқа да мүдделі тараптар қатысты.
Президент жариялаған "Заң және Тәртіп" тұжырымдамасын жүзеге асыру аясында есірткінің заңсыз айналымына қарсы күрес азаматтардың қауіпсіздігін нығайтудағы және қоғамның тұрақтылығы үшін жағдай жасаудағы негізгі салаға айналуда.
Қадағалау органының басшысы Б.Н. Асылов атап өткендей, мемлекеттік аппарат нашақорлықпен күресуде және есірткі бизнесіне қарсы жан-жақты жұмыс жүргізуде, оның ішінде Нашақорлыққа және есірткі бизнесіне қарсы күрестің 2023 - 2025 жылдарға арналған кешенді жоспары аясында да.
Биылғы жылдың 11 айында 8 мыңнан астам есірткі қылмысы анықталған, оның 2,2 мыңға жуығы сату фактісі бойынша.
4 мыңнан астам адам қылмыстық жауапкершілікке тартылса, соның ішінде 1083 адам есірткіні сатқандары үшін.
37 халықаралық және 98 аймақтық есірткіні жеткізу арналарының жолы кесілген.
Прокуратураның бастамасымен елімізде "Нашақорлыққа жол жоқ" акциясы өткізіліп жатыр, оның аясында 47 мыңнан астам граффити жойылған, есірткіні жарнамалау және оны насихаттау бойынша төрт есе көп қылмыстық істер қозғалған (111-ден 426-ға дейін).
36 есірткіні жарнамалаушы ұсталған.
Бас Прокурордың айтуы бойынша, ақпараттық технологияларды қолдану және халықаралық ынтымақтастықты дамыту арқасында есірткі бизнесін ұйымдастырушыларды белсендірек анықтай бастады.
Мысалы, Қазақстан мен ТМД елдерінде есірткі сататын бір ғана интернет-дүкенде ұйымдастырушылар мен есепшілерді қосқанда 23 қатысушы ұсталған. Құны 90 миллион теңгені құрайтын мүлік тәркіленген.
Павлодарда есірткі өндірісімен айналысқан екі шетелдіктің қызметі тоқтатылған. Оларда Қазақстан мен ТМД елдерінде жұмыс істейтін, айналымы 100 миллион АҚШ долларынан асатын бірнеше есірткі дүкендерінің крипто әмияндары анықталған.
Үйлестіру кеңесі елімізде Ұлттық Таргетинг орталығын Бас прокуратураның Құқықтық статистика және арнайы есепке алу комитетінің негізінде құру жобасының барысын қарастырды.
Бас Прокурор бұл орталықтың қызметі синтетикалық "шөпті" өндіруге арналған өнеркәсіптік химиялық заттарды әкелу мен пайдалануын бақылауды күшейтуге бағытталғанын атап өтті.
Прекурсорлардың айналымын бақылау үшін уәкілетті органдардың дерекқорларымен біріктірілетін ақпараттық жүйе әзірленуде.
Кездесу нәтижесінде есірткі бизнесін ұйымдастырушыларды анықтау үшін ақпараттық технологияларды кеңінен қолдануға, қаржылық тергеуді белсенді пайдалануға, шет ел азаматтарының заңсыз әрекеттерін алдын алу шараларын жүзеге асыруға, ойын-сауық мекемелерінің есірткі саудасы үшін жауапкершілігін арттыруға және т.б. бағытталған шешімдер әзірленді.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
27.12.2024, 11:36 8231
Қазақстан президенті жұмысшы мамандықтар жылын жариялау туралы Жарлыққа қол қойды
Достарға айту
Қазақстан президенті жұмысшы мамандықтар жылын жариялау туралы Жарлыққа қол қойды, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметінен.
Жұмысшы мамандықтарының беделін арттыру және техникалық және кәсіптік білім беру жүйесінің реформасын жүзеге асыру мақсатында ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:
1. 2025 жыл Жұмысшы мамандықтарының жылы деп жариялансын.
2. Қазақстан Республикасының Үкіметі Жұмысшы мамандықтарының жылын өткізу бойынша қажетті шараларды қабылдасын.
3. Осы Жарлықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігіне жүктелсін.
4. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі", деп көрсетілген жарлық мәтінінде.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
27.12.2024, 11:31 10036
Төтенше жағдайлар министрлігі мен Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінде кадрлық өзгерістер орын алды
Достарға айту
Төтенше жағдайлар министрлігі мен Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінде кадрлық өзгерістер болды, деп хабарлайды Үкіметтің баспасөз қызметінен.
Қазақстан Республикасы төтенше жағдайлар министрінің бұйрығымен Серік Тұрсынәліұлы Жүнісбеков Министрліктің Төтенше жағдайлардың алдын алу комитетінің төрағасы қызметіне тағайындалды.
Сондай-ақ, Қазақстан Республикасы өнеркәсіп және құрылыс министрінің бұйрығымен Кенжебаева Айгүл Қаржаубайқызы Министрлік аппаратының басшысы қызметіне тағайындалды.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
ИНТЕРНЕТ ТЕЛЕВИДЕНИЕ
KAZAKHSTAN TODAY LIVE
Ең көп оқылғаны
27.12.2024, 11:15Маңғыстаулықтар Әзірбайжан елінің азаматтарын еліне шығарып салды 27.12.2024, 11:31 Төтенше жағдайлар министрлігі мен Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінде кадрлық өзгерістер орын алды8661Төтенше жағдайлар министрлігі мен Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінде кадрлық өзгерістер орын алды27.12.2024, 11:45 7346Қазақстанда 37 халықаралық және 98 өңірлік есірткі арналарының қызметі тоқтатылды27.12.2024, 11:36 6856Қазақстан президенті жұмысшы мамандықтар жылын жариялау туралы Жарлыққа қол қойды27.12.2024, 12:04 5601Алматыда ШОБ субъектілері арасында жаңа жылдық үздік безендіруге арналған байқау басталады
20.12.2024, 19:59 97891Жамбыл облысының 5 ауданына трансшекаралық өзендер арқылы суармалы су берілді20.12.2024, 19:44 96386Дубайда "Астана Опера" спектаклін 12 мың көрермен тамашалады20.12.2024, 19:42 85641Астанада Отбасын қолдау орталықтары жұмысының қорытындысы бойынша жиын өтті20.12.2024, 12:52 83106ҚМА Кинологиялық орталығының мамандары мен иісшіл иттер қоғамдағы заңдылық пен тәртіпті орнатуға өз үлесін қосуда20.12.2024, 17:06 78131Қазақстан Ұлттық Банкі доллар айырбастау туралы мәлімдеме жасады
12.12.2024, 17:30 112186Үкімет Ұлытау облысында жаңа мектеп салуға қайтарылған активтерден 1,2 млрд теңгеден астам қаражат бөлді12.12.2024, 17:23 111551Мемлекет басшысы "Талдықорған" индустриялық аймағына барды06.12.2024, 17:15 107146ІІМ көліктегі полиция департаментінің жаңа бастығы тағайындалды13.12.2024, 19:00 103081Шығыс Қазақстан облысында қатерлі ісікті ерте анықтайтын эндоскопиялық диагностика орталығы ашылды13.12.2024, 18:50 102971Қазақстан-Қытай шекарасындағы өткізу пункттері уақытша жабылады