02.12.2024, 17:23 23151

"Қаражанбасмұнай" АҚ Бас директоры тағайындалды

Қаражанбасмұнай" АҚ (ҚМГ еншілес кәсіпорны) Директорлар кеңесінің шешімімен Бас директор - Басқарма төрағасы лауазымына Сәрсенбай Нұрпейіс Мизанбайұлы тағайындалды, деп хабарлайды "ҚазМұнайГаз"-дың баспасөз қызметінен.


Жаңа басшыны ұжымға "ҚазМұнайГаз" ҰК АҚ Басқарма төрағасының орынбасары Бекзат Абайылданов таныстырды.

Нұрпейіс Сәрсенбай 1972 жылы Маңғыстау облысы Шебір ауылында дүниеге келген. Ол Ақтау политехникалық институтын "Мұнай және газ кен орындарын игеру. Тау-кен инженері" мамандығы бойынша, сондай-ақ Халықаралық бизнес академиясын "Менеджмент" мамандығы бойынша бітірген. Іскерлік әкімшілендіру магистрі дәрежесіне ие.

Еңбек жолын 1994 жылы Қаламқас кен орнында мұнай және газ өндіру операторы болып бастаған. Әр жылдары шебер, технолог, цех басшысының орынбасары, ОИТҚ басшысының орынбасары, цех басшысы, "Қаламқасмұнайгаз" өндірістік басқармасының басшысы қызметтерін атқарған.

Жаңа лауазымға тағайындалғанға дейін "Маңғыстаумұнайгаз" АҚ Бас директорының әкімшілік және әлеуметтік мәселелер жөніндегі орынбасары қызметін атқарды.
 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны