21.01.2022, 17:26 45811

Қазақстан-Қытай шекарасында тексеру жүргізілуде

Шекара штаттық режимде жұмыс істейді.
Қазақстан-Қытай шекарасында тексеру жүргізілуде
Сурет: depositphotos.com
НҰР-СҰЛТАН. 21 ҚАҢТАР - Қазіргі уақытта Мемлекет басшысының тапсырмасы шеңберінде Қазақстан-Қытай шекарасында тексерулер жүргізілуде. Мемлекеттік кірістер комитетінде атап өткендей, ол тауарларды кедендік шекара арқылы заңды түрде өткізуге кедергі келтірмейді, деп хабарлайды KAZAKHSTAN TODAY ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитетінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
 
Тексерісті Бас прокуратура, Қаржы мониторингі агенттігі және Қаржы министрлігі өкілдерінен арнайы құрылған жұмыс тобы жүргізуде.
 

Тексеру тек қана уәкілетті экономикалық операторлар мәртебесі бар импорттаушыларға қатысты жүзеге асырылады. Тексеру қорытындысы бойынша Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген шаралар қабылданатын болады. Жүргізіл жатқан тексерулер тауарларды кедендік шекара арқылы заңды түрде өткізуге кедергі келтірмейді және адал бизнес сыртқы экономикалық қызметті шектеусіз жүзеге асырады", - деп нақтылады МКК.

 
2021 жылдың қорытындысы бойынша нарықта ҚХР-мен импорттық операцияларды жүзеге асыратын 7 241 сыртқы экономикалық қызметке қатысушылар жұмыс істейді, оның ішінде 17 субъекті УЭО болып табылады, оларға импорттың барлық көлемінің 18% тиесілі. Бұл ретте 5 УЭО – өз мұқтаждары үшін өнімдерді импорттайтын өндірістік сектор және 2 УЭО квазимемлекеттік сектор ("Қазпочта" АҚ және "ҚТЖ" АҚ еншілес ұйымы – "KTZ Express" АҚ).
 
Жалпы Қазақстан-Қытай шекарасындағы өткізу пункттері мен тауарларды кедендік тазартудың өзге де орындары белгіленген жұмыс режиміне сәйкес қызмет жасауын жалғастыруда.
 
Еске сала кетейік, 11 қаңтарда Президент Қытаймен кедендік шекарадағы "бардакты" жоюды тапсырған болатын. Оның айтуынша, бюджет кірісін арттырудың маңызды әлеуеті кеденде тәртіп орнатуда жатыр.
 

Әсіресе Қытаймен шекарада. Ол жерде болып жатқан нағыз тәртіпсіздік баршаға белгілі. Көліктер тексерілмейді, салықтар мен алымдар төленбейді. Айна статистикасының Қытай кеден органдарымен сәйкес келмеуі миллиардтаған долларға жетеді. Қол тигізбейтін мәртебесі бар кейбір уәкілетті операторлар бар. Ел салық түрінде ондаған миллиард теңге жоғалтуда. Бұдан әрі олай болмайды", - деді Тоқаев.

 
Ол кешенді тексеру жүргізіп, кедендік шекарада тәртіпті қамтамасыз етуді тапсырды.
 
 Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны