18.08.2022, 16:12 42211

Қазақстанда каникулды қысқарту білім беру стандарттарында бекітілген

Қазақстанда каникулды қысқарту білім беру стандарттарында бекітілген
НҰР-СҰЛТАН. 18 ТАМЫЗ - Оқу-ағарту министрлігі Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың, бастауыш, негізгі орта және жалпы орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарттары туралы бұйрықты бекітті. Құжатта мектептердегі оқу жылының ұзақтығы 36 аптаға бекітілген, деп хабарлайды KAZAKHSTAN TODAY ҚР БҒМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
 
Бастауыш білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандартының 5-тарауы оқу мерзіміне мынадай талаптарды қамтиды:
 
Бастауыш білімнің жалпы білім беретін оқу бағдарламасын меңгеру мерзімі - төрт жыл.
 
Оқу жылының ұзақтығы 1-сыныптарда - 35 оқу аптасы, 2-4-сыныптарда - 36 оқу аптасы.
 
Күнтізбелік жылдағы каникул уақытының ұзақтығы кемінде 115 күнді, оның ішінде оқу жылында кемінде 25 күнді құрайды.
 
Демалыс оқу жылында үш рет - күзде, қыста және көктемде беріледі. 1-сынып оқушылары үшін үшінші тоқсанда ұзақтығы бір апта демалыс уақыты қосымша беріледі.
 
 Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны