08.04.2022, 14:33 45396

Қазақстанда кірме жолдар қызметін ұсынатын 120-дан астам субъектінің тарифтері төмендетілді

Қазақстан Үкіметі кірме жолдарды ұсыну қызметтеріне тарифтерді төмендету жұмысын жалғастыруда.
НҰР-СҰЛТАН. 8 СӘУІР - Қазақстан Үкіметі кірме жолдарды ұсыну қызметтеріне тарифтерді төмендету жұмысын жалғастыруда, деп хабарлайды KAZAKHSTAN TODAY ҚР Премьер-Министрінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
 
Осы жылдың басында Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің бірінші орынбасары Р. Скляр Мемлекет басшысының кірме жолдарды ретке келтіру жөніндегі тапсырмасы аясында кірме жолдар саласында қызмет көрсететін табиғи монополиялар субъектілерінің қызметіне тексеріс жүргізуді, қызметтер құнының негізділігін талдауды және тарифтерді төмендету бойынша шаралар қабылдауды тапсырды. 
 
Бірінші кезеңде биылғы 1 ақпаннан бастап кірме жолдарды ұсыну қызметтерін жүзеге асыратын 21 субъектіге ("КСО" АҚ, "Arman Kala Limited" ЖШС және басқалары) тарифтер орта есеппен 80%-ға төмендеді. 
 
Бұл ретте, Үкімет Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігімен бірлесіп, қызмет көрсету кезінде өз жағдайын теріс пайдаланатын жосықсыз субъектілерді анықтау бойынша жұмысты жалғастырды. 
 

Бүгінгі таңда еліміздің барлық өңірінде кірме жолдар қызметін көрсететін 120-дан астам субъектіге тарифтер төмендетілді. Осылайша, қабылданып жатқан шаралар тасымалданатын тауарлардың (жүктердің) түпкілікті құнына оң әсер етеді және кәсіпкерлердің аталған қызметтерді төлеу шығыстарын айтарлықтай төмендетеді", - деп хабарлады ҚР Премьер-Министрінің баспасөз қызметі.

 
 Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны