13.03.2025, 16:20 1531
Алматыда криптовалюта сатқан жасөспірімге қатысты тергеу аяқталды
Достарға айту
ҚМА Алматы қаласы бойынша департаменті тиісті рұқсат құжаттарынсыз цифрлық активтердің заңсыз айналымына қатысты істің тергеуін аяқтады, деп хабарлайды ҚМА-нің баспасөз қызметінен.
2020 жылы қыркүйекте, кәмелеттік жасқа толмаған күдікті "Telegram" мессенджері мен "OLX" платформасында айырбастау операцияларын жүргізетіні туралы хабарландырулар орналастырған.
Binance" криптобиржаның пайдаланушылары тек ересектер бола алатындықтан, ол аккаунт жасау үшін ағасына верификациядан өтуін сұраған.
2021 жылы ол айналым сомаларын бөлшектеу және бұғаттау тәуекелін төмендету мақсатында өзінің туыстарының атына қосымша тағы үш аккаунт тіркеген.
Нәтижесінде 2021-2024 жылдар аралығында жалпы сомасы 5,6 миллиард теңге цифрлық активтерді заңсыз айналымын жасаған.
Көрсеткен қызметі үшін алынған сыйақы мөлшері 0,5%-дан 2,5%-ға дейін құраған.
Күдікті өзінің заңсыз табысына Mitsubishi автокөлігін сатып алған, соттың шешімімен осы автокөлікке тыйым салынды.
Сот үкімімен ол ҚР ҚК 214-бабының 2-бөлігі 2-тармағымен (заңсыз кәсіпкерлік, аса ірі мөлшерде табыс алумен ұштасқан) кінәлі деп танылып, 2,5 жылға еркіндігін шектеу жазасына кесілген.
Сондай-ақ, мемлекет кірісіне 5 172 USDТ цифрлық активтері мен Mitsubishi автокөлігі тәркіленді.
Атап өту керек, заңсыз криптообмендер өз клиенттерін сәйкестендірмейді және күдікті операцияларды анықтамайды. Сондықтан, олардың қызметтерін көбіне кибералаяқтар мен есірткі заттарын өткізушілер пайдаланады.
Еске салайық, 2024 жылы жалпы айналымы 60 млрд теңгені құрайтын 36 заңсыз крипто айырбастау пункті жойылды. 4,8 млн USDT (шамамен 2,5 млрд теңге) сомасына активтер бұғатталып, тәркіленген.
Қазақстан Республикасының "Цифрлық активтер туралы" Заңына сәйкес елдегі цифрлық активтердің айналымына қатысты кез келген қызмет лицензияны қажет етеді.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
тақырып бойынша жаңалықтар
13.03.2025, 17:44 216
Батыс Қазақстан облысында прокурордың араласуынан кейін педофилге әкімшілік қадағалау белгіленді
Достарға айту
Батыс Қазақстан облысында прокурордың араласуынан кейін педофилге әкімшілік қадағалау белгіленді, деп хабарлайды Қазақстан Бас прокуратурасының баспасөз қызметінен.
Батыс Қазақстан облысы Қаратөбе ауданы прокуратурасы жазасын өтеген адамдарға әкімшілік қадағалау орнату бойынша қабылданған шаралардың уақытылығына талдау жүргізді.
Әкiмшiлiк қадағалау қауіпті қайталанатын қылмыстың алдын алу нысаны болып табылады, заңдылықты, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарының кепiлдiктерiн сақтау негiзiнде iске асырылады және бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдардың тарапынан құқық бұзушылықтардың алдын алу мақсатында заңдармен белгілібiр шектеулер қойылған осындай адамдардың мiнез-құлқын байқау түрiндегi мәжбүр ету шарасы ретiнде судьяның қаулысы негiзiнде iшкi iстер органдары жүзеге асырады.
Талдау барысында кәмелетке толмаған баланың жыныстық тиіспеушілігіне қарсы қылмыстық құқық бұзушылық жасағаны үшін жазасын өтеген адамға 7 жылдан астам әкімшілік қадағалауды орнатпаудың фактісі анықталды.
Осылайша, 2009 жылдың қарашасында Қаратөбе аудандық сотының үкімімен жергілікті тұрғын кәмелетке толмаған балаға қатысты сексуалдық сипаттағы зорлық-зомбылық әрекеттері үшін 8 жылға бас бостандығынан айырылды.
Ол 2017 жылдың тамыз айында бас бостандығынан айыру орындарынан босап, бірақ оған әкімшілік бақылау орнатылмаған.
Бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды әкiмшiлiк қадағалау туралы" Заңның 6-бабының талаптарына сәйкес әкімшілік қадағалау алты айдан үш жылға дейінгі мерзімге, ал кәмелетке толмағандардың жыныстық тиіспеушілігіне қарсы қылмыстық құқық бұзушылықтар үшiн жазасын өтеген адамдарға қатысты - Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 79-бабына сәйкес сотталғандық мерзімі өтелгенге дейін белгіленеді.
Аталған тұлға аса ауыр қылмыс жасағаны үшін сотталғандықтан, оның соттылығы жазасын өтегеннен кейін сегіз жылдан кейін ғана жойылады, яғни 2025 жылдың тамызынан бұрын емес.
Қаратөбе ауданы прокуратурасының ұсынуы бойынша сотқа өтінішхат жолданып, 10.02.2025ж. жоғарыда аталған азаматқа әкімшілік қадағалау белгіленіп, құқық бұзушылықтардың алдын алу мақсатында оған заңмен белгіленген шектеулер қойылды.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
13.03.2025, 16:31 1061
Ұлттық Ұланның 400-ден астам әскери қызметшісі мүгедектігі бар балаларға тиісті төлемдерді алмай келген
Достарға айту
Ұлттық Ұланның 400-ден астам әскери қызметшісі мүгедектігі бар балаларға тиісті төлемдерді алмай келген, деп хабарлайды Қазақстан Бас прокуратурасының баспасөз қызметінен.
Қазақстан Республикасындағы баланың құқықтары туралы" Заңның 14-бабына және "Тұрғын үй қатынастары туралы" Заңның 75, 101-2-баптарына сәйкес мүгедек балалары бар әскери қызметшілер қосымша тұрғын үй немесе тұрғын үй төлемдерін алу құқығына ие екендігі анықталды.
Алайда аталған әскери ведомствоның мүгедектігі бар балаларды тәрбиелеп отырған 400-ден астам әскери қызметшілері тиісті төлемдерді алмаған.
Бас әскери прокуратура Ұлттық ұланның Бас қолбасшылығымен бірлесіп, прокурорлық қадағалау актісін қарау нәтижелері бойынша қалыптасқан жағдайдың себептері жойылды. Жеке кұраммен тиісті түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Әскери қызметшілердің отбасы кұрамында мүгедектігі бар балалардың болуы міндетті түрде көрсете отырып, баянаттар беру тәртібі өзгертілді.
Қазіргі уақытта тұрғын үй төлемдерін қайта есептеу жүргізілуде.
Осындай жұмыс басқа әскери ведомстволарда да атқарылуда.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
13.03.2025, 10:11 1496
Адам ағзасын саудалаумен айналысқан халықаралық қылмыстық топтың қатысушысы ұсталды
Достарға айту
Құқық қорғау органдары адам ағзаларын саудалаумен айналысқан халықаралық қылмыстық топтың қызметіне қатысы бар деп айыпталған 35 жастағы әйелді ұстады, - деп хабарлайды Polisia.kz.
ҚР Ішкі істер министрлігінің Интерпол Ұлттық орталық бюросының сұранысы бойынша Польша құқық қорғау органдары Украина-Польша шекарасындағы теміржол өткізу пунктінде 35 жастағы әйелді ұстады.
Ол Қазақстан құқық қорғау органдары тарапынан 2020 жылдан бері халықаралық іздеуде болған. Ұсталған азамат адам ағзаларын саудалаумен айналысқан халықаралық ұйымдасқан қылмыстық топтың қызметіне қатысы бар деген күдікке ілінген.
Тергеу мәліметтеріне сәйкес, 2017-2018 жылдары бұл қылмыстық топ Қазақстандағы медициналық мекемелерде заңсыз трансплантация операцияларын ұйымдастырған. Қылмыстық схемаға Израиль, Украина, Қырғызстан, Тәжікстан және Өзбекстан азаматтары тартылған. Алдын ала мәліметтерге сүйенсек, күдікті донорлар мен реципиенттерді қарсы алып, орналастыру, олардың медициналық тексерістен өтуін ұйымдастыру, шығындарын өтеу және құпиялылықты сақтау жұмыстарымен айналысқан.
Сондай-ақ донорларға реципиенттермен туыстық байланыстары туралы жалған ақпаратты жаттатқызған.
Қазіргі уақытта ұсталған күдіктіні Қазақстанға экстрадициялау мәселесі қарастырылып жатыр.
Тергеу амалдары жалғасып жатыр.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
12.03.2025, 15:55 13876
Астанада қайта жабдықталған автокөлік салонынан "Sim-Box" мобильді аппараттық кешені тәркіленді
Достарға айту
Астана қаласы прокуратурасының үйлестіруімен полиция Департаментінің киберқылмысқа қарсы іс-қимыл басқармасы қызметкерлерімен жүргізілген жедел-іздестіру іс шаралалары шеңберінде Украина азаматының басқарауындағы "KIA" маркалы автокөлік анықталып, ұсталды (автокөлік айыппұл тұрағына қойылды), деп хабарлайды Астана қаласының прокуратурасының баспасөз қызметінен.
Автокөліктің ішкі салонын тексеру барысында 128 SIM-карта слоттары бар 2 дана "Sim-Box" мобильді аппараттық кешені анықталды, ол қайта жабдықталған автокөлік салонында орналастырылған. Сонымен қатар, әртүрлі ұялы телефон операторларына тиесілі 50 SIM-карта және Wi-Fi роутері алынды.
Осы факт бойынша абоненттiк құрылғының сәйкестендiру кодын өзгертуге арналған бағдарламаларды пайдалану дерегімен сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды (ҚК-тің 213-бап).
Күдіктіге қатысты күзетпен ұстау түріндегі бұлтартпау шарасы қолданылды.Қазіргі уақытта барлық қажетті тергеу іс-шаралары жүргізілуде, оның интернет-алаяқтыққа қатыстылығы тексерілуде.
ЖІШ барысында тағы 2 "Sim-Box" құрылғысы алынды.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
12.03.2025, 15:41 14081
Алматы облысында есірткі сатумен айналысқан қылмыстық топ ұсталды
Достарға айту
Алматы облысындағы есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл бөлініcінің қызметкерлері құрамында есірткісі бар өсімдіктерді заңсыз өсірумен айналысатын қылмыстық топтың қызметін тоқтатты, - деп хабарлайды Polisia.kz.
Арнайы операция барысында үш адам ұсталды. Олар жалға алған үйдің аумағында жүргізілген тінту нәтижесінде қарасора өсіруге арналған ауданы 10 соттық жылыжай табылды. Тәркіленген есірткінің жалпы салмағы 900 килограмды құрады. Күдіктілер ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды.
- 2025 жылдың басынан бастап заңсыз айналымнан екі тоннадан астам есірткі, оның ішінде 120 кг синтетикалық есірткі, 600 грамм кокаин және 140 кг-нан астам гашиш тәркіленді. Есірткінің заңсыз айналымына қатысты қылмыстарды анықтау және жолын кесу жұмыстары жалғасуда, - деді ІІМ есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл комитеті төрағасының орынбасары Қуандық Әлжанов.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
12.03.2025, 10:25 14341
Жетісу облысында табиғи монополияларды реттеу департаментінің басшысы пара алды деп күдіктелуде
Достарға айту
Облыстық Табиғи монополияларды реттеу департаментінің басшысы , деп хабарлайды Антикордың баспасөз қызметінен.
Мемлекет басшысының тапсырмасын орындау үшін Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі қоғамда заңдылық пен тәртіп қағидатын қамтамасыз ету, сондай-ақ сыбайлас жемқорлық фактілерінің, оның ішінде жоғары лауазымды адамдар арасында жолын кесу жөніндегі жұмысты жалғастыруда.
Қабылданған шаралар мен тетіктер кешені қойылған міндеттерді тиімді іске асыруға және заңдылықтың бұзылуына уақтылы ден қоюға мүмкіндік береді.
Мәселен, Жетісу облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметпен облыстық Табиғи монополияларды реттеу департаментінің басшысы әшкереленді.
Шенеунік 2025 жылға арналған электр энергиясының тарифі мен тарифтік сметасын көтергені үшін "Талдықорған акционерлік көлік-электржелілік компаниясы" АҚ басшысынан 500 мың теңге көлемінде пара алды деп күдіктелуде.
Тергеу жалғасуда.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
11.03.2025, 15:00 28021
Түркістан облысының "Жасыл аймақ" КММ-нің бұрынғы басшысы сотталды
Достарға айту
Түркістан облысының Табиғат пайдалану және табиғи ресурстар басқармасына қарасты "Жасыл аймақ" КММ-нің бұрынғы басшысы сотталды, деп хабарлайды Антикордың баспасөз қызметінен.
Мемлекет басшысының тапсырмаларын орындау шеңберінде Агенттік әлеуметтік сезімтал салаларда заңдылықты қамтамасыз ету және сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бойынша жүйелі негізде жұмыс жүргізуде.
Олардың бірі-табиғи ресурстарды пайдалану, қоршаған ортаны қорғау және экологиялық талаптарды сақтау саласы.
Экологияны жақсарту азаматтарымыздың денсаулығы мен әл-ауқатын қамтамасыз етуге тікелей әсер етеді.
Бұл ретте жекелеген лауазымды адамдар пара алуды, бюджет қаражатын жымқыруды және бұзушылықтардың алдын алу жөніндегі өздерінің тікелей міндеттерін орындамауды қоса алғанда, сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар жасайды.
Мәселен, Түркістан қалалық соты облыстық табиғат пайдалану және табиғи ресурстар басқармасы жанындағы "Жасыл аймақ" КММ бұрынғы басшысы И. Бегасиловқа, оның орынбасары А. Ерназаровқа, КММ заңгері М. Айнабековаға және кәсіпкер И. Муслимовқа қатысты үкім шығарды.
Олар техникалық ерекшелікке және қойылатын сапа талаптарына сәйкес келмейтін арзан пестицидтер мен гербицидтерді сатып алу арқылы 14,9 млн теңге сомасында бюджет қаражатын жымқырғаны үшін кінәлі деп танылды.
Бегасилов 2 жыл 6 айға бас бостандығынан айырылды, Ерназаров, Айнабекова және Муслимов 2 жылға бас бостандығынан шектеуге сотталды.
Сонымен қатар, олар өмір бойы мемлекеттік қызметте және квазимемлекеттік секторда қызмет атқару құқығынан айырылды.
Сот актісі заңды күшіне енген жоқ.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
11.03.2025, 14:57 28506
Алматыда интернет-алаяқтардың екі кеңсесі анықталды
Достарға айту
Алматы қаласының полицейлері ҚР ІІМ Киберқылмысқа қарсы күрес департаменті мен қалалық прокуратураның қолдауымен интернет-алаяқтықпен айналысқан екі кеңсенің әрекетін әшкереледі, - деп хабарлайды Polisia.kz.
Жедел-іздестіру шаралары барысында шетелдік азамат басшылық еткен Call-орталық анықталды. Алаяқтар Оңтүстік Азия елдеріндегі банк шоттарында бұғатталған депозиттердегі қаражатты шешіп алуға көмектесеміз деген жалған уәде беріп, азаматтарды алдаған.
Call-орталық қызметкерлерінің негізгі міндеті - кураторлардың нұсқауымен дроп-шоттарға түскен қаражатты бақылау және оларды басқа шоттарға аудару болды. Бұл қаражат әртүрлі төлем жүйелері арқылы таратылып отырған. Сондай-ақ кеңселерді тінту кезінде ақшалай операцияларды өңдеу мақсатында қолданылған 100-ден астам жүйелік блок тәркіленді. Алматы халықаралық әуежайында осы қылмыстық іске қатысы бар тағы бір адам елден қашпақ болған сәтінде ұсталды", - деп мәлімдеді Алматы қалалық ПД Киберқылмысқа қарсы күрес басқармасының бастығы Анес Қалдыбаев.
Тергеу барысында кеңсе қызметкерлерінің бұл жұмысты интернет арқылы тапқаны белгілі болды. Оларды сұхбаттасу кезеңінен бастап оқытуға дейін кеңсе меңгерушілері ұйымдастырған. Жаңа қызметкерлерге тапсырмалар беріліп, олардың негізгі міндеті - P2P-төлемдеріне байланысты қаражат аударымдарын өңдеу екені түсіндірілген. Қызметкерлерге жеке ұялы телефон пайдалануға тыйым салынған және құпиялылық қатаң сақталған.
Қазіргі таңда тергеу амалдары жалғасуда. Үш адам қамауға алынып, тағы 26 күдіктіге қатысты тергеу жүргізіліп жатыр.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
ИНТЕРНЕТ ТЕЛЕВИДЕНИЕ
KAZAKHSTAN TODAY LIVE
Ең көп оқылғаны
13.03.2025, 15:06Қазақстанда лифттерді ауыстыру үшін тұрғындарға бюджеттік кредиттер беріледі 13.03.2025, 10:14 2661Жамбыл облысында 76 каналды реконструкциялау және 3 су қоймасының құрылысы басталады13.03.2025, 10:11 1581Адам ағзасын саудалаумен айналысқан халықаралық қылмыстық топтың қатысушысы ұсталды13.03.2025, 16:20 1356Алматыда криптовалюта сатқан жасөспірімге қатысты тергеу аяқталды13.03.2025, 17:25 1261ЖИ бизнеске салық есебін дербес әрі онлайн жүргізуге көмектеседі
07.03.2025, 16:20 134066Қазақстанда газ саласын дамытудың 2029 жылға дейінгі кешенді жоспарын қабылдау жоспарлануда06.03.2025, 17:04 131261Қайтарылған активтердің 4 млрд теңгеден астамы Қызылорда облысындағы сумен жабдықтау жүйесінің құрылысын аяқтауға бөлінді06.03.2025, 17:02 131221Олжас Бектенов Экономикалық саясат жөніндегі кеңес отырысын өткізді07.03.2025, 16:15 117606Жалпы құны 918,3 млрд теңгені құрайтын 392 мемлекеттік меншік және квазимемлекеттік сектор нысаны бәсекелестік ортаға берілді07.03.2025, 09:29 107491Әйелдер Skills Enbek платформасында кәсіби онлайн-оқытудан белсенді өтуде - Еңбек министрлігі
13.02.2025, 08:03 270211ШҚО бойынша "Қазсушар" филиалы тасқын суын апатсыз өткізуге дайындық бойынша іс-шаралар жоспарын бекітті13.02.2025, 07:57 261331Полиция алаяқтық қоңыраулардың алдын алды: 24 мыңнан астам sim-карта тәркіленді12.02.2025, 14:56 207916Алматыда 2040 жылға дейін жылумен жабдықтауды дамыту жоспары әзірленді17.02.2025, 14:04 169426Су ресурстары және ирригация министрлігі қоршаған ортаны қорғауға 2,5 млрд текше метр су жібереді17.02.2025, 15:01 167926Мемлекет басшысы Литва Президентіне құттықтау жеделхатын жолдады