15.06.2022, 17:09 12376

Экология министрлігі Қазақстаннан жабайы өсімдіктерді шығаруға тыйым салуды жоспарлап отыр

Экология министрлігі Қазақстаннан жабайы өсімдіктерді шығаруға тыйым салуды жоспарлап отыр
Сурет: Depositphotos
НҰР-СҰЛТАН. 15 МАУСЫМ - Бүгін Мәжіліс депутаттары Экология министрлігінің түзетулерімен "Өсімдіктер дүниесі туралы" заң жобасын бірінші оқылымда мақұлдады, деп хабарлайды KAZAKHSTAN TODAY ҚР Парламенті Мәжілісінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
 

Құжат өсімдік биоалуантүрлілігін сақтау, табиғи ресурстарды ұтымды пайдалану және экологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін экономикалық, әлеуметтік, ұйымдастырушылық және өзге де жағдайлар жасау мақсатында өсімдіктер дүниесін қорғау және пайдалану саласындағы қоғамдық қатынастарды реттеуге бағытталған", - делінген Парламенттің төменгі палатасының сайтында.

 
Құжаттың негізгі мақсаты – өсімдіктер дүниесінің объектілерін күзету, қорғау, қалпына келтіру және олардың барлық алуан түрін пайдалану саласындағы қатынастарды реттеуді қамтамасыз ету, табиғи өсімдіктер ресурстарын және өсімдіктер дүниесінің генетикалық қорын сақтау үшін жағдай жасау. 
 
Осы заң жобасы бойынша баяндама жасаған Экология, геология және табиғи ресурстар министрі Серікқали Брекешев қазіргі уақытта өсімдіктер дүниесін пайдалануды реттеуге байланысты жекелеген нормалар Орман, Экология, Жер, Су, Кәсіпкерлік кодекстерін, "Сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы" және "Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар туралы" заңдарды қамтитынын атап өтті. 
 

Осыған байланысты "Өсімдіктер дүниесі туралы" арнайы заңды қабылдау қажеттігі бар. Ол Қазақстан ратификациялаған халықаралық конвенциялардың ережелеріне де негізделген", – деді министр.

 
 Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны