07.04.2023, 09:31 47146

Үкіметте мұнай-газ саласының маңызды инфрақұрылымдық объектілерін мемлекет меншігіне қайтару мәселесі талқыланды

Үкіметте Экономиканы демонополизациялау жөніндегі кеңестің отырысы өтті
Үкіметте мұнай-газ саласының маңызды инфрақұрылымдық объектілерін мемлекет меншігіне қайтару мәселесі талқыланды
Сурет: primeminister.kz
Астана. 7 сәуір. KAZAKHSTAN TODAY - ҚР Премьер-Министрі Әлихан Смайылов орталық мемлекеттік органдар, Бас прокуратура, БҚДА, ҚМА және басқа да ведомстволар басшылығының қатысуымен Экономиканы демонополизациялау жөніндегі комиссияның кезекті отырысын өткізді, деп хабарлайды ҚР Үкіметінің баспасөз қызметі.
 

Қатысушылар мұнай-газ саласының маңызды инфрақұрылымдық объектілерін мемлекет меншігіне қайтару барысын, теміржол жүк тасымалы нарығындағы жасанды монополияларды жою жөніндегі шараларды және астық тасымалдау нарығы субъектілерінің жауапкершілігін арттыру тетіктерін талқылады", - деп хабарлады Үкіметтің баспасөз қызметі.

 
Премьер-Министр алдағы уақытта нақты экономикалық нәтижелерге қол жеткізу үшін басталған істер бойынша рәсімдерді және жалпы экономиканың негізгі секторларын демонополизациялау қарқынын жеделдетудің маңызын атап өтті.
 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны