15.11.2024, 14:03 1246

Қазақстанда "синтетиканы" сататын 80-нен астам telegram-арналар бұғатталды

Қазақстанда "синтетиканы" сататын 80-нен астам telegram-арналар бұғатталды
Көлік прокуратурасы әлеуметтік желілерде 80-нен астам есірткі арнасына тосқауыл қоюды қамтамасыз етті, деп хабарлайды Бас көлік прокуратурасының баспасөз қызметінен.

Бас көлік прокуратурасы құқық қорғау органдарының есірткі бизнесіне қарсы іс-қимыл қызметінің тиімділігін арттыру бойынша жұмысты жалғастыруда.

Әлеуметтік желілерді бақылау барысында елімізде синтетикалық есірткіні насихаттау, жарнамалау және сату мақсатында құрылған телеграм арналары анықталды.

Нәтижесінде "Кибернадзор" ақпараттық жүйесі арқылы 80-нен астам телеграм арналары бұғатталды.

Прокуратура органдары байланыс операторларымен бірлесіп бақылау шараларын жетілдіруді және платформалармен заңсыз контентті жылдам бұғаттауды жалғастыруда.
 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны