22.09.2022, 15:22 11956

Президенттікке кандидаттарды ұсыну 23 қыркүйекте басталады

Президенттікке кандидаттарды ұсыну 23 қыркүйекте басталады
АСТАНА. 22 ҚЫРКҮЙЕК - Қазақстан Президенттігіне кандидаттарды ұсыну 23 қыркүйекте басталып, 11 қазанда аяқталады, деп хабарлады Орталық сайлау комиссиясы, деп хабарлайды KAZAKHSTAN TODAY ҚР Орталық сайлау комиссиясының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
 
ОСК төрағасының орынбасары Константин Петров Қазақстан Республикасы Президенттігіне кандидаттарды ұсыну а.ж. 23 қыркүйекте басталып, 11 қазан сағат 18.00-де аяқталады деп мәлімдеді
 
Естеріңізге сала кетейік, ҚР Президентінің кезектен тыс сайлауы 20 қарашада өтеді.
 
1 қыркүйекте Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев осы күзде кезектен тыс президенттік сайлау өткізуді ұсынды.
 

Әділетті Қазақстанды құру жолында түбегейлі және жан-жақты реформаларды табысты жүзеге асыру үшін халықтың жаңа сенім мандаты қажет. Мен үшін мемлекет мүддесі бәрінен биік. Сондықтан мен өкілеттік мерзімімді қысқартуға және кезектен тыс Президент сайлауына баруға дайынмын", - деді Тоқаев Қазақстан халқына Жолдауында. 

 
Сондай-ақ, ол Президент өкілеттігі мерзімдерінің санын және ұзақтығын қайта қарау қажет деген байламға келгенін айтты. 
 
Сонымен қатар, Мемлекет басшысы Мәжілістің және барлық деңгейдегі мәслихаттардың сайлауын келесі жылдың бірінші жартысында өткізуді ұсынады. 
 
17 қыркүйекте Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев "Қазақстан Республикасының Конституциясына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы" Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды, онда Конституцияда Республика Президенті өкілеттігінің бір мәрте жеті жылдық мерзімін белгілеу көзделген. 
 
 Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны