06.02.2025, 15:10 1431

Ақтөбе облысында газ ұрлаумен айналысқан қылмыстық топ ұсталды

Ақтөбе облысында газ ұрлаумен айналысқан қылмыстық топ ұсталды
Ақтөбе облысы полиция департаментінің ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасы прокуратура және ҰҚКД-мен бірлесіп, аталған өңірде кен орнының аумағынан "әлеуметтік" газ ұрлау схемасын ұйымдастырған бір топ адамды ұстады, - деп хабарлайды Polisia.kz.

Фигуранттар газ өндіру саласындағы компаниялардың бірінің жұмысшылары болып табылады.

Олар есепке алынбаған газды жинақтап, кейін темір жол арқылы тасымалдаған. Кен орнынан сату орнына бара жатқан жолда ұрланған газ бар 12 вагон ұсталды. Тиісті сараптамалар тағайындалды, нәтижелері бойынша келтірілген шығынның сомасы белгіленетін болады. Жедел-тергеу іс-шаралары жалғасуда", - деді ІІМ ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес департаментінің өкілі Қуандық Алпыс.

 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны