06.02.2025, 10:03 3136
Мамыр айында Венгрияға жаңа рейс басталады
Достарға айту
ҚР Көлік министрлігі ағымдағы жылдың 27 мамырынан бастап "SCAT" қазақстандық әуе компаниясы Шымкент - Будапешт бағыты бойынша Венгрияға жаңа бағыт ашуды жоспарлап отыр, деп хабарлайды министрліктің баспасөз қызметінен.
Рейстер "Boeing 737" үлгісіндегі әуе кемелерінде аптасына 2 рет (сейсенбі және сенбі күндері) жиілікпен орындалатын болады.
Әуе қатынасының ашылуы екі ел арасындағы сауда-экономикалық, іскерлік және туристік ынтымақтастықты одан әрі дамытуға ықпал етеді деп күтілуде.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
тақырып бойынша жаңалықтар
06.02.2025, 15:33 2541
7 миллион теңгеге дейін айыппұл: Астанада санкцияланбаған полигондардың алдын алу жұмысы қалай жүріп жатыр
Достарға айту
Елордада санкцияланбаған қоқыс үйінділерін жою бойынша жүйелі жұмыс жүргізіліп жатыр. Заңбұзушыларды анықтау бойынша қаланың барлық ауданында күн сайын мониторинг жүргізіліп, кінәлілер айыппұл түріндегі әкімшілік жауапкершілікке тартылуда, деп хабарлайды Астана қаласы әкімдігінің баспасөз қызметінен.
2025 жылдың 10 қаңтарынан бастап "Әкімшілік құқық бұзушылық туралы" Қазақстан Республикасы Кодексінің 344-бабына өзгертулер енгізіліп, оған сәйкес рұқсат етілмеген орындарға қоқыс төккені үшін айыппұлдар күшейтілді.
Рұқсат етілмеген орындарға қоқыс төккені үшін жеке тұлғалар мен кәсіпорындарға 100-ден 1000 АЕК-ке дейін (393 200 теңгеден 3 млн 932 мың 200 теңгеге дейін) айыппұл салынады.
Әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр жыл iшiнде қайталап бұзғаны үшiн жеке тұлғаларға және кәсiпорындарға 200-ден 2000 АЕК-ке дейiнгi (786 400 теңгеден 7 млн теңгеден астам) мөлшерiнде айыппұл салынады.
Сонымен қатар, қоқыс төгу кезінде пайдаланылған көліктер мен басқа да заттарды тәркілеу жөнінде қосымша санкция қарастырылған. Бұл шаралар жаңа санкцияланбаған полигондардың пайда болуын болдырмауға және қаладағы экологиялық жағдайды жақсартуға бағытталған.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
06.02.2025, 15:30 2551
Әлеуметтік қызметтер порталы арқылы мүгедектігі бар адамдар 60 мыңға жуық қызмет алды
Достарға айту
2025 жылдың басынан бастап Әлеуметтік қызметтер порталы (бұдан әрі - Портал) арқылы мүгедектігі бар адамдардың 59,6 мың тапсырысы орындалды, оның ішінде: шамамен 37 мың оңалтудың техникалық құралдарын (бұдан әрі - ОТҚ), 4,3 мың - ымдау тілі, 17,6 мың - жеке көмекші мен 0,7 мың - санаторийлік-курорттық емдеу қызметін алды, деп хабарлайды Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің баспасөз қызметінен.
Портал мүгедектігі бар адамдарға оңалтудың техникалық құралдары мен қызметтерін өндірушіні және жеткізушіні өз бетінше таңдауға мүмкіндік береді. Көмек түріне тапсырыс беру көрсетілетін қызметті алушының электрондық цифрлық қолтаңбасымен растау арқылы жүзеге асырылады. Тапсырыс берілген оңалтудың техникалық құралдарын жеткізу немесе өз бетінше әкету арқылы алуға болады.
Мүгедектігі бар адамдарды оңалту құралдарымен қамтамасыз ету протездік-ортопедиялық, сурдотехникалық, тифлотехникалық және гигиеналық құралдар, сондай-ақ кресло-арбалар беруді қамтиды.
Бүгінде Порталда 854 арнаулы әлеуметтік қызмет көрсетуші, 910 ОТҚ жеткізушісі, 31 мыңнан астам жеке көмекші, 751 ымдау тілі және 129 санаторийлік-курорттық емдеу қызметтерін ұсынушы тіркелген.
Порталды пайдалану бойынша консультацияларды қолдау байланыс орталығынан, яғни 1414 бірыңғай нөмірі арқылы хабарласуға болады.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
06.02.2025, 11:13 2881
Премьер-министр атом энергетикасын дамыту мәселесі бойынша кеңес өткізді
Достарға айту
Премьер-министр Олжас Бектеновтің төрағалығымен өткен кеңесте Мемлекет басшысының Үкіметтің кеңейтілген отырысында берген энергетиканы дамыту және ядролық кластер құру жөніндегі тапсырмаларын жүзеге асыру барысы қаралды, деп хабарлайды Үкіметтің баспасөз қызметінен.
Президенттің электр энергетикасы инфрақұрылымын қарқынды дамыту және қажетті резервтер құру жөніндегі тапсырмасын ескере отырып, 2025-2031 жылдарға арналған электр энергиясының болжамды теңгерімі тыңдалды. Электр энергиясын тұтынудың ұдайы өсуіне байланысты жеке инвестициялар есебінен жұмыс істеп тұрған электр стансаларын жаңғырту арқылы 2035 жылға дейін 26,5 ГВт деңгейінде жаңа генерациясы бар қуаттар құрылымы қарастырылуда.
Энергетика министрі Алмасадам Сәтқалиев бірінші атом электр стансасының құрылысы бойынша әлеуетті жеткізушілермен жүргізілген келіссөздер туралы баяндады.
Премьер-министр АЭС салу мәселесінде еліміз үшін барынша экономикалық тиімділікті қамтамасыз ету қажет екеніне тоқталды. Жеткізушіні таңдауда ел ішіндегі құндылықты арттыруға, өндірісті локализациялауға және технология трансфертіне мән беру тапсырылды.
Сондай-ақ атом ғылымын, сала мамандарын даярлау бойынша білім беру бағдарламаларын дамытудың келешегін талқылады. "Қазақстан атом электр станциялары" ЖШС басшысы Тимур Жантикин, Ұлттық ядролық орталығының басшысы Эрлан Батырбеков, Ядролық физика институтының басшысы Саябек Сахиев өздерінің сараптамалық көзқарастарымен бөлісті.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
05.02.2025, 10:35 26871
Қазақстан ІІМ туристер үшін қауіпсіздік жүйесін енгізуде
Достарға айту
Қазақстан ІІМ туристер үшін қауіпсіздік жүйесін енгізеді: әрбір шетелдік қонаққа QR-коды бар карточка, деп хабарлайды Polisia.kz.
Мемлекет басшысы жақында өткен Үкіметтің кеңейтілген отырысында туризмді дамытудың және шетелдік қонақтар үшін қолайлы жағдай жасаудың стратегиялық маңыздылығын атап өтті.
Ішкі істер министрлігі елге келетін туристердің қауіпсіздігін қамтамасыз етуді жалғастыруда.
Енді әрбір шетелдік қонаққа елге кірген бойда, сондай-ақ шекара бақылауынан өткен кезде электрондық көп тілді SafeTravel.kz порталына нұсқайтын QR-коды бар арнайы карточка беріледі.
Порталда туристердің Қазақстанда қауіпсіз жүріп-тұруына қажетті ақпарат пен ұсынымдар, сондай-ақ пайдалы мобильді қосымшаларды жүктеуге сілтемелер көрсетілген.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
05.02.2025, 10:26 27221
ШҚО әкімі оған хат жолдаған 3-сынып оқушысымен кездесті
Достарға айту
Аймақ басшысы Ермек Көшербаев облыс орталығындағы №24 мектепке барып, 3-сынып оқушысы Айзере Шыңғысқызымен және мектеп ұжымымен жүздесті, деп хабарлайды Шығыс Қазақстан облысының әкімдігінің баспасөз қызметінен.
Айзере әкіммен кездесу үшін хат жазған екен. Анасы оның бұл бастамасын бірден қолдады. Бірақ қызына облыс басшысы жұмысының тығыздығы мен хатқа жауап алмауы мүмкін екенін айтқан.
Анам: "Әкім хатқа жауап жазбаса, көңіліңді түсірме, оның жұмысы көп" деді. Бірақ бүгін әкім мектебімізге өзі келді, қала басшысымен де таныстым. Ол кісінің менімен әңгімелесуге уақыт бөлгені үшін өте қуаныштымын және ризамын. Ол өте әділ әрі ақылды адам екен", - дейді Айзере.
Өңір басшысы болу оңай ма?" деген сұраққа Ермек Көшербаев әр маман өз ісіңде маңызды миссияны атқаратынын айтты.
Жұмысшыларсыз кез келген басшы не істер еді? Зауытта - инженер, мектепте - мұғалім, ауруханада - медбике. Барлығы - өз саласының тәжірибелі мамандары. Олар қоғамның дамуына үлес қосуда", - деді облыс әкімі.
Айзере Шыңғысқызы - оқу озаты ғана емес, киокушинкай каратэ мен спорттық-бал биінен өткен жарыстардың жеңімпазы, зияткерлік олимпиадалардың жүлдегері. Ол мектептің қоғамдық өміріне белсене араласып, қатарластарына үлгі боп жүр.
Мектеп оқушылары әкімге көкейлерінде жүрген сұрақтарын қойып, еркін пікір алмасты. Сондай-ақ олар мектептің дамуы туралы да тілге тиек етті. Балалар аймақ басшысына спорт залдарын жөндеп, жаңа спорт алаңдарын салу жөнінде өтініштерін білдірді.
Айта кетейік, №24 мектеп - қаладағы ең үлкен білім ордаларының бірі. Ол 800 оқушыға есептелген болса, қазір мұнда 1500-ге жуық бала екі ауысымда оқып жатыр. 60 сыныпта 111 мұғалім білім береді. Сондай-ақ үш жылдан бері білім мен әскери-патриоттық тәрбиеге негізделген кадет сыныптары жұмыс істейді.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
05.02.2025, 09:44 27811
Түркістан облысындағы Көксарай контрреттегіші екі есе артық су жинай алады
Достарға айту
Су ресурстары министрлігі тасқын суларды тиімдірек өткізу, ауылшаруашылық жерлерін суару және Солтүстік Аралдың су балансын сақтау үшін Түркістан облысындағы Көксарай контрреттегішін қайта қалпына келтіреді. Нәтижесінде, нысан 1,5 млрд текше метрдің орнына 3 млрд текше метр су жинай алады. Министр Нұржан Нұржігітов аймаққа жұмыс сапарымен барып, жергілікті халықпен кездесті. Сондай-ақ, өңірдегі ірі су шаруашылығы нысандарының жай-күйін тексерді, деп хабарлайды министрліктің баспасөз қызметінен.
Бүгінде Көксарай контрреттегішін реконструкциялау және нығайту үшін жобалау-сметалық құжаттама әзірленді. Биыл Ислам даму банкінің қолдауымен құрылыс-монтаж жұмыстарын бастауды жоспарлап отырмыз. Жобаны іске асыру контрреттегіште екі есе көп су жинауға мүмкіндік береді. Атап айтқанда, 1,5 млрд текше метрдің орнына 3 млрд текше метр су жинайды. Сондай-ақ, нысанды жаңғырту төтенше жағдай қаупін азайтуға және Солтүстік Аралға су жіберуді жақсартуға мүмкіндік береді", - деді Су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітов.
Нұржан Нұржігітов Отырар ауданында су үнемдеу технологияларын пайдалана отырып, мақта өсіру жобасын іске асыруға ниетті қытайлық инвесторлармен кездесті. Министр шетелдік кәсіпкерлермен бірге мақта саласын дамыту жөніндегі жоспарды талқылады.
Одан әрі министр Бәйдібек ауданына барып, "Бәйдібек-ата" су қоймасының құрылысын тексерді. Бүгінгі таңда нысанның құрылыс-монтаждау жұмыстары 48% орындалды. Су қоймасы 68 млн текше метр су жинай алады. Жобаны осы жылдың соңына дейін аяқтау жоспарланып отыр.
Мақтаарал ауданында министр ауыл шаруашылығы алқаптарынан жерасты суы ағызылатын "Мырзашөл" орталықтандырылған коллекторлық-дренаж каналының жұмысымен және жай-күйімен танысты. Өзбекстанмен шекара бойында орналасқан нысанда жағалау нығайту жұмыстары, сондай-ақ су келетін шағын каналдарды реконструкциялау жоспарланып отыр.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
04.02.2025, 13:31 54526
Алматы тау кластерін дамыту мәселелеріне арналған кездесу өтті
Достарға айту
Елордада Алматы тау кластерін дамыту мәселелеріне арналған кездесу өтті. Жиынға ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Роман Скляр, ҚР Туризм және спорт министрі Ербол Мырзабосынов, сондай-ақ тау шаңғысы индустриясының өкілдері мен халықаралық компаниялардың мамандары қатысты, деп хабарлайды Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігінің баспасөз қызметінен.
Кездесу барысында STEM International компаниясының басшысы Винсент Тассар өңірдегі тау шаңғысы туризмін дамыту жобасын таныстырды.
Жобаның негізгі мақсаттары:
- "Шымбұлақ" курортын кеңейту және оны "Ой-Қарағай" демалыс аймағымен біріктіру.
- Аспалы жолдар санын 13-тен 35-ке дейін арттыру.
- Курортқа келетін бір күндік туристер санын 6 мыңнан 24 мың адамға дейін көбейту.
- Тау шаңғысы трассаларының ұзындығын 41 шақырымнан 90-124 шақырымға дейін ұзарту.
- Жыл сайынғы туристік ағынды 5 миллион адамға дейін көбейту.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
04.02.2025, 13:10 54236
Мемлекет басшысы Шри-Ланка Президентіне құттықтау жеделхатын жолдады
Достарға айту
Мемлекет басшысы Шри-Ланка Президентіне құттықтау жеделхатын жолдады, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметінен.
Қасым-Жомарт Тоқаев Анура Кумара Диссанаяке мен оның отандастарын ұлттық мейрамы - Тәуелсіздік күнімен құттықтады.
Президент жеделхатында Шри-Ланканың орнықты даму және халықаралық беделін нығайту жолында айтарлықтай табысқа қол жеткізгенін атап өтті.
Қазақстан Шри-Ланкамен қарым-қатынасты одан әрі тереңдетуге баса мән береді. Елдеріміз арасындағы дәстүрлі достық пен берік ынтымақтастық болашақта да халықтарымыздың игілігі үшін дами түсетініне кәміл сенемін", - делінген жеделхатта.
Қасым-Жомарт Тоқаев Анура Кумара Диссанаякенің жауапты қызметіне толағай табыс, ал Шри-Ланка халқына құт-береке тіледі.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
ИНТЕРНЕТ ТЕЛЕВИДЕНИЕ
KAZAKHSTAN TODAY LIVE
Ең көп оқылғаны
06.02.2025, 10:03Мамыр айында Венгрияға жаңа рейс басталады 06.02.2025, 11:13 2901Премьер-министр атом энергетикасын дамыту мәселесі бойынша кеңес өткізді06.02.2025, 15:30 2571Әлеуметтік қызметтер порталы арқылы мүгедектігі бар адамдар 60 мыңға жуық қызмет алды06.02.2025, 15:33 25617 миллион теңгеге дейін айыппұл: Астанада санкцияланбаған полигондардың алдын алу жұмысы қалай жүріп жатыр06.02.2025, 10:08 1651Алматыда полиция шетелден келген есірткі салынған сәлемдемені анықтады
30.01.2025, 18:56 120676Мемлекет басшысы АҚШ Президенті Дональд Трампқа көңіл айту жеделхатын жолдады31.01.2025, 16:58 118771"Қазақстан халқына" Қоғамдық қорын Лаззат Чинкисбаева басқарады31.01.2025, 11:27 114511Жұмыссыз қазақстандықтар кәсіптік біліктілікті тануға өтінім бере алады31.01.2025, 11:41 113721"Игі істі бөліс" республикалық флешмобы басталды31.01.2025, 12:42 113316Құрылысы 5 жыл бұрын тоқтап қалған Қызылорда су торабын жаңғырту жобасы аяқталды
24.01.2025, 16:38 133311Қазақстанда генерациялау объектілерін, жылу және электрмен жабдықтау желілерін кешенді жаңғырту жоспарлануда24.01.2025, 16:24 130581Бектенов сыртқы факторлардың ел экономикасына әсері мәселелері бойынша жұмыс кеңесін өткізді24.01.2025, 16:20 130276Астанада жеке кәсібін ашқан ерекше баласы бар аналарға арналған форум өтті23.01.2025, 19:50 127611Алматыда заңсыз салынған сауда нысандары жаппай бұзылуда09.01.2025, 17:13 1225462024 жылы Отбасының цифрлық картасы арқылы 263 мыңнан астам адамға мемлекеттік қызмет көрсетілді