06.02.2025, 15:30 5041

Әлеуметтік қызметтер порталы арқылы мүгедектігі бар адамдар 60 мыңға жуық қызмет алды

Әлеуметтік қызметтер порталы арқылы мүгедектігі бар адамдар 60 мыңға жуық қызмет алды
2025 жылдың басынан бастап Әлеуметтік қызметтер порталы (бұдан әрі - Портал) арқылы мүгедектігі бар адамдардың 59,6 мың тапсырысы орындалды, оның ішінде: шамамен 37 мың оңалтудың техникалық құралдарын (бұдан әрі - ОТҚ), 4,3 мың - ымдау тілі, 17,6 мың - жеке көмекші мен 0,7 мың - санаторийлік-курорттық емдеу қызметін алды, деп хабарлайды Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің баспасөз қызметінен.

Портал мүгедектігі бар адамдарға оңалтудың техникалық құралдары мен қызметтерін өндірушіні және жеткізушіні өз бетінше таңдауға мүмкіндік береді. Көмек түріне тапсырыс беру көрсетілетін қызметті алушының электрондық цифрлық қолтаңбасымен растау арқылы жүзеге асырылады. Тапсырыс берілген оңалтудың техникалық құралдарын жеткізу немесе өз бетінше әкету арқылы алуға болады.

Мүгедектігі бар адамдарды оңалту құралдарымен қамтамасыз ету протездік-ортопедиялық, сурдотехникалық, тифлотехникалық және гигиеналық құралдар, сондай-ақ кресло-арбалар беруді қамтиды.

Бүгінде Порталда 854 арнаулы әлеуметтік қызмет көрсетуші, 910 ОТҚ жеткізушісі, 31 мыңнан астам жеке көмекші, 751 ымдау тілі және 129 санаторийлік-курорттық емдеу қызметтерін ұсынушы тіркелген.

Порталды пайдалану бойынша консультацияларды қолдау байланыс орталығынан, яғни 1414 бірыңғай нөмірі арқылы хабарласуға болады.
 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны