02.12.2024, 17:42 13186

Алматыда алаяқтардың нөмірлерді ауыстыру үшін пайдаланатын "Sim-Box" жабдығы тәркіленді

Алматыда алаяқтардың нөмірлерді ауыстыру үшін пайдаланатын "Sim-Box" жабдығы тәркіленді, деп хабарлайды ҚР Бас прокуратурасының баспасөз қызметінен.

Алматы қаласының құқық қорғау органдары мен байланыс операторлары арасында жасалған меморандум шеңберінде прокуратураның үйлестіруімен "Киберпол" бөлімшесінің қызметкерлері "Sim-Box" жабдығын пайдалану фактісін анықтады.

Сәтбаев көшесіндегі офистердің бірінен күдіктіден 3 "Sim-Box" құрылғысы тәркіленді.

Жабдық слоттарынан қазақстандық және ресейлік ұялы байланыс операторларының 80-нен астам SIM-картасы табылды.

Sim-Box" жабдығын алаяқтар жаппай қоңыраулар шалу, хабарламалар тарату және абоненттік нөмірлерді ауыстыру үшін пайдаланады.


Аталған факті бойынша абоненттік құрылғының сәйкестендіру кодын өзгертуге мүмкіндік беретін бағдарламаларды заңсыз пайдалану туралы сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды (ҚР ҚК-нің 213-бабы).

Бұл соңғы айдағы осындай құрал-жабдықтардың екінші рет анықталуы.

Алматы қаласының прокуратурасы азаматтарды қырағылық сақтауға шақырады. Егер сізде осындай жабдықты қолдану туралы ақпарат болса, дереу құқық қорғау органдарына хабарлаңыз.

Сондай-ақ жеке деректердің құпиялылығын сақтау қажеттігін еске саламыз: кіру кодтарын, парольдерді және банк карталарының деректемелерін бөгде адамдарға бермеңіз.
 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны