16.01.2025, 19:00 1571

Бөтелкелестерін өлтіріп, өртеп жіберген деп айып тағылғандар сотталды

Бөтелкелестерін өлтіріп, өртеп жіберген деп айып тағылғандар сотталды, деп хабарлайды Ақмола облысы сотының баспасөз қызметінен.

Щучинск қаласында Б. өзінің бірге тұратын Д. және танысы М.-мен спирттік ішімдіктерді ішіп, пайда болған дау-дамай барысында жіп арқанмен М.-ді тұншықтырып, өлтірген.

Қылмысты жасыру мақсатында Б. бірге тұратын Д.-мен мәйітті орман ішіне апарып, алдын ала үстіне еріткіш құйып, өртеген.

Аталған қылмыстық іс алқабилердің қатысуымен қаралып, Б. адам өлтіргені (ҚК-нің 99-бабының 1-бөлігі), ал Д. ауыр қылмысты жасырғаны (ҚК-нің 432-бабы) үшін кінәлі деп танылды.

Сотталғандардың кінәсі олардың кінәні мойындау түсініктерімен, куәгерлердің айғақтарымен, оқиға болған жерді және автомобильді тексерумен, сараптамалардың қорытындыларымен және істің басқа да материалдарымен дәлелденді.

Жаза тағайындауда сот ауырлататын мән-жайлар ретінде қылмыстың масаң күйінде жасалғандығын, бұрын ауыр қылмыс жасағаны үшін сотталған Б.-ның әрекеттерінде қауіпті рецидивтің болуын ескерді.

Сот үкімімен Б.-ға 12 жыл, Д.-ға 5 жылға бас бостандықтарынан айыру жазасы тағайындалды. Сотталған Б.-дан жәбірленушінің пайдасына келтірілген моральдық зиян және материалдық залал өндіріп алынды.

Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.
 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны