11.02.2025, 15:07 3391

Мектеп асханасының жұмысшылары жалған құжатпен жұмыс жасағаны үшін сотталды

Мұнайлы ауданы сотының үкімдерімен мектеп асханасының 4 жұмысшысы өткен жылдың желтоқсан айында айыппұл түріндегі жазаға сотталды, деп хабарлайды Маңғыстау облысының прокуратурасының баспасөз қызметінен.

Көрсетілген тұлғалар жалған санитарлық құжаттарды пайдалану арқылы Мұнайлы ауданының № 8 орта мектептің тамақтандыру блогында жұмыс жасаған.

Бұл жағдай аталған мектептің оқушыларының жаппай улануынан кейін тексеру кезінде анықталды.

Қазіргі таңда соттің үкімдері заңды күшіне енді.
 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны