13.09.2024, 12:58 17296
Қостанай облысында заңсыз майнерлердің қызметінің жолы кесілді
Қаржылық мониторинг агенттігі Қостанай облысында заңсыз майнерлердің қызметінің жолын кесті, деп хабарлайды агенттіктің баспасөз қызметінен.
Рудный қаласының аумағында бірқатар адам тиісті лицензиясыз заңсыз майнингпен "Bitcoin"қамтамасыз етілмеген цифрлық активін (криптовалюта) өндірумен айналысқаны анықталды.
Заңсыз "майнерлер" 3 аудан орталығы немесе 27 орта мектеп немесе 13 аурухана тұтынатындай электр энергия көлемін пайдаланған, бұл жергілікті электр желілеріне орасан зор салмақ түсірген.
Тінту нәтижесінде 150-ге жуық майнингке арналған аппараттық-бағдарламалық кешен(ASIC), оларды салқындатуға арналған құрылғылар, Wi-Fi роутерлер, ұялы телефондар мен ноутбуктер тәркіленді.
Агенттіктің цифрлық активтермен айналысатын арнайы бөлімшесі заңсыз өндірілген "Bitcoin" түскен криптобиржадағы аккаунтарды анықтады.
Алдын ала есеп бойынша заңсыз қызметтен түскен қаржының жалпы айналымы 100 млн теңгеден асады.
Соттың санкциясымен күдіктінің мүлкіне жәнекриптовалюта аккаунтында сақталған заңсыз өндірілген цифрлық активтеріне тыйым салынды.
Мемлекет басшысы өз Жолдауында цифрлық активтер мен майнингті заңмен реттеп, криптобиржаларды одан әрі дамыту ісін жалғастыру қажеттігін атап өтті.
Қаржылық мониторинг агенттігінің істері бойынша 2024 жылы цифрлық активтердің заңсыз айналымы саласында 7 үкім шығарылды, олар бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру барысында қылмыстық жолмен алынған құны 1.2 млрд теңгеден асатын мүлікке тыйым салынды.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
тақырып бойынша жаңалықтар
21.01.2025, 11:16 5611
Ішкі істер министрлігі шетелдегі қазақстандықтарға алаяқтықтың жаңа түрі туралы ескертті
Ішкі істер министрлігі шетелдегі қазақстандықтарға алаяқтықтың жаңа түрі туралы ескерту жасайды, деп хабарлайды министрліктің баспасөз қызметінен.
Біздің мыңдаған азаматтарымыз шетелдерде оқуда немесе жұмыста. Олар өзара Telegram және WhatsApp-чаттарын құрып, ақпарат алмасып, бір-біріне көмектеседі. Мұны алаяқтар да пайдалануы мүмкін. Қаскөйлер осындай чаттарға қосылып, өздерін қазақстандық азамат ретінде таныстырып, әдеттегіден тиімді шарттармен валюта айырбастау қызметін ұсынады.
Бірақ ақшаны ауыстырғысы келетіндерді байланыстырмай, алаяқтар криптовалюта сатумен айналысатын адамдардың немесе дроптардың шоттарын жібереді. Түскен қаражатты алғаннан кейін олар хат-хабарларды өшіріп, чаттардан шығып кетеді.
Кореяда, Қытайда және АҚШ-та осылай алдау жағдайлары орын алды.
Азаматтарды сақ болуға және күмәнді ұсыныстарды қабылдамауға шақырамыз", - деді ведомствода.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
20.01.2025, 17:51 19891
Яндекс карталар мен 2ГИС Шымкент жүргізушілерін жолдың қауіпті учаскелері туралы ескертеді
Яндекс карталар мен 2ГИС Шымкент жүргізушілерін жолдың қауіпті учаскелері туралы ескертеді, деп хабарлайды ҚР Бас прокуратурасының баспасөз қызметінен.
Қала прокуратурасының Үйлестіру кеңесінің отырысында Жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселесі қаралды.
ЖКО-ның негізгі себебі жүргізушілердің жол жүру ережелерін бұзуы болып табылады.
Жолдардың авариялық-қауіпті учаскелерін талдау нәтижелері бойынша қала прокуратурасымен Яндекс карталары және 2ГИС-пен бірлесіп навигаторларға аса қауіпті учаскелердің картасы және оларға жақындаған кезде жүргізушілерді дауыстық ескерту функциясы енгізілді.
Картаға қала бойынша осындай 30-ға жуық аймақ қосылды.
Яндекс карталарындағы және 2ГИС-тегі дыбыстық ескертулер, егер жүргізуші қауіпті учаскеге дейін кемінде 300 метр жылдамдықтан асып кетсе іске қосылады.
Жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселесі қалалық прокуратураның ерекше бақылауында.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
20.01.2025, 14:48 20321
Атырауда пәтер ұрысы тұрғындарға 10 млн теңгеден астам шығын келтірген
Атырауда пәтер ұрысы тұрғындарға 10 млн теңгеден астам шығын келтірген, деп хабарлайды Polisia.kz
Күдікті тұрғын үйлердің пластикалық терезесін күшпен ашып, жалпы сомасы 10,3 млн теңге тұратын әртүрлі алтын бұйымдарды ұрлаған.
Тексеру барысында 35 жастағы күдікті алтын бұйымдарды қала аумағында орналасқан әртүрлі ломбардтарға тапсырғаны анықталды. Жәбірленушілердің бірі ломбардтан тәркіленген заттардың ішінен өзіне тиесілі 7 бұйымды таныды.
Қазіргі таңда күдікті ұсталды, аталған дерек бойынша тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
20.01.2025, 14:18 20391
Адам өлтірді деген екі күдікті Ресейден экстрадицияланды
Адам өлтіру, тұрғынжайға қолсұғылмаушылықты бұзу және заңсыз қару айналымы үшін қылмыстық жауаптылыққа тарту мақсатында Қазақстанның екі азаматы Ресейден экстрадицияланды, деп хабарлайды Бас прокуратурасының баспасөз қызметінен.
Күдіктілер 2023 жылдың қаңтарында Шымкент қаласында басқа үш адаммен бірлесіп, жеке араздық негізінде танысын өлтіруді жоспарлаған.
Ойларын жүзеге асыру мақсатында күдіктілер тапанша, металл шыбықтар мен биталармен қаруланып, қолғап пен маска киіп, түнгі уақытта жәбірленушінің үйіне келген.
Олар терезелерді сындырып, үйге кіріп, жәбірленушіге аса қатыгездікпен көптеген дене жарақаттарын келтірген.
Кейін үйдегі басқа адамдарды ұрып-соғып, жәбірленуші өмір белгілерін бермегеніне көз жеткізген соң, оқиға орнынан бой тасалаған.
Жәбірленуші ауыр дене жарақат салдарынан жедел жәрдем көлігінде қайтыс болған.
Күдіктілердің екеуі ізін суытпай ұсталып, әртүрлі жазаларға тартылған. Ал қалған үш күдікті елден қашып үлгеріп, халықаралық іздеуге жарияланған.
2024 жылдың мамырында сыбайластарының бірі көршілес елден экстрадицияланып, сотталды.
Қалған екі іздеудегі күдікті өткен жылдың шілдесінде Ресей Федерациясының Мәскеу облысында ұсталып, Қазақстан Бас прокуратурасының сұрауы бойынша елге экстрадицияланды.
Қазіргі таңда күдіктілер тергеу изоляторына қамалды.
Айыпталып отырған қылмыстарды жасағаны үшін оларға 15 жылдан 20 жылға дейінгі мерзімге немесе өмір бойына бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған.
Осылайша, аталған қылмыстарға қатысы бар барлық тұлғалар әшкереленді.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
20.01.2025, 14:12 20606
СҚО үш азамат цифрлық активтердің заңсыз айналымы үшін сотталды
ҚМА Солтүстік Қазақстан облысы бойынша департаменті цифрлық активтерді заңсыз айналымға шығару фактісі бойынша қылмыстық істі тергеуді аяқтады, деп хабарлайды агенттіктің баспасөз қызметінен.
Үш азамат тиісті лицензиясыз криптовалюта қабылдау және айырбастау операцияларын жүргізген. Олар криптовалюта биржаларынан алынған қаражатты пайдаланып, криптокошелек арқылы қамтамасыз етілмеген цифрлық активтермен айырбас операцияларын жүзеге асырған. Қазақстан Республикасының аумағында қызметі тыйым салынған криптобиржалар арқылы жасалған бұл операциялар заңсыз болды.
Заңсыз айырбас операциялары нәтижесінде схеманы ұйымдастырушылар цифрлық активтерді ұлттық валютаға айырбастаған. Жалпы айналым сомасы 681 млн теңгеден астам.
380 адам осы үш азаматпен криптовалюта бойынша транзакциялар жасағаны анықталды, бұл іс-әрекет банктік шоттардан алынған үзінділермен расталды.
Сот үш күдіктіге қатысты шешім қабылдап, оларды 2,5 жылдан 3,5 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасына кесіп, мүліктерін тәркілеуге шешім қабылдады.
Құны шамамен 400 млн теңгені құрайтын мүлік тәркіленді, оның ішінде 10 млн теңге көлемінде активтер, 150 млн теңге бағасындағы жылжымайтын мүлік, жалпы құны 213 млн теңге болатын бес көлік, 12 млн теңге тұратын квадроцикл және қымбат компьютерлік жабдықтар бар.
Мұндай құрылымдар өз клиенттерін сәйкестендірмейді және күдікті операцияларды анықтамайды. Сондықтан, олардың қызметтерін көбіне кибералаяқтар мен есірткі заттарын өткізушілер пайдаланады.
Мысалы, осындай схемалар арқылы 2024 жылы 10 миллиард теңгеге есірткі табыстары шығарылған.
Айта кетейік, Қазақстан Республикасының "Цифрлық активтер туралы" Заңына сәйкес елдегі цифрлық активтердің айналымына қатысты кез келген қызмет лицензияны қажет етеді.
ҚМА қоғамдағы заңдылық пен тәртіпті қамтамасыз ету, экономикалық және қаржылық құқық бұзушылықтарға қарсы іс-қимыл бойынша белсенді жұмысты жалғастыруда.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
20.01.2025, 14:04 21016
Жетісуда полиция трансұлттық ұйымдасқан қылмыстық топты ұстады
Жетісуда есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл бөлінісінің қызметкерлері шетелдік азаматтар мен Қазақстан Республикасының азаматынан құралған ұйымдасқан қылмыстық топты ұстау бойынша операция жүргізді, - деп хабарлайды Polisia.kz.
Ұсталған топ мефедрон психотроптық затын өндіретін есірткі зертханасын басқарған.
Анықталғандай, жазда шетелдік азамат Францияда жүрген кезінде туысына шетелде жұмысқа тұруға ұсыныс жасаған. Олар Қазақстанға келгеннен кейін жетекшілерінің бақылауымен есірткі зертханасын құрып, оның нұсқауы бойынша әрекет еткен. Қазақстан азаматы оларға қажетті құрал-жабдықтарды жеткізіп, есірткі жасырумен айналысқан", - деді ІІМ есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл комитеті төрағасының орынбасары Қуандық Әлжанов.
Ұстау кезінде олардан шамамен 6 кг мефедрон және арнайы құрал-жабдық тәркіленді. Күдіктілер қамауда.
Қылмыстық схеманың басқа да қатысушыларын анықтап, жауапкершілікке тарту үшін тергеу амалдары жүргізілуде", - деді Қуандық Әлжанов.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
20.01.2025, 11:56 21276
Алматыда алаяқтар азаматтарға 25 млрд теңгеден астам шығын келтірген
Алматыда алаяқтар азаматтарға 25 млрд теңгеден астам шығын келтірген, - деп хабарлайды Polisia.kz.
Алматыда өткен жылдан бері 9 мыңнан астам алаяқтық дерегі тіркелді. Қайталанатын қылмыстық әрекеттердің салдарынан азаматтар 25 миллиард теңгеден астам қаржысынан айырылған. Тергеу басқармасы көп эпизодты үш қылмыстық істі қарастырды.
Зардап шеккендердің саны 300-ден 1400 адамға дейін жеткен. Екі қылмыстық іс бойынша тергеу аяқталып, сотқа жолданды.
Ал үшінші іс бойынша тергеу жұмыстары жалғасуда. Жедел ахуалды тұрақтандыру мақсатында полиция халықпен тығыз жұмыс істеуде. Негізгі бағыттардың бірі - тұрғындардың құқықтық сауаттылығын арттыру.
Бұл БАҚ арқылы, көшелер мен қоғамдық орындарда алаяқтықтың түрлері мен әдістері туралы ақпараттық жадынамалар тарату арқылы жүзеге асырылып жатыр.
Сонымен қатар алаяқтықтың жаңа әдістері, оларды жасау жолдары және алдын алу шаралары бойынша тұрақты түрде мониторинг жүргізіліп жатыр.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
17.01.2025, 11:43 52921
Ірі алаяқтық жасады деген күдікті Беларусьтен экстрадицияланды
Ірі алаяқтыққа күдікті Беларусьтен экстрадицияланды, деп хабарлайды Бас прокуратураның баспасөз қызметінен.
Бас прокуратураның қызметкерлері Қазақстанның Беларусьтегі Елшілігінің көмегімен, күдіктіні Беларусь Республикасынан ірі мөлшердегі алаяқтық үшін қылмыстық жауаптылыққа тарту мақсатында экстрадициялады.
Ол, 2022 жылдың қаңтарынан 2023 жылдың тамызына дейінгі кезеңде Түркістан қаласында бір топ адам болып әрекет етіп, кәсіп ашу үшін тегін ақшалай грант алуға көмектесеміз деген сылтаумен 13 азаматтың қаражатын ұрлаған, оларға 10 миллион теңгеден ірі мөлшерде шығын әкелді.
Бұл қылмыстың сыбайласы сотталған, ал күдікті заңсыз әрекет жасағаннан кейін қашып кеткен және халықаралық іздеуге жарияланған.
2024 жылдың қазан айында ол Беларусьте ұсталып, Қазақстан Бас прокуратурасының өтініші бойынша отанына экстрадицияланды.
Қазір күдікті Астанадағы тергеу изоляторына қамалды.
Бұл қылмысты жасағаны үшін мүлкін тәркілеу арқылы үш жылдан жеті жылға дейін бас бостандығынан айыру түрінде жаза қарастырылған.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
ИНТЕРНЕТ ТЕЛЕВИДЕНИЕ
KAZAKHSTAN TODAY LIVE
Ең көп оқылғаны
21.01.2025, 11:16Ішкі істер министрлігі шетелдегі қазақстандықтарға алаяқтықтың жаңа түрі туралы ескертті 21.01.2025, 09:06 5081Бүгін Алматы қаласында ауа сапасы нашарлайды21.01.2025, 11:12 4841Астанада ұшу-қону жолағының жабылуына байланысты әуе рейстері кешіктірілуде21.01.2025, 16:03 3356Мемлекет басшысы Жоғарғы Сот төрағасы Асламбек Мерғалиевті қабылдады21.01.2025, 16:07 31112024 жылы 1,1 млн тонна қалдық жиналып, 1,6 млнға жуық ағаш отырғызылды
17.01.2025, 11:51 100301Алматы облысы бойынша ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігі департаментінің басшысы тағайындалды17.01.2025, 12:03 1000662024 жылы 13,5 мыңнан астам қазақстандыққа арнаулы әлеуметтік төлем тағайындалды16.01.2025, 11:53 935012024 жылы жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларымен 683 мыңнан аса адам қамтылды16.01.2025, 18:45 84521Астана халықаралық әуежайы қала балансына өтті16.01.2025, 18:57 84366Бектенов техникалық мамандарға арналған жеңілдетілген тұрғын үй бағдарламасын кеңейтуді тапсырды
30.12.2024, 17:17 153626Алматыдағы қонақ үй бизнесінің дамуы: қорытынды мен болашақ31.12.2024, 18:33 147756Qazaq Air әуекомпаниясын вьетнамдық инвесторлар сатып алды31.12.2024, 18:31 147446Ақмола облысы бойынша "Қазсушар" филиалы Сілеті су қоймасының тозған механизмдерін ауыстыру жұмысын аяқтады31.12.2024, 18:20 146956Жамбыл облысында полиция бөлімінің заманауи ғимараты ашылды31.12.2024, 18:17 136871Жаңа жыл мерекесі қарсаңында полиция қызметкерлері мен Ұлттық ұланның әскери қызметшілері күшейтілген қызмет режиміне көшті