10.02.2025, 10:37 10616

Жамбыл облысының прокурорларымен ауыр қылмысты жасыру фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды

Жамбыл облысының прокурорларымен ауыр қылмысты жасыру фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды, деп хабарлайды Бас прокуратураның баспасөз қызметінен.

Заң және тәртіп" қағидатына сәйкес Жамбыл облысының прокуратурасы қылмыстық қудалау органдарында есепке алу-тіркеу тәртібінің сақталуына ерекше назар аударады.


Мәселен, прокуратурамен Байзақ ауданы полиция бөлімі бастығының орынбасарына қатысты ҚК-нің 433-бабының 2-бөлігімен ауыр санаттағы қылмысты қасақана жасырды деген күдікпен сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды.

Қылмысты жасыру аудан аумағында орын алған 10 700 000 теңге қаражатты жымқыруға қатысты арызды Сотқа дейінгі тергеп-тексерулердің бірыңғай тізіліміне тіркемеу арқылы жүзеге асырылған.

Жиналған дәлелдемелердің жиынтығымен күдіктінің іс-әрекеті ҚК-нің 433-бабы 3-бөлігінің 2) тармағымен сараланды (ауыр қылмысты адамдар тобының алдын ала сөз байласуымен жасыру).

Күдікті полиция қызметкері ҚПК-нің 128-131-баптарының тәртібімен ұсталып, оған қатысты сотпен "күзетпен ұстау" түріндегі бұлтартпау шарасы санкцияланды.

Сотқа дейінгі тергеп-тексеру жалғасуда.
 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны