08.02.2022, 17:52 23506

2023 жылдан бастап Қазақстанда суды тұтыну бойынша сараланған тариф енгізіледі

Коммуналдық төлемдерді төлеуде халықтың мұқтаж санаттарын жеке топқа бөлу жоспарланып отыр.
2023 жылдан бастап Қазақстанда суды тұтыну бойынша сараланған тариф енгізіледі
НҰР-СҰЛТАН. 8 АҚПАН - 2023 жылдан бастап Қазақстанда су тұтыну көлеміне сараланған тариф енгізіледі. Бұл туралы Премьер-Министр Әлихан Смайылов мәлімдеді.
 

Су ресурстарына ұқыпты көзқарасты қалыптастыру және объектив төлемді белгілеу мақсатында 2023 жылдан бастап суды тұтыну көлеміне қарай сараланған тариф енгізіледі", - деді Премьер-Министр Үкіметтің кеңейтілген отырысында.

 
Сонымен қатар, Смайылов коммуналдық төлемдерді төлеуде халықтың мұқтаж санаттарын жеке топқа бөлу жоспарланып отырғанын айтты.
 
Ақпарат көзі: tengrinews.kz
 
 Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны