04.05.2022, 17:07 21796

Автокөліктерге кедендік әкелу баждарының мөлшерлемесі көтерілген жоқ - МКК

Жеңіл автокөліктерге арналған баждың ставкалары 2022 жылы өзгеріссіз қалды.
Автокөліктерге кедендік әкелу баждарының мөлшерлемесі көтерілген жоқ - МКК
Сурет: Depositphotos
НҰР-СҰЛТАН. 4 МАМЫР - Әлеуметтік желілерде Қазақстан Республикасының аумағына әкелінген автокөліктерді кедендік тазартудан өткізу үшін кедендік баж ставкасының ұлғайтылғаны туралы ақпарат таратылуды. ҚР Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті бұл ақпаратты ресми түрде жоққа шығарады, деп хабарлайды KAZAKHSTAN TODAY ҚР ҚМ МКК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
 

Кеден бажының ставкалары Еуразиялық экономикалық комиссиямен белгіленеді (ЕЭК Кеңесінің 2021 жылғы 14 қыркүйектегі № 80 шешімі) және бұл ставкалар Қазақстан Республикасы үшін міндетті болып табылады. Жеңіл автокөліктерге арналған баждың ставкалары 2022 жылы өзгеріссіз қалды", - деп хабарлады комитеттің баспасөз қызметі.

 
Керісінше, МКК деректері бойынша, Еуразиялық экономикалық одақ Кеңесінің 2022 жылғы 17 наурыздағы № 39 шешімімен тиісті құжаттар ұсынылған жағдайда электромобильдерді баж мөлшерлемесінің 15%-ынан босату түріндегі жеңілдік берілді. Ұсынылатын құжат түрі ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігімен белгіленеді.
 
2022 жылғы 5 сәуірдегі № 46 шешімімен дайын өнімді өндіруге арналған шикізат және материалдар (фармация, тамақ өнеркәсібі) сияқты "сезімтал" тауарлардың жекелеген санаттарына кедендік әкелу бажының 0% мөлшерлемесі енгізілді.
 
Сонымен қатар, тауарлардың кедендік құны ЕАЭО Кеден кодексінің 5-тарауына (тауарлардың кедендік құнын айқындаудың алты әдісі) және Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2018 жылғы 27 наурыздағы № 42 "Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағына әкелінетін тауарлардың кедендік құнына кедендік бақылау жүргізудің ерекшеліктері туралы" шешіміне сәйкес айқындалады, деп түсіндірді баспасөз қызметі.
 
Комитетте атап өткендей, автокөліктерді сатып алу кезінде азаматтарға аумақтық мемлекеттік кірістер департаменттеріне барып, кедендік тазартудан өткізуге кеңес беріледі. Заңсыз іс-әрекеттер фактілері және шағымдану үшін басқа да негіздер болған жағдайда, 14-14 қысқа нөміріне немесе 8-7172-71-81-71 нөміріне хабарлауға болады.
 

Сонымен қатар, утилизациялық алым мен кедендік баж бір-біріне ұқсамайтын екі бөлек алым және бір-бірін алмастыра алмайтынын ескеру қажет", - деп толықтырды ведомствода.

 
 Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны