30.04.2021, 20:41 21708

Қазақстан автомобиль көлік құралымен мұнай өнімдерін экспорттауға тыйым салады

Автомобиль көлік құралдарын дайындаушы зауыт көздеген және техникалық шарттарға сәйкес белгіленген бензин бактарында, сондай-ақ көлемі 20 литрден аспайтын жекелеген ыдыстарда әкету ерекше жағдай болып табылады.

НҰР-СҰЛТАН. 30 СӘУІР - Қазақстанның Энергетика министрлігі автомобиль көлік құралымен мұнай өнімдерін экспорттауға алты айға тыйым салынғанын хабарлады, деп хабарлайды KAZAKHSTAN TODAY ҚР Энергетика министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ішкі нарықты мұнай өнімдерінің тапшылығын болдырмау мақсатында ҚР Энергетика министрлігі автомобиль көлік құралдарын дайындаушы зауытпен көзделген және техникалық шарттарға сәйкес орнатылған бензин бактарында, сондай-ақ жалпы көлемі 20 литрден аспайтын жеке ыдыстарда әкету жағдайларын қоспағанда, жағармайды (ЕАЭО СЭҚ ТН коды 2710 19 820 0, 2710 19 840 0, 2710 19 860 0, 2710 19 880 0, 2710 19 920 0, 2710 19 940 0, 2710 19 980 0, 3403 19 900 0, 3403 91 000 0) қоспағанда, бензиндерді, дизель отынын және мұнай өнімдерінің жекелеген түрлерін (ЕАЭО СЭҚ ТН коды 2709, 2710, 2902, 3403, 3811, 3826) Қазақстан Республикасының аумағынан автомобиль көлігімен әкетуге алты ай мерзімге тыйым салуды енгізуді көздейтін "Қазақстан Республикасы аумағынан мұнай өнімдерін әкетудің кейбір мәселелері туралы" бірлескен бұйрығын қабылдады.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны