25.02.2025, 10:39 1486

Қазақстан Еуропалық Одаққа бал экспорттайтын болады

Қазақстан Еуропалық Одаққа бал экспорттайтын болады
ҚР ресми түрде Еуропалық Одақ елдеріне бал экспорттауға рұқсат алды. Тиісті қаулы 2025 жылдың 21 ақпанында Еуропалық Комиссия тарапынан жарияланды, деп хабарлайды Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінен.

Министрлік балдағы қалдық заттарды бақылаудың Ұлттық жоспарын әзірлеп, енгізу бойынша ауқымды жұмыс жүргізді, бұл Қазақстанды ЕО-ға осы өнімді экспорттауға құқығы бар елдер тізіміне қосу үшін маңызды қадам болды. Дайындық аясында Еуроодақ талаптарына сәйкестікті қамтамасыз ету мақсатында көптеген семинарлар, кеңестер мен тексерулер өткізілді.

Еуропалық Комиссия қаулысының 2-бабына сәйкес, бұл шешім Еуропалық Одақтың Ресми журналында жарияланған күннен бастап жиырма күн өткен соң күшіне енеді.

Айта кету керек, Еуропалық Одақ елдеріне өнім экспорттауға рұқсат берілген кәсіпорындар Комиссия мақұлдаған Тізімге енгізілуі үшін ЕО нормативтік актілерінің барлық талаптарына сәйкес келуі қажет.

ЕО Комиссиясының талаптарына сәйкес, осы Тізімге қосылу үшін аумақтық инспекция өтінішті Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетіне жолдаған кезде мынадай құжаттарды ұсынуы қажет:

1. кәсіпорынның ЕО-ның импорттық нормалары мен талаптарына сәйкестігін растайтын Комитеттің аумақтық инспекциясының кепілдік хаты.

2. кәсіпорынға жүргізілген ветеринариялық бақылау және қадағалау тексерулері актілері және оның ЕО талаптарына сәйкестігі туралы қорытынды.

3. кәсіпорында өндірістік бақылау жүйесі мен ХАССП жүйесінің жұмыс істейтінін растайтын құжаттар.

4. кәсіпорын туралы деректер көрсетілген, ағылшын және орыс тілдерінде толтырылған тиісті кесте.

Комитет ұсынылған құжаттарды қарап, оларды TRACES-NT жүйесі арқылы Еуропалық Одақ Комиссиясына жіберу үшін дайындайды.
 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны