25.02.2025, 10:55 2076
Павлодар облысында заңсыз ағаш кесу фактісі анықталды
Достарға айту
Аққулы ауданы Ертіс өзенінің жайылмасында прокуратураның координациясымен заңсыз ағаш кесумен айналысқан тұлғалар тобы ұсталды, деп хабарлайды Павлодар облысының баспасөз қызметінен.
Ұсталғандардың бірі Павлодар облысының орман және жануарлар дүниесін қорғау мекемесінің қызметкері болып шықты.
Қылмыстық кодекстің 340-бабы 3-бөлігі және 188-бабы 2-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу аясында полиция қызметкерлері ұрланған ағаштар мен қылмыс құралдарын тәркіледі.
Экологияға келтірілген шығын 1,3 миллион теңгеден астам соманы құрады.
Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеу аяқталды, қылмыстық іс сотқа жіберілді.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
тақырып бойынша жаңалықтар
25.02.2025, 12:58 1836
Жетісуда орманшылар қызыл кітапқа енген қарақұйрықтарды заңсыз аулағаны үшін сотталды
Достарға айту
Қаратал аудандық соты сирек кездесетін жануарларды заңсыз аулау ісі бойынша үкім шығарды, деп хабарлайды Жетісу облысының прокуратурасынан.
Өткен жылдың қыркүйек айында "Үштөбе орман шаруашылығы" КММ-нің үш қызметкері азаматтық тұлғамен бірлесіп, "УАЗ" қызметтік көлігін пайдаланып, орман шаруашылығы аймағында Қызыл кітапқа енген қарақұйрықтарды заңсыз аулағаны анықталды.
Соттың үкімімен ұсталғандардың барлығы ҚР ҚК-нің 337-бабы (заңсыз аңшылық) бойынша кінәлі деп танылып, 3 жылға бас бостандығын шектеу жазасына кесілді.
Сотталушылар мемлекетке келтірілген 7 миллион теңгеге жуық залалды толық өтеді.
Сот үкімі заңды күшіне енді.
Прокуратура қоршаған ортаны қорғау заңнамасын сақтаудың және сирек кездесетін жануарларды қорғаудың маңыздылығын еске салады.
Осындай құқықбұзушылықтар анықталған жағдайда, дереу құқық қорғау органдарына хабарлауға шақырамыз.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
24.02.2025, 13:20 13531
Жасырын жүгі бар жол сөмкесі: есірткі таратушы сотталды
Достарға айту
Жасырын жүгі бар жол сөмкесі: есірткі таратушы сотталды, деп хабарлайды Бас прокуратурадан.
Ұлытау облысы бойынша мамандандырылған ауданаралық қылмыстық соты ҚР азаматына қатысты үкім шығарды. Ол есірткі затын - "гашишті" заңсыз өңдеу, сақтау, тасымалдау және аса ірі көлемде сату бойынша айыпталған.
Сотталушы тыйым салынған затты тұрмыстық жағдайда дайындап, кейін оны жол сөмкесіне жасырып, жолаушылар пойызымен Жезқазған қаласына жеткізген. Ол есірткіні кейін сатуды жоспарлаған.
Сот барысында прокурор айыпталушының кінәсін дәлелдейтін бұлтартпас айғақтар ұсынды. Құқық қорғау органдарының жедел жұмысының арқасында Ұлытау облысы аумағында шамамен 5 килограмм гашиштің таралуына жол берілмеді.
Сот сотталушыға 11 жыл бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады.
Үкім заңды күшіне енді.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
24.02.2025, 13:02 13886
Қызылорда облысында жақын шетел азаматтарына Қазақстанда уақытша тұруға 80-нен астам заңсыз рұқсат ресімдеген
Достарға айту
ҰҚК Қызылорда облысы және Байқоңыр қаласы бойынша департаменті прокуратура органдарының үйлестіруімен заңсыз көші-қонды ұйымдастыруға күдікті бір топ адамның әрекетінің жолын кесті.
Алдын ала деректер бойынша, олар жақын шетел азаматтарына Қазақстанда уақытша тұруға 80-нен астам заңсыз рұқсат ресімдеген.
Тінту барысында заттай дәлелдемелер тәркіленген.
Қылмыстық кодекстің 251-бабының 1-бөлігі, 394-бабының 2-бөлігі және 366-бабының 1-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілуде.
Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабының 1-бөлігіне сәйкес өзге ақпарат жария етуге жатпайды.
ҰҚК баспасөз қызметі
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
24.02.2025, 12:55 14206
Онкологиялық ауыратын науқастар мүгедектікті рәсімдеу мүмкіндігінен айыру фактісі анықталды
Достарға айту
Қала прокуратурасы мүгедектігін анықтау үшін онкологиялық ауыратын науқастарды, олардың ағзасында функцияларының тұрақты түрде бұзылғаны бола тұра, оларды медициналық ұйымдарға жібермеу тәжірибесінің жолын кесті, деп хабарлайды Алматы қаласының прокуратурасынан.
Онкологиялық ауыратын науқастар мүгедектікті рәсімдеу және кепілдендірілген әлеуметтік жәрдемақы алу мүмкіндігінен айырылған.
Қадағалау актісі бойынша қалалық емханалардың 9 басшысы тәртіптік жауаптылыққа тартылды, 8 пациентке І-топ мүгедектігі берілді.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
24.02.2025, 12:46 14621
Маңғыстау облысында құмар ойындары бизнесі бойынша екі автокөлік тәркіленді
Достарға айту
ҚМА Маңғыстау облысының Департаменті 2022-2023 жылдары компьютерлік зал атын жамылып заңсыз құмар ойын бизнесін ұйымдастырған қылмыстық топтың әрекетін тоқтатты, деп хабарлайды агенттіктің баспасөз қызметінен.
Қатысушылардан ақшалай ставкалар банк аударымдары арқылы қабылданып, кейін олар арнайы платформада тіркеліп, ойындарға қатысу үшін логин, пароль және сілтеме беру арқылы жүзеге асқан.
Нәтижесінде қылмыстық топтың жалпы табысы 77 млн теңгеден асты.
Қаржылық тергеу барысында күдіктілер заңсыз жолмен табылған қаражатқа 36 млн теңгеге екі автокөлік - "Toyota Land Cruiser" және "Mersedes-Benz 320" сатып алғаны анықталды.
Сот үкімімен олар ҚР ҚК 307-бабы 2-бөлігі 2-тармағы (заңсыз құмар ойын бизнесін ұйымдастыру) және 262-бабы 1-бөлігі, 2-бөлігі (ұйымдасқан қылмыстық топ құру, басқару және оларға қатысу) бойынша кінәлі деп танылып, 5-тен 8 жылға дейін бас бостандығынан айырылды.
Қылмыстық жолмен алынған автокөліктер мемлекет пайдасына тәркіленді.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
24.02.2025, 09:43 15651
"Трамадолды" рецептсіз сату қылмыстық жауапкершілікке әкеледі
Достарға айту
ІІМ-де "трамадолды" дәрігердің рецептінсіз сатқаны үшін қылмыстық жауапкершілік барын еске салды, деп хабарлайды Polisia.kz.
- Құрметті азаматтар! Ішкі істер министрлігі "заң мен тәртіп" қағидатын қамтамасыз етуді жалғастыруда. Дәріханалық нашақорлыққа қарсы күресті күшейту мақсатында 2023 жылы "трамадол" психотроптық заты есірткі заттарының тізіміне енгізілді.
Есірткі қатарына енгізілгенге дейін "трамадол" ел бойынша сегіз мыңға жуық дәріханада сатылды. Қазіргі уақытта ол дәрігердің рецепті бойынша тиісті лицензиясы бар дәріханаларда ғана сатылады.
Медицинада қолданылатын есірткі және психотроптық заттарды рецептісіз сату деректеріне қатысы бар адамдарды анықтауға бағытталған жедел-іздестіру іс-шараларын тұрақты негізде жүргізіледі. Жыл басынан бері "трамадолды" заңсыз сақтағаны үшін үш адам қамауға алынды. Олардан 2500-ден астам таблетка тәркіленді.
Осыған байланысты дәріханалар мен фармацевтикалық компаниялардың басшыларына қолданыстағы заңнама талаптарын қатаң сақтау қажет екенін еске саламыз.
Медицинада қолданылатын психотроптық заттар мен есірткілерді рецептсіз сату Қылмыстық кодекстің 297-бабы 3-бөлігімен қаралып, "есірткіні заңсыз өткізу" болып саналатынын ескертеміз. Бұл үшін 10 жылдан 15 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған, - деді ІІМ есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл комитеті басқармасы бастығының орынбасары Айбек Брыков.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
22.02.2025, 10:46 15391
Қарағанды облысында ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасы қылмыстық топты ұстады
Сурет: polisia.kz
Достарға айту
Ішкі істер министрлігі қоғамда заң мен тәртіпті қамтамасыз етуге бағытталған жұмысын жалғастыруда.
Қарағанды облысы полиция департаментінің ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасы прокуратураның көмегімен бірқатар ауыр қылмыстар жасағаны үшін айып тағылған қылмыстық топтың құқыққа қайшы әрекетін жойды, деп хабарлайды Polisia.kz.
- Оларға қатысты бопсалау, тонау, алаяқтық және қаруды заңсыз сақтаудың 18 эпизоды бойынша тергеу жүргізілуде. Аталған қылмыстық істер бойынша жәбірленушілерге келтірілген жалпы залал 26 млн теңгеден асады.
Тінту шаралары барысында күдіктілерден бірнеше атыс және суық қару, сондай-ақ көптеген оқ-дәрілер тәркіленді.
Қылмыстық топтың барлық мүшелері ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Олардың басқа да ұқсас фактілерге қатыстылығы тексерілуде.
Заң және тәртіп" қағидатын қамтамасыз ету министрліктің ерекше бақылауында, - деді ІІМ ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес департаментінің өкілі Қуандық Алпыс.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
20.02.2025, 10:39 15616
20 млн теңгенің малын ұрлаған: Алматы облысында барымташылар ұсталды
Достарға айту
Алматы облысында шамамен 20 млн теңгенің малын ұрлаған барымташылар құрықталды.
Polisia.kz-тің мәліметінше, криминалдық полиция қызметкерлері прокуратураның үйлестіруімен мал ұрлығына қатысы бар бір топ адамды қолға түсірді.
Жедел-іздестіру шаралары барысында күдік тудырған екі автокөлік тоқтатылып, олардың жүксалғышынан ұрланған жеті бас мал табылды. Оқиға орнында 28 бен 34 жас аралығындағы үш ер адам ұсталып, тергеу жүргізу үшін полиция бөліміне жеткізілді.
Тексеру нәтижесінде олардың әрекеттерінен Жамбыл ауданы Дегерес ауылының тұрғындары зардап шеккені анықталды. Ұрланған мал иелеріне қайтарылды.
Тергеу барысында ұсталғандардың Жамбыл және көршілес Қарасай аудандарында жасалған он 15 мал ұрлығы дерегіне қатысы бары белгілі болды. Құқық қорғау органдары олардың қылмысқа қатысы бар ықтимал сыбайластары мен ұрланған малды сатып алушыларды анықтау жұмыстарын жалғастыруда.
Әзірге келтірілген шығын көлемі 20 млн теңге шамасында. Аталған фактілер бойынша қылмыстық істер тіркеліп, күдіктілер уақытша ұстау изоляторына қамалды.
Тергеу амалдары жалғасып жатыр.
Еске сала кетейік, бұған дейін Алматыда жасырын аудио жазуға арналған қалам сатқан тұрғын ұсталғанын жазған едік.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
ИНТЕРНЕТ ТЕЛЕВИДЕНИЕ
KAZAKHSTAN TODAY LIVE
Ең көп оқылғаны
25.02.2025, 13:01Алматы қалалық адвокаттар алқасының адвокаты сотталды 25.02.2025, 13:05 51712024 жылы Қазақстанда адам саудасының құрбаны болған 247 адам арнаулы әлеуметтік қызметтермен қамтылды25.02.2025, 13:08 4886Көктемде кезекті халықаралық әуе бағыты іске қосылмақ25.02.2025, 10:39 2231Қазақстан Еуропалық Одаққа бал экспорттайтын болады25.02.2025, 10:55 2071Павлодар облысында заңсыз ағаш кесу фактісі анықталды
18.02.2025, 16:20 134606Алматыда биыл жер сілкінісі қауіпсіздігіне қатысты 30 жаңа станция іске қосылмақ18.02.2025, 17:57 71431Қаңтарда Қазақстанның 14 өңірінде инфляция жеделдеді18.02.2025, 16:16 64991Абай облысында мефедронның үлкен көлемі тәркіленді23.02.2025, 21:41 50011Риддерде жылу жүйесін жаңарту және тасқынға дайындық жұмыстары жалғасуда18.02.2025, 09:39 38256"Жомарт" кенішіндегі шахта-проходкалау тресінде орын алған төтенше жағдай туралы хабарлайды
13.02.2025, 08:03 267121ШҚО бойынша "Қазсушар" филиалы тасқын суын апатсыз өткізуге дайындық бойынша іс-шаралар жоспарын бекітті13.02.2025, 07:57 258226Полиция алаяқтық қоңыраулардың алдын алды: 24 мыңнан астам sim-карта тәркіленді12.02.2025, 14:56 204796Алматыда 2040 жылға дейін жылумен жабдықтауды дамыту жоспары әзірленді17.02.2025, 14:04 166291Су ресурстары және ирригация министрлігі қоршаған ортаны қорғауға 2,5 млрд текше метр су жібереді17.02.2025, 15:01 166031Мемлекет басшысы Литва Президентіне құттықтау жеделхатын жолдады