24.12.2021, 17:41 37361

Қазақстанда мемлекеттік шекарада электронды кезек енгізу жоспарлануда

Жүргізушілерге электрондық кезек жүйесінің сайтында www.e-border.kz тіркелу арқылы кезекті брондау бойынша сервис ұсынылады.
Қазақстанда мемлекеттік шекарада электронды кезек енгізу жоспарлануда
Сурет: 365info.kz
НҰР-СҰЛТАН. 24 ЖЕЛТОҚСАН - Қазақстанның мемлекеттік шекарасында автокөліктің жиналуын болдырмау үшін өткізу пункттерінде электрондық кезекті енгізу жоспарлануда, деп хабарлайды KAZAKHSTAN TODAY ҚР Қаржы министрлігі Мемлекеттік Кірістер Комитетінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
 
Бүгінде шекарада кептеліс пен күту тасымалдаушыларда шекарадағы жағдай туралы, оның ішінде өткізу пункттерінің жүктемелігі туралы ақпараттың болмауына байланысты орын алуда. Мұндай жағдай әлемнің көптеген елдерінде орын алады және мұндай фактілерді болдырмау үшін кейбір елдер өз шекараларында электронды кезек енгізеді. Бұл туралы ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитетінде хабарлады.
 

Жүйе тасымалдаушыларға олардың сапарларын алдын-ала жоспарлауға, дұрыс бағытты құруға және көлік құралдарының трафигі аз өткізу пункттерін таңдауға мүмкіндік береді. Цифрландырудың осындай әдістерін енгізу тауар айналымын және транзиттік әлеуетті дамытуға оң әсерін тигізеді, сондай-ақ тұтастай алғанда жайлы бизнес-ортаны құрады", - деп түсіндірді ведомствода.

 
Комитетте атап өткендей, электронды кезек шекарада машиналарды күтуді толығымен болдырмауды қарастырмайды.
 

Техникалық процестер мен шекара режимін ескере отырып, аз күтулер болады. Жүйе негізінен тасымалдаушылардың уақытын үнемдеуге және шекарадан өту кезінде ыңғайлылыққа бағытталған", - делінген МКК-де.

 
Баспасөз қызметі хабарлағандай, Қазіргі уақытта электронды брондау жүйесі Өзбекстанмен шекарадағы "Б. Қонысбаев" өткізу пунктінде кезек пилоттық режимде іске қосылды.
 

Жүргізушілерге электрондық кезек жүйесінің сайтында www.e-border.kz тіркелу арқылы кезекті брондау бойынша сервис ұсынылады. Бұл жүйе барынша ыңғайлы және ашық болып табылады, жүргізуші көрсетілген сайтта тіркелгеннен кейін жол жүру үшін бос күн мен уақытты таңдайды. Бұл ретте жүргізуші электрондық поштаға алдын ала хат және өз кезегі туралы СМС-хабарлама алады. Болашақта барлық өткізу пункттеріне электрондық кезекті масштабтау жоспарлануда", - деп хабарлады комитетте.

 
 Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны