22.08.2022, 16:09 16986

Қазақстанда әуе компаниялардың қызметі бір жылда 27%-ға қымбаттады

Биыл қаңтар-шілде айларында Қазақстанда әуе компанияларының табысы 276,8 млрд теңгеге жетті.
Қазақстанда әуе компаниялардың қызметі бір жылда 27%-ға қымбаттады
НҰР-СҰЛТАН. 22 ТАМЫЗ - Биыл қаңтар-шілде айларында Қазақстанда әуе компанияларының табысы 276,8 млрд теңгеге жетті. Бір жыл бұрын бұл көрсеткіш 189,2 млрд теңгені құраған еді.
 

270,6 млрд теңге сомасындағы негізгі кіріс барлық бағыт бойынша жолаушылар тасымалы есебінен қалыптасты. Тағы 6,2 млрд теңгесі жүк тасымалына тиесілі. Көлікті жалға беруден түскен кіріс 3 млрд теңге болды", - делінген finprom.kz мәліметінде. 

 
2022 жылғы қаңтар-шілдеде әуе көлігімен 5,8 млн адам сапарлап, бұл көрсеткіш былтырға қарағанда 12,8 пайызға артық. Шілде айында 1,2 млн адам тасымалданып, былтырғыдан 7,3 пайызға көбірек болды.
 
Жолаушы тасымалының басым бөлігі Алматыға тиесілі, яғни 4 млн адам әуе көлігімен сапарға шықты.
 
Сонымен қатар, ұшақпен 12,7 мың тонна жүк тасымалданып, бір жылғы деңгейден 36,1 пайызға аздау болды. Ал шілдеде ұшақпен 2,4 тонна жүк жеткізіліп, маусым айына қарағанда 8,8 пайызға өсті.
 

2022 жылғы шілденің қорытындысы бойынша жолаушыларға арналған әуе команияларының қызмет құны жыл ішінде 26,6 пайызға өсті. Қызмет көрсету құнының едәуір өсуі Түркістан (56,8 пайызға), Жамбыл (46,7 пайызға), Шығыс Қазақстан (44,5 пайызға) облыстарында тіркелді. Солтүстік Қазақстан облысында қызмет құны өзгермегеген, сондай-ақ Ақмола облысында 8,7 пайызға, Қызылорда облысында 8,8 пайызға, Павлодар облысында 17,7 пайызға арзандады", - деп аталып өткен таратылған ақпаратта.

 
Ақпарат көзі: inform.kz
 
 Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны