06.01.2023, 09:42 17966

Қазақстандықтардың 60%-ы қолма-қол ақшаны күнделікті пайдаланады - Ұлттық банк

Экономика субъектілерінің төлем жасағандағы қалауы туралы пікіртерім алғаш рет жүргізілді
Қазақстандықтардың 60%-ы қолма-қол ақшаны күнделікті пайдаланады - Ұлттық банк
Алматы. 6 қаңтар. KAZAKHSTAN TODAY - Қазақстанда қолма-қол ақшасыз төлемдердің дамуына қарамастан, айналыстағы қолма-қол ақша санының тұрақты өсуі байқалады. Ұлттық банк халықтың қолма-қол ақшаны және қолма-қол ақшасыз төлемдерді пайдалануы туралы зерттеу жүргізді, деп хабарлайды ҚР Ұлттық Банкінің баспасөз қызметі.
 
Қазақстанда экономика субъектілерінің төлем жасағандағы қалауы туралы пікіртерім алғаш рет жүргізілді. Бұл ретте зерттеу халық арасында ғана емес, кәсіпкерлер арасында да жүргізілді. Сауалнамаға 9 628 респондент қатысты, оның ішінде: 6 095 - жеке тұлға, 3 533 - кәсіпкерлік субъекті. Зерттеу Қазақстанның 17 облысын және республикалық маңызы бар 3 қаланы қамтыды.

 

Бүгінгі таңда технологиялардың үздіксіз дамуы мен қаржы секторының тетіктерін жетілдіру салдарынан қолма-қол ақшасыз төлем тәсілі бүкіл әлемде өзінің таралуы мен жаңғыртылуы бойынша қарқын алуда. Дегенмен, қолма-қол ақша экономика субъектілері арасындағы маңызды төлем құралдарының бірі ретінде өз позициясын сақтайды, бұл осы зерттеудің келесі тұжырымдарымен расталады: 60% - күнделікті есеп айырысу кезінде пікіртерімге қатысқандар әлі де қолма-қол ақшаны пайдаланады; 30-40% - бизнес субъектілерінің айналымындағы қолма-қол ақшаның орташа үлесі; 35% - пікіртерімге қатысқандардың шығыстары қолма-қол ақшаға тиесілі", - деп хабарлайды Ұлттық Банк.


 
Зерттеу нәтижелерін назарға ала отырып, ҚР Ұлттық Банкінің бұдан арғы іс-шаралары ҚАА инфрақұрылымын нығайтуға және өзекті мәселелерді шешуге бағытталуы тиіс, атап айтқанда:
 
  • ел өңірлерін банкноталардың шағын номиналдарымен және монеталармен ҚАА толықтыру;
  • банкноталардың жай-күйін, әсіресе адам мен кассалық жабдыққа жарамды шағын номиналдарды сақтау;
  • банкноталардың түпнұсқалығын оңай және тез анықтауға мүмкіндік беретін банкноталардың негізгі қорғаныш элементтері туралы және ҚР Ұлттық Банкінің коллекциялық/инвестициялық монеталарын сатып алу мүмкіндігі туралы халықтың кең ауқымын хабардар ету.
 

4,4% - 2017 жылдан бастап 2022 жылға дейін айналыстағы қазақстандық теңге банкноталары санының жыл сайынғы орташа өсімі.
 
1,2% - болжамды ең төменгі орташа жылдық айналыстағы қолма-қол ақшаның 2050 жылға дейін өсуі.

 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны