20.12.2022, 17:16 28986

Қазақстаннан жанар-жағармай әкетуге тыйым салуды тағы жарты жылға ұзарту жоспарлануда

Қазақстаннан жанар-жағармай әкетуге тыйым салуды тағы жарты жылға ұзарту жоспарлануда
Ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізу үшін авиаотынды әкету ерекшелік болып табылады

Астана. 20 желтоқсан. KAZAKHSTAN TODAY - Қазақстанда дизель отынын, бензинді және жанар-жағармайдың басқа да түрлерін автокөлікпен әкетуге тыйым салуды 6 айға ұзарту жоспарлануда, деп хабарлайды Ашық НҚА сайты.
 
Бұйрықтың тиісті жобасы 2023 жылғы 3 қаңтарға дейін жария талқылау үшін "Ашық НҚА" порталында орналастырылған.
 

Жағармайды (ЕАЭО СЭҚ ТН коды 2710 19 820 0, 2710 19 840 0, 2710 19 860 0, 2710 19 880 0, 2710 19 920 0, 2710 19 940 0, 2710 19 980 0, 3403 19 900 0, 3403 91 000 0) қоспағанда, бензиндерді, дизель отынын және мұнай өнімдерінің жекелеген түрлерін (ЕАЭО СЭҚ ТН коды 2709 00, 2710, 2902, 3403, 3811, 3826 00) Қазақстан Республикасының аумағынан автомобиль көлігімен әкетуге алты ай мерзімге тыйым салу енгізілсін", - делінген бұйрықтың мәтінінде.

 
Мұнай өнімдерін өндіру саласындағы уәкілетті органның келісімі және жоғарыда көрсетілген жұмыстарды жүргізуге уәкілеттік ұйыммен шарт және осы мақсаттар үшін авиациялық отын үлгілерінің (сынамаларының) және көлемдерінің қажетті саны көрсетілген хат болған жағдайда, авиациялық отынның реактивті өнеркәсіптік өндіріске (реактивті қозғалтқыштарға арналған отын) қою, оны өнеркәсіптік өндірудің технологиясын бекіту және/немесе қайта бекіту мақсатында тәжірибелік-өнеркәсіптік партиядан қоспаларды іріктеу, үлгілерді біліктілік және зертханалық сынау жөніндегі ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізу үшін авиациялық отынды әкету, автомобиль көлік құралдарын дайындаушы зауытпен көзделген бензин бактарында әкету ерекшелік болып табылады.
 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны