12.03.2025, 15:45 1436

"ҚазМұнайГаз" басшылығы итальяндық Eni компаниясын жаңа жобаларды инвестициялауға шақырды

"ҚазМұнайГаз" басшылығы итальяндық Eni компаниясын жаңа жобаларды инвестициялауға шақырды

ҚазМұнайГаз" ҰК АҚ Басқарма төрағасы Асхат Хасенов Хьюстон қаласында (АҚШ) Eni компаниясының бас операциялық директоры Гвидо Брускомен кездесу өткізді, деп хабарлайды компанияның баспасөз қызметінен.


Тараптар Қашаған кен орнын одан әрі игеру мен ұзақ мерзімді дамытуға аса мән беріп, бірлескен жобалардың қазіргі жағдайын талқылады.

Ірі мұнай-газ жобаларындағы қазақстандық қамту үлесін арттыру, соның ішінде елішілік құндылықты дамыту мәселелері қозғалды.

2024 жылдың қорытындысы бойынша NCOC компаниясы сатып алған тауарлар, жұмыстар және қызметтердегі жергілікті қамтудың нақты үлесі 62,1% немесе $656,4 млн, ҚПО-да - 65% немесе $679,6 млн құрады. Тараптар Қарашығанақ кен орнында қуаты жылына 4,5 млрд текше метр болатын газ өңдеу зауытын салу жөніндегі жұмыстардың жай-күйіне тоқталды. ҚМГ басшысы бұл жобаның еліміз үшін маңызын атап өтті. ҚазМұнайГаз және Eni арасында геологиялық барлау саласында берік қарым-қатынас орнаған. ҚМГ жаңа жобалар пулын дайындап, италиялық компанияны оларға бірлесіп инвестиция салуға шақырды.

Маңғыстау облысында қуаты 247 МВт гибридті электр станциясын салу бойынша бірлескен жобаның күн электр станциясы 2025 жылы 3-тоқсанда, ал ГЭС пен ЖЭС 2026 жылы аяқталады деп жоспарлануда.

Eni компаниясы Қазақстанның сенімді серіктесі, көпжылдық табысты ынтымақтастықты жоғары бағалаймыз. Біз халықаралық нарықта позицияларымызды нығайту, сондай-ақ екі елдің энергетикалық қауіпсіздігі мен тұрақты экономикалық өсуіне ықпал ететін ұзақ мерзімді жобаларды іске асыру үшін бірлескен күш-жігерімізді жалғастырамыз", - деді А.Хасенов.

 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны