31.12.2022, 14:03 50076

БЖЗҚ геосаяси факторларға байланысты 150 млрд теңгеге жуық шығынға ұшырады

2022 жылғы 11 айдағы зейнетақы активтерінің кірістілігі - 5,78%
Астана. 31 желтоқсан. KAZAKHSTAN TODAY - Бірыңғай ұлттық зейнетақы қоры 2022 жылғы 1 желтоқсандағы жағдай бойынша зейнетақы активтерін басқару туралы есеп жариялады, деп хабарлайды "БЖЗҚ" АҚ баспасөз қызметі.
 
Есепке сәйкес, 2022 жылғы 1 желтоқсандағы жағдай бойынша зейнетақы активтерінің жалпы көлемі 14,4 трлн теңгеден асты.
 
Бұл ретте ҚР ҰБ сенімгерлік басқаруындағы БЖЗҚ зейнетақы активтері 14 396,38 млрд теңгені құрады. ИПБ басқаруындағы зейнетақы активтері - 9,35 млрд теңге.
 
Бағалы қағаздар бойынша сыйақы түріндегі, оның ішінде орналастырылған салымдар мен "кері РЕПО" операциялары бойынша және бағалы қағаздарды нарықтық қайта бағалаудан түскен кірістер 720,78 млрд теңге, шетел валютасын қайта бағалаудан түскен кірістер 223,31 млрд теңге, өзге кірістер - 11,81 млрд теңге болғанын көруге болады.
 
Бірақ сыртқы басқарудағы құралдар 149,86 млрд теңге көлемінде шығын әкеліп, бұл биылғы жылы алынған инвестициялық табысқа геосаяси факторлардың әсерін растайды. Салыстыру үшін: өткен жылдың сәйкес күніндегі инвестициялаудың барлық бағыттары табыс әкелді. Атап айтқанда, сыртқы басқарудағы активтер бойынша 161 млрд теңгеден астам кіріс алынды.
 
Дегенмен, 2022 жылдың 11 айындағы жалпы табыс оң сипатқа ие. Инвестициялық қызметтің нәтижесінде, сондай-ақ, шетел валюталары бағамдарының құбылмалылығы және қаржы құралдарының нарықтық құнының өзгеруі салдарынан есептелген инвестициялық кірістің мөлшері жыл басынан бері 806 млрд теңгеге жетті. 2022 жылғы 11 айдағы зейнетақы активтерінің кірістілігі - 5,78%, соңғы 12 айда (2021 жылғы желтоқсаннан 2022 жылғы қарашаға дейін) - 5,91%. 2014 жылдан бастап 2022 жылғы қарашаға дейінгі кезеңде жинақталған инвестициялық табыс 6,8 трлн теңге. 2014 жылдан бастап 2021 жылға дейінгі 8 жыл ішінде жылдық мәнде БЖЗҚ зейнетақы активтерінің кірістілігі орташа алғанда жылына 9,68% көрсеткішке ие болды.
 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны