07.04.2023, 10:56 32041

Екі айда Қазақстаннан жанар-жағармайды заңсыз әкетудің 280-нен астам жағдайы тоқтатылды

ЕАЭО мемлекеттерімен шекарада 63 мың литрден астам жанар-жағармай өнімдерін шығарудың 194 фактісі анықталды
Екі айда Қазақстаннан жанар-жағармайды заңсыз әкетудің 280-нен астам жағдайы тоқтатылды
Сурет: gov.kz
Астана. 7 сәуір. KAZAKHSTAN TODAY - 2023 жылдың 31 қаңтарынан бастап Қазақстан Республикасының аумағынан жанар-жағармай өнімдерін заңсыз алып кетудің 288 фактісінің жолы кесілді. Бұл туралы ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитетінің баспасөз қызметінде хабарлады.
 
Ведомствоның ақпараты бойынша, Қазақстан Республикасының аумағынан бензинді, дизель отынын және мұнай өнімдерінің кейбір түрлерін автомобиль көлігімен әкетуге тыйым салынған сәттен бастап мемлекеттік кірістер органдарымен мұнай өнімдерін үшінші елдерге заңсыз әкетудің 94 фактісі анықталған, олар бойынша сотпен 1,5 млн. теңгеден астам айыппұл салынып және 2 341 литр бензин мен 25 335 литр дизель отыны тәркіленді.
 
ЕАЭО мемлекеттерімен шекарада 63 мың литрден астам (63820 л) жанар-жағармай өнімдерін шығарудың 194 фактісі анықталды.
 

ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитеті жоғарыда көрсетілген тыйым (31.01.2023ж.) күшіне енген күннен бастап электрондық декларациялаудың "АСТАНА-1" ақпараттық жүйесінде мұнай өнімдерін кедендік декларациялауға жол бермеу үшін тиісті шараларды қабылдаған. Осы шектеуге қатысты әкімшілендіру жұмыстары тұрақты негізде алты айлық тыйым салу кезеңінде жүзеге асырылады", - деп қосты салық қызметкерлері.

 
Естеріңізге сала кетейік, Қазақстанда дизель отыны мен бензиннің шекті бағасын көтеру жоспарлануда. Премьер-Министр Әлихан Смайылов түсіндіргендей, бұл шара мәжбүрлі және отын тапшылығын болдырмау үшін енгізілуде. Оның айтуынша, Қазақстанда отын тұтыну деңгейі өсуде.
 

Мұндай жағдай жанар-жағармайдың көрші елдерге транзиттік көліктермен және "сұр" экспорт түрінде шығарылуының артуына байланысты. Ал экономиканың негізгі салаларында нақты тұтыну көлемі айтарлықтай өзгерген жоқ", - деді Премьер-Министр.

 
Сонымен қатар, бірқатар өңірлерде жанармай құю станцияларында дизель тапшылығы байқалады.
 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны