17.10.2022, 14:22 4986

Есеп комитеті: "Астана хаб" майнерлер үшін оффшорлық аймаққа айналды

Есеп комитеті: "Астана хаб" майнерлер үшін оффшорлық аймаққа айналды
Астана. 17 қазан. KAZAKHSTAN TODAY - Мемлекеттік аудит барысында құрылтайшылар тарапынан, Қазақстан Республикасының цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі және "Зерде" холдингі атынан тиісті бақылаудың болмауына байланысты "Астана Хаб" қатысушыларының қатарына криптовалюта майнингі саласындағы қызметті жүзеге асыратын компаниялар енгізілгені анықталды, деп хабарлайды Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің баспасөз қызметі.
 
Комитеттің баспасөз қызметі хабарлағандай, "Астана Хаб" қатысушыларына салықтық жеңілдіктер беру майнингтік компаниялар үшін "оффшорлық алаңға" айналды. Бұл ретте аталған компаниялардың қызметі "Астана Хаб" халықаралық технопаркінің мақсаттары мен мәніне сай келмейді.
 
Есеп комитетінің тапсырмаларын орындау үшін ақпараттық-коммуникациялық технологиялар саласындағы басым қызмет түрлерінің тізбесіне және меншікті өндірістің өлшемшарттарына, Технопарк қатысушыларына цифрлық майнинг бойынша қызметті жүзеге асыратын тұлғаларға инфрақұрылым ұсынуға шектеулер белгілеу бөлігінде өзгерістер енгізілді.
 
Қатысушыларға цифрлық майнинг бойынша қызметті жүзеге асыратын тұлғаларға инфрақұрылым ұсыну тұрғысынан түгендеу жүргізілді.
 
Жыл басынан бастап түгендеу нәтижелері бойынша:
 
- Технопарктің 73 қатысушысымен тараптардың келісімі бойынша технопаркке қатысу қызметінің талаптары туралы шарт бұзылды;
 
- Технопарктің миссиясы мен мақсаттарына сәйкес келмейтін қызметті жүзеге асыруға байланысты 10 қатысушы Технопарктен шығарылды;
 
- Тоқсан сайынғы есептерді ұсынбағаны үшін Технопарктен 25 қатысушы шығарылды.
 
Бұған дейін энергетика вице-министрі Жандос Нұрмағанбетов оның ведомствосы Қазақстандағы майнингтің пайда алушыларын білмейтінін айтқан болатын.
 
Естеріңізге сала кетейік, Мәжіліс майнерлерді қызметті лицензиялауға міндеттейтін заң жобасын мақұлдады.
 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны