13.07.2021, 22:13 10707

Криптовалютаны өндіру үшін төлем алынады - Мемлекеттік кірістер департаменті

АЛМАТЫ. 13 ШІЛДЕ - Криптовалюта өндіру үшін енді төлем алынатын болады, деп хабарлайды KAZAKHSTAN TODAY Алматы қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
 
Салық кодексіне тиісті түзетулер 2022 жылдың 1 қаңтарынан бастап күшіне енеді, деп хабарлайды Алматы Мемлекеттік кірістер департаменті.
 

Төлеушілер цифрлық майнинг (криптовалюта өндіру) жүзеге асыратын заңды және жеке тұлғалар болады. Төлем криптовалюта өндіру кезінде тұтынылған электр энергиясының көлемі үшін алынады. Ставка 1 киловатт қуат үшін 1 теңгені құрайды. Цифрлық майнинг үшін төлем есептеу үшін салық кезеңі тоқсан болып табылады, салық есептілігі көзделмеген. Төлеушілер өз қызметінің нәтижелері туралы ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің Ақпараттық қауіпсіздік комитеті болып табылатын майнинг мәселелері жөніндегі уәкілетті органды хабардар ететін болады", - деп нақтылады департаментте.

 
 Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны