24.11.2022, 12:01 16356

ҚР Бас прокуратурасы бірқатар энергетикалық объектілерді жекешелендірудің негізділігін тексереді

Үкіметте ҚР Премьер-Министрінің төрағалығымен Экономиканы демонополизациялау жөніндегі комиссияның кезекті отырысы өтті.
ҚР Бас прокуратурасы бірқатар энергетикалық объектілерді жекешелендірудің негізділігін тексереді
Сурет: primeminister.kz
Астана. 24 қараша. KAZAKHSTAN TODAY - Үкіметте ҚР Премьер-Министрі Әлихан Смайыловтың төрағалығымен Экономиканы демонополизациялау жөніндегі комиссияның кезекті отырысы өтті, деп хабарлайды ҚР Үкіметінің баспасөз қызметі.
 

Қатысушылар квазимемлекеттік сектордан төмендетілген бағамен бәсекелестік ортаға берілген қаржы ұйымын республикалық меншікке қайтару шарттарын талқылады. Қазіргі уақытта осы факті бойынша тиісті тергеу жүргізіліп жатыр", - деп хабарлады ҚР Премьер-Министрінің баспасөз қызметі.

 
Бұдан басқа, ауыл шаруашылығы мен цифрлық медициналық жүйелердің қажеттіліктері үшін өнеркәсіптік өнімдер өндіру саласында жұмыс істейтін бірқатар компанияға қатысты монополияға қарсы ден қою шаралары қаралды.
 
Сондай-ақ Премьер-Министр Бас прокуратураға елдегі бірқатар энергетикалық объектілерді жекешелендірудің негізділігіне қатысты тексеру жұмыстарын жүргізуді тапсырды.
 
Бұған дейін Қазақстанда мемлекеттік активтерді баланстық құнынан төмен сатуға тыйым салынатыны хабарланған болатын.
 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны