05.10.2021, 19:16 44129

Алматыда сот орындаушысы соққыға жығылды

АЛМАТЫ. 5 ҚАЗАН - Алматыда заңсыз нысанды сүру кезінде сот орындаушысы соққыға жығылды.
 
Оқиғаның видеосы әлеуметтік желіде тарады.
 
Республикалық жеке сот орындаушылар палатасының хабарлауынша, сот орындаушы Бостандық аудандық сотының шешіміне сәйкес Виноградная 3/1 мекенжайына заңсыз нысанды сүру мәселесімен барған.
 

Шара қолдану 4 қазан түскі сағат 11.00-ге жоспарланған болатын. Сот орындаушы аумаққа полиция қызметкерлерімен кірді. Полиция қызметкерлерінің жанында белгісіз біреулер сот орындаушысына қысым жасай бастады. Олар сот орындаушысына өз міндетін орындауға тыйым салып, қорқытуға тырысып, кейін соққыға жықты", - деп хабарлады республикалық жеке сот орындаушылар палатасынан.

 
Сот орындаушысы аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғау туралы тиісті арыз жазды.
 
Қалалық полиция департаменті тиісті сараптамалар тағайындалғанын мәлім етті.
 

Бостандық аудандық полиция басқармасы бұл фактіні тіркеді, сот орындаушысы үйдің иесіне арыз жазды, тиісті сараптамалар тағайындалды. Соның негізінде процессуалдық шешім қабылданады", - деп атап өтті ПД баспасөз қызметі.


Естеріңізге сала кетейік, 20 қыркүйекте Алматы қаласында жеке меншік құқығы туралы сот шешімін орындау кезінде үйден шығарылған тұрғын аңшылық мылтықтан оқ жаудырған болатын. Нәтижесінде бес адам, оның ішінде екі полиция қызметкері, сот орындаушысы және мүліктің жаңа иесі қайтыс болды.
 
Ақпарат көзі: inform.kz
 
 Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны