10.03.2022, 17:37 44256

ҚР ҰҚК Мәсімовтің ісі бойынша тергеу барысы туралы хабарлады

НҰР-СҰЛТАН. 10 НАУРЫЗ - Ұлттық қауіпсіздік комитеті мемлекетке опасыздық жасау, билікті күшпен басып алу және лауазымдық міндеттерін асыра пайдалану күдігі бойынша Мәсімов пен басқа да адамдарға қатысты қылмыстық істі жалғастыруда, деп хабарлайды KAZAKHSTAN TODAY ҚР ҰҚК-нің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Сонымен қатар, тергеу барысында Мәсімовтің іс-әрекетінде көптеген сыбайлас жемқорлық белгілері анықталды. Отандық бизнес қауымдастықтары мен шетелдік субъект өкілдерінен жылжымайтын мүлік, қымбат сыйлықтар, соның ішінде мәдени құндылықтар, елеулі мөлшерде ақшалай қаражат алу фактілері құжатталды", - деп ҰҚК баспасөз қызметінен хабарлады.


Атап айтқанда, жабық келісімшарттардың бірі бойынша шетелдік мемлекет өкілдерінен Мәсімовтің ҰҚК Төрағасы лауазымында 2 млн. АҚШ доллары сомасында пара алу фактісі бойынша тергеу жүргізілуде.  

Осы қаражатты Гонконгтан Қазақстан Ұлттық банкіне қайтару қамтамасыз етілді.

Сонымен қатар, Мәсімовтің Премьер-Министр лауазымында болуы кезеңінде бизнес-құрылымның бірінен астанада құны 2,5 млрд. теңге элиталық тұрғын үй мен жер телімін алу фактісі бойынша тергеу жүргізілуде. 2022 жылғы қаңтарда Мәсімовті ұстағаннан кейін осы тұрғын үйде 17,2 млн. АҚШ доллары мөлшерінде қолма-қол ақша, сондай-ақ көптеген құнды заттар – элиталық сағаттар, алтын кесектері, антиквариат және басқалары алынды", - деп хабарлады ҰҚК.


Бұдан басқа, бизнес санаттағы 11 қымбат автомашина алынды.

Мүліктеріне – Нұр-Сұлтан қ. екі элиталық пәтер, Алматы қ. 2 пәтер мен дербес сарай, сондай-ақ Щучье-Бурабай шипажайы аймағы көлінің жағасындағы аумағы 1 га жер теліміне тыйым салынды. Мәсімовтің жақын байланыстарынан 5,1 млн. АҚШ доллары алынып, оған тыйым салынды", - деп хабарламада айтылған.


Осымен бір мезгілде Мәсімов пен оның айналасындағылар шетел банктеріне заңсыз шығарған аса ірі мөлшердегі ақшалай қаражатты іздестіру, бұғаттау және Қазақстанға қайтару бойынша жұмыс ұйымдастырылды.

Барлық көрсетілген фактілер бойынша қарқынды жедел жедел-тергеу іс-шаралары жүргізілуде.

Бұған дейін хабарланғандай, Қазақстан Ұлттық қауіпсіздік комитетінің бұрынғы төрағасы Кәрім Мәсімов пен оның орынбасары Әнуар Садықұлов билікті күшпен басып алуға бағытталған мемлекеттік опасыздық және іс-қимыл жасады деген күдікпен қамауға алынды.
 
 Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны