27.04.2022, 17:36 15546

Рудныйда студенттердің жаппай улануы: асхана қызметкерлерінен стафилококк табылды

Рудныйда студенттердің жаппай улануы: асхана қызметкерлерінен стафилококк табылды
Сурет: Depositphotos
РУДНЫЙ. 27 СӘУІР - Рудныйдағы колледж асханасының үш қызметкерінен патогенді алтын стафилококк анықталды, деп хабарлайды KAZAKHSTAN TODAY Қостанай облысы санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
 

Зертханалық зерттеу нәтижелері бойынша асхананың 3 қызметкерінен патогенді стафилококктың тасымалдануы анықталды, дайын өнімнің барлық үлгілері микробиологиялық көрсеткіштерге сәйкес келмеді. Ауруханаға жатқызылған студенттердің талдауларында патогенді алтын стафилококк анықталды. Инфекцияның көзі қоғамдық тамақтандыру қызметкерлері болуы мүмкін", - деп хабарлады Қостанай облысының СЭБД.

 
Ведомствоның мәліметінше, тексеру барысында санитарлық ережелерді бұзу фактілері анықталды: тамақ өнімдерін сапасы мен қауіпсіздігін растайтын құжаттарсыз пайдалану, сақтау шарттары мен пісіру технологиясын бұзу.
 
Мамандар індет ошағында профилактикалық және эпидемияға қарсы іс-шаралар жүргізді.
 
Тексеру нәтижелері бойынша қолданыстағы заңнамаға сәйкес шаралар қабылданатын болады.
 
Естеріңізге сала кетейік, Қостанай облысында ағымдағы жылдың 20-21 сәуір аралығында Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының "Рудный тау-кен-технологиялық колледжінің" КМК студенттері арасында тамақтан улану бойынша топтық жағдай тіркелді. Жұқпалы аурулар бөліміне барлығы 14 адам жатқызылды.
 
 Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны